Ит пен мысық ауыз жаласса, аспазға қарсы ымыраласқандықтың нышаны.
Кіріспе
70 жыл жалғасқан қырғи қабақ суық соғыс аяқталып, Берлин қамалы құлаған соң АҚШ әлемдегі жалғыз көшбасшы мемлекет болу мүмкіндігіне қол созды. Кеңестер одағы ыдыраған соң қаржы және экономика, әскер, қару-жарақ, спорт, өнер, мәдени тұрғыда АҚШ-қа төтеп беретін мемлекет әлемде болмады. Атлант және Тыных мұхиттарына егелік еткен теңіз флоты, Азия, Европаға жапа-тармағай орналастырылған құрлық әскерлері, әлемді уысына кіргізген банк жүйесі, ірі корпорациялар мен доллар АҚШ-ты бұрын-соңды жер бетінде болмаған ең алпауыт империяға айналдырды. Аталмыш басымдықтарын пайдаланған АҚШ өткен 27 жылда өз қалауын әлемнің өзге елдеріне тықпалаумен келді. Сондай-ақ, қажет жағдайда экономикалық, қаржылық тетіктер мен әскери күш қолданып hegemony болу үдерісін жалғастырумен болды.
Жаңа одақ
Осылайша жаһандану, бір полюсті әлемге айналу үдерісі сәтті жүзеге асып жатқанда «пәле аяқ астынан» демекші бейбітшілікті жақтаушы, колонияға қарсы көзқарастағы Обама АҚШ-тың 44 Президенті болып сайланбасы бар ма?! Ол АҚШ-тың жасаған соғыстары үшін кешірім сұрап, ешқашан соғыс бастамаймын деп ант су ішті. Осы уәдесі үшін оған Нобельдің бейбітшілік сыйлығы берілді. Неғұрлым ішке бағытталған саясат жүргізіп, АҚШ-тың 250 жылдық тарихында қоғамда бағаланбаған гейлердің жанұя құруы, әлеуметтік қамсыздандырудың социалистік жүйесі, мариухананы заңдастыру, қоғамдық әділет қатарлы мәселелерге баса назар аударды. Алайда, осы қарсаңда жалғанды жалпағынан басқан АҚШ-қа қарсы жаңа одақ біртіндеп пайда бола бастаған еді.
Бұдан бұрын мәдениет, дін, саяси тұрғыда тікелей байланысы жоқ, өзара тым етене жақын емес Иран, Қытай, Ресей қатарлы үш алып держава бір біріне бүйрек бұра бастады.
Мақаланы толығырақ оқу үшін сілтемеге өтіңіз.