Connect with us

Спорт

Боксшыларымыз Chingis Cup халықаралық турнирінің басты фавориті бола ала ма?

Published

on

KAZNEWS – 17-23 қазан күндері Улаанбаатар қаласында Chingis cup халықаралық жарысы өтеді. Бұл жарысқа Моңғолия, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, ҚХР, Германия және Нигериядан былғары қолғап шеберлер қатысады. 60 келіде өнер көрсететін олимпиада ойындарының жүлдегері Д.Отгондалай қыркүйекте өтетін халықаралық жарысқа қатысу үшін жарыстан босатылған.
Олардың арасында жерлестеріміз де бар. Аталмыш жарысқа мықты дайындықпен шығу үшін 49 келіде өнер көрсеткен Т.Жолдасбек, 52 келіде А.Нұрлан, +91 келіде Т.Ерболат қатарлы боксшыларымыз Қазақстан Республикасында өткен бірнеше халықаралық турнирлерге қатысып, тәжірибе жинап қайтты.
Ақтауда және Шымкентте өткен жарыста Т.Ерболат қола, шымкенттегі жарыста А.Нұрлан қола жүлдені қанжығаға байлады.
Боксшыларымыздың басты қарсыластары кімдер?
Chingis cup турниріне 49 келіде Жолдасбек Тақтияналұлы өнер көрсетеді. Басты қарсыластары М.Гандулам, Х.Энх-Амар.
52 келіде Нұрлан Асқарұлы, басты қарсыластары Э.Цэндбаатар, Идэрхүү.
60 келіде Еркін Жамантайұлы, басты қарсыластары Б.Билгүүн, Б.Жавхлан, О.Батхүү.
81 келіде, Бекнұр Қалиұлы, басты қарсыластары С.Эрдэнэбаяр, Ибрайым Тілеуханұлы.
Бұл жолғы сайысқа -91 келіге дейінгі боксшылар қатыспайды.

Спорт

Моңғол елінің спортшылары асық атудан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Published

on

05 желтоқсан, KAZNEWS. Астанада тұңғыш рет асық атудан Азия чемпионаты 1-4 желтоқсан күндері өтті. 

Азия чемпионатына 9 елден, атап айтсақ, Қазақстан, Моңғолия, Үндістан, Қытай, Алтай өлкесі (Ресей), Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Пәкістаннан келген 80-ге жуық спортшы қатысты.

Чемпионат аясында барлық команда тартысты додаға түсті. Қазақстан құрамасының қос командасы финалдық ойында өзара бақ сынасты.

Нәтижесінде, асық атудан Қазақстан құрамасының қос командасы бірінші және екінші орын алса, Қырғыз елінен келген саңлақтар 3-орынға табан тіреді.

Команда мүшелері Аятханқызы Даргерхан, Даркенқызы Аякөз, Тілегенқызы Рая, Құрметқызы Айнұр 

Әйелдер арасында өткен “Бес асық” ойыны бойынша Қазақстан құрамасының командалары алғашқы екі орынды бөліссе, үшінші орынды Моңғол елінің спортшылары иеленді.

 

Continue Reading

Спорт

Қазақ қызы жиу-житсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Published

on

12 қараша, KAZNEWS. Моңғолиялық Қымбат Батайқызы Әбу Дабиде (Біріккен Араб Әмірлігі) өтіп жатқан “World Pro JiuJitsu Championship 2022” жарысында көк белбеулер арасында 62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, әлем чемпионатының күміс  жүлдегері атанды.

Жарыс қарашаның 19 күні аяқталады. 

Естеріңізге салсақ, Қымбат Батайқызы бұған дейін жиу-житсудан 2020 жылғы ел біріншілігінде чемпион атанған болатын.

Continue Reading

Спорт

Баян-Өлгий аймағында туған Ерғали Шәмейұлы пара жүдодан әлем чемпионы атанды

Published

on

09 қараша, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында туып, Қазақстанға қоныс аударған пара дзюдошы Ерғали Шәмейұлы әлем чемпионы атанды.

Ол Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен пара дзюдодан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында 73 келі салмақта сәтті өнер көрсетіп, Германия спортшысы Сасс Леннартты жеңді.

Ерғали Шәмейұлы Қазақстан құрамасының қоржынына пара жүдодан әлем чемпионатының екінші “алтынын” қосты.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін 48 келі салмақта Ақмарал Науатбек чемпион атанған болатын. Ол паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, франциялық Аурериес Мартинет Сандриннан басым түсіп, қазақ тарихында алғашқы әйелдер арасындағы алтын медальді сыйлаған болатын.

Continue Reading

Спорт

Жандос Құрманғазыұлы Семей қаласындағы турнирде чемпион атанды

Published

on

07 қараша, KAZNEWS. Семей қаласында таэквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты және ITF халықаралық турнирі аяқталды.

ITF таэквондодан өткен халықаралық турнирде Моңғолия құрамасының мүшесі Жандос Құрманғазыұлы 58 келі салмақта чемпион атанды.

Жарысқа Моңғолия, Қырғыз және Ресей елдерінен, Қазақстан Республикасының әр өңірлерінен барлығы 700 ге жуық спортшы қатысты.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек3 days ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек2 weeks ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек2 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек3 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек3 months ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Дерек3 months ago

Моңғолияның 2050 жылға дейінгі стратегиясының 9 бағыты

Моңғолия 2020 жылы елдің “2050 стратегиясын” жасақтаған. Оны ел үкіметі министрлермен, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылармен бірлесе отырып жасаған. 2050 стратегиясы...

Дерек3 months ago

Құтлық Елтеріс қағанға арналған көне түркі дәуіріне тиесілі ғұрыптық кешені табылды

KAZNEWS. Улаанбаатар. 2022 жылғы 25 тамыз – Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия академиясының Тарих және археология институты бірлесіп жүргізген «Номгон-2022»...

Дерек4 months ago

Шахматтың жаңа жұлдызы Б.Мөнгөнзул туралы 10 дерек

12 тамыз, KAZNEWS. Үндістанның Ченнай қаласында шахмат олимпиадасы деп аталатын 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы жүріліп өтті. Моңғолиядан Э.Гурванбаатар бастаған ұлттық...

Басты назарда