KAZNEWS – Футзалдан Баян-Өлгий аймағының құрама командасы «Ұлттық кубок – 2019» турнирінің финалына жолдама алды.
Ұлттық кубоктың бірінші турында Говьсүмбэр аймағын 12:6, Булган аймағын 11:7, Өвөрхангай аймағын 15:6, Дундговь аймағын 26:8 ұпайымен жеңіп жартылай финалға өткен болатын.
Жартылай финалда Сүхбаатар аймағының аяқ доп шеберлерімен кездесіп, 12:8 есебімен ұтып финалға өтті.
/2019.01.30/ Бүгін финал! Баян-Өлгий аймағының құрамасы Увс аймағымен кездеседі .
Сонымен қатар, «Ұлттық кубок – 2019» турнирінің бірінші кезеңінде үздік шабуылшылар да анықталып жатыр.
Бүгінгі кесте бойынша, Баян-Өлгий аймағының футболшысы Б.Антон 27 гоол соғып ұлттық кубокта көш бастап тұр. Б.Ертіс 21 голымен екінші орынға жайғасты. Үшінші орын 17 гол соққан Увс аймағының футболшысы П.Буянхишигке бұйырған.