Connect with us

Сайлау / Сонгууль

Сайлау: Баян-Өлгий аймағынан атын ұсынушы 173,0 млн төгрөг жұмсауына болады

Published

on

KAZNEWS – Кеше Ұлттық аудиттен Парламент сайлауына партия, блоктан және дербес атын ұсынушылардың сайлау науқанына жұмсалатын сомасын жариялады. Бұрын сайлауға жұмсалатын қаржыны Орталық сайлау комиссиясы тоқтатып келген болса, сайлаудың жаңа заңы бойынша бұл міндет Ұлттық аудитке жүктеліп отыр.
2016 жылғы сайлау науқанына 3,4 млрд төгрөг жұмсауға рұхсаттап отыр. Бұл 2012 жылғы сайлауға жұмсалған қаржыдан үш есеге аз.
Бір сөзбен айтқанда Парламент сайлауына атын ұсынған үміткер өз аумағына ең көп дегенде 171-247 млн төгрөг сомасындағы қаржы жұмсайды. Мысалға Увс аймағынан атын ұсынушы 171 млн төгрөгтен артық емес қаржы, ал Баян-Өлгий аймағынан атын ұсынушы 173,0 млн төгрөгтен артық емес қаржыны жұмсауына болады.

2012 жылғы сайлауда Баян-Өлгий аймағынан атын ұсынушының жұмсауға болатын қаржысы 219,9 млн төгрөг болған.
Естеріңізге сала кетсек, Моңғолия Парламент (МҰХурал) сайлауы 29 маусым күніне белгіленіп отыр.

Сайлау / Сонгууль

Моңғолияда 9 маусым күні президент сайлауы өтеді

Published

on

24 мамыр, KAZNEWS. Бүгін Моңғолияда ресми түрде 9 маусымда өтетін президент сайлауына үгіт-насихат науқаны басталды.

Моңғолияда осымен сегізінші рет мемлекет басшысы тағына сайлау өткізілмек.

Бұған дейін 1993, 1997, 2001, 2005, 2009, 2013, 2017 жылдары сайлау өткен.

Моңғолия Президенті сайлауына Моңғол халық партиясынан Ухнаагийн Хүрэлсүх, Демократиялық партиясынан Содномзундуйн Эрдэнэ, “Дұрыс адам электораты” коалициянан Дангаасүрэнгийн Энхбат бақ сынайды.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, кестеге сәйкес дауыс беруге бір тәулік қалғанда яғни 7 маусымда түнгі сағат 00:00 –де сайлау алды үгіт насихат науқаны тоқтайды.

Дауыс беру маусымның 9 күні өтеді.

Continue Reading

Сайлау / Сонгууль

Аймақтық Сайлау комиссиясы мүшелерімен таныс болыңыздар!

Published

on

Баян-Өлгий аймақтық Сайлау комиcсиясы сәуірдің 20-сы күні алғашқы жиналысын өткізіп, ұйымдастыру мәселелерін талқыға салды.

Аймақтық сайлау комиссиясы басшысына Аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының хатшысы А.Серікболат, хатшысына Аймақ әкімі іс басқармасы Заң бөлімі аға маманы Ө.Тиянақ, мүшелеріне Кәсіптік білім және өндірістік орталық оқу менеджері Т.Жарас, Мемлекеттік тіркеу бөлімінің Азаматтық тіркеу бөлімшесі басшысы Д.Аманбек, Мамандық бақылау басқармасы бөлім басшысы Х.Бауыржан, Өлгий сұмындық жалпы білім беретін 2 – мектеп ұстазы А.Толқын, Өлгий сұмыны әкісі іс басқармасы маманы Қ.Берден, АӘІБ-ның Мұрағат бөлімшесі басшысы Б.Досжан, Білім, мәдениет және өнер басқармасының маманы К.Серікгүлдер тағайындалды.

 

Continue Reading

Сайлау / Сонгууль

Моңғолияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

Published

on

Моңғолия тарихында алғаш рет президент сайлауының екінші кезеңі өтеді. Бұл екінші кезең 7 шілдеге жоспарланды. Өйткені саяси науқанның алғашқы кезеңінде ешбір үміткер межелі 50 пайыздан астам дауысқа ие бола алмады, деп хабарлайды Kaznews.mn.
Айта кету керек, президент сайлауы Моңғолияда осымен жетінші рет өтіп жатыр. Биыл елге басшы болуға ниеттенген үш кандидат сайлауға түскен болатын. Енді екінші кезеңде көп дауысқа ие болған екеуі бақ сынайды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Демократиялық партия үміткері Халтмаагийн Баттулга көш бастап тұр. Оны сайлаушылардың 38 пайызы қолдаған. Ал басты қарсыласы биліктегі Моңғол халық партиясының кандидаты Миеэгомбын Энхболдты халықтың 30 пайызы жақтаған.
Сонымен қатар, үшінші үміткер Сайнхүүгийн Ганбаатар осал қарсылас емес екендігін көрсетті. Ол, халықтың 30 ға жуық пайызын жинаған.

Continue Reading

Сайлау / Сонгууль

Моңғолияда 26 маусымда президент сайлауы өтеді

Published

on

KAZNEWS – Бүгін Моңғолияда ресми түрде 26 маусымда өтетін президент сайлауына үгіт-насихат компаниясы басталды.
Моңғолияда осымен жетінші рет мемлекет басшысы тағына сайлау өткізілмек. 27 –ші мамырда Орталық сайлау комиссиясы ел президентіне үміткер үш кандидатты тіркеген.
Моңғолия Президенті сайлауына Моңғол халық партиясынан Миеэгомбын Энхболд, Демократиялық партиясынан Халтмаагийн Баттулга, Моңғол халық революцияшыл партиясынан Сайнхүүгийн Ганбаатар бақ сынайды.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, кестеге сәйкес дауыс беруге бір тәулік қалғанда яғни 24 маусымда түнгі сағат 00:00 –де үгіт насихат компаниясы жабылады.
Дауыс беру маусымның 26 күні өтеді.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде7 days ago

ҚР-ның Президенті адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққы қол қойды, деп хабарлайды Моңғолиядағы ҚР-ның Елшілігінің баспасөз қызметі. Адам...

Әлемде7 days ago

Вакцина қабылдаған Моңғолия азаматтары Қазақстанға емін-еркін кіре алады

Бүгіннен бастап Венгрия, Таиландия мен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz. ҚР-ның Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің...

Дерек2 weeks ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек3 weeks ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек1 month ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Дерек1 month ago

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

17 мамыр, KAZNEWS. Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең...

Дерек1 month ago

Карантиндегі өзгерістер және вакцина жайлы жастардың пікірі

16 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияда коронавирус инфекциясы 2020 жылдың қараша айында анықталып, елде әртүрлі деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, халықты үйден шықпауға...

Әлемде2 months ago

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен...

Басты назарда