KAZNEWS – 2018 жылғы соңғы статистикалық мәлімет бойынша Баян-Өлгий аймағының халқының саны 103100 адамға жетті. Жыл соңына дейін 1500 адамға көбейіп, 1,5% -бен өскен.
Халықтың демографиялық жағдайы туралы нақты талдау берсек, 2018 жылы 2919 сәби дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 70 –ке артқан.
Жалпы халықтың 34,7 пайызын 15 жасқа дейінгі балалар, 5,4 пайызын 60 – жастан жоғары азаматтар иеленіп отыр. Аймақ халқының 60 пайызын 16-59 жас аралығындағы азаматтар иеленеді.
Ал, Баян-Өлгий аймағының экономикалық белсенді халықтың саны бойынша батыс Моңғолияда бірінші орында тұр. Жұмыссыздық деңгейінің үлесі өңірде 9 пайызға жеткен.