Connect with us

Лайфстайл

МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ – үздік білім ордасы

Published

on

Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан жас талапкер үшін өмірінің жаңа бір кезеңі ашылады. Бұл кезең – қызыққа толы тәтті шақ “студенттік өмір”. Талабы мен қалауына сүйеніп мамандық таңдаған талапкер жоғары оқу орнына түседі. Кешегі мектептегі оқушы ендігі кезекте студент атанады. Міне, дәл осы студенттік шақты көңілді, әрі болашақ үшін пайдалы етіп өткізу үшін және жан жақты тұлға болып қалыптасу үшін жоғары оқу орнының қосар үлесі зор.
Жоғары оқу орны студентті белгілі бір мамандық иесі, қазіргі заманғы қоғамда өз орнын таба алатын жеке тұлға және алдағы жауапкершілік пен қиыншылықтарға толы өмірге бейім адам етіп қалыптастыратын тәрбие ошағы болып табылады. Сондықтан, жоғары оқу орнын таңдаған кезде өте мұқият болу қажет. Өмірімде де дәл осындай маңызды таңдау қажеттігі туғады. Соның бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды. Қазіргі таңда осы киелі білім ордасының студенті болуға және осы таңдауға ешбір өкінбейсің.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті сексен жылдан астам тарихы бар, білікті профессорлар мен ұстаздар ұжымы қызмет ететін, шетелдік университеттермен тең дәрежелі серіктестікке ие, Қазақстанның түкпір-түкпірінен білім нәрімен сусындау үшін келген ең білімді, ең дарынды, озат студенттердің ордасы. Университет қабырғаларында студенттерге сапалы білім беріледі, сондай-ақ суденттерге өздерінің табиғи дарыны мен қабілеттерін шыңдау үшін алуан түрлі мүмкіндіктер бар. Осындай мақсатта, университетте көптеген студенттік ұйымдардың басын қосатын Жастар Ұйымдарының Комитеті жұмыс істейді. Мұнда әрбір студент әртүрлі ұйымдардың жұмысымен және мақсатымен таныс болып өзінің жанына жақын ұйымға мүше бола алады. Университет тарапынан да студенттерге көптеген жағдайлар жасалған. Мұның бірден бір көрінісі – Алматының тау бөктеріндегі студенттік қалашық. ҚазҰУ-нің студенттік қалашығын оның көлемі мен масштабын ескерсек “қала ішіндегі қалашық” деп атасақ та болады. Мұнда студенттер сарайы, оқу корпустары, заманауи кітапхана, оқу корпустары, жатақхана блогы және студенттерге қызмет көрсету орталығы “Керемет” орналасқан. Сонымен қатар, студенттерге қызмет көрсету орталығының бірінші қабаты студенттердің қажеттерін қамтамасыз ету үшін медициналық орталық, кинотеатр, супермаркет, дәріхана, тіпті кір жуу блогтарымен жабдықталған. Студенттерге қойылатын талап ҚазҰУ студентінің кодексіне сәйкес абыройлы студент атағына кір келтірмей білім нәрімен сусындау…Сөз соңында, ҚазҰУ-де шынымен де барлық армандар жүзеге асады дегіміз келеді.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың аға оқытушылары:

Дауытова Ж.К., Тойғанбекова М.Ш., Наралиева Р.Т

Advertisement


Лайфстайл

КӘСІБИ БАҒДАР БАҒЫТЫНДА БІЛІМ АЛУДЫҢ БАСЫМДЫҒЫ

Published

on

Отанына адал қызмет ету – әрбір адамның қасиетті парызы. Отанын сүйген азамат өз еліне пайдалы қызмет еткісі келеді. Әрине, мектеп түлектерін, талапкерлерді мазалайтын бір өзекті сұрақ бар. Ол – болашақ мамандығын таңдау мәселесі? «Елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Бірақ елімнің болашағы үшін кім болғаным дұрыс», деген сұрақтар оларды мазасын алады. Мамандық таңдау оңай шаруа емес. Себебі мамандық – адамның өмірлік серігі. Мамандық адамның өмірлік таңдауы. Біздің университеттің тыңдаушысы Баубек Лиза өзінің мамандық туралы түпкілікті шешімін қалай қабылдағаны туралы былай дейді: «Мектепте бастауыш сыныпта оқып жүрген кездерімде алғаш дәрігер болуды армандайтынмын. Ақ желең киген осы абзал жандар маған өте ұнайтын. Ата-анам, ұстаздарым да, үйдегілердің бәрі дәрігер болғың келсе, сабағыңды беске оқуың, озат оқушы болуың керек, дейтін еді. Бұл сөзді құлағыма құйып, зердеме қатаң түйген мен сабақты өте жақсы оқыдым. Қосымша сабақтарға, көркемөнерпаздар үйірмесіне қатыстым. Би билеуді айрықша жақсы көретін болғандықтан, биден өнер сайысына қатысып жүрдім. Сайыстарда кейде бас жүлде, кей кездерде бірінші, екінші орындарды иелендім. Өсе келе бала кездегі ойымнан айнып, заң саласына қызыға бастадым. 9-сыныптан 11-сыныпқа дейін заңгер болсам ба, деп ойлап жүрдім. Осы ойдың жетегінде жүрген мен қоғамтану және құқықтану пәндерін зер сала оқыдым, заң саласына қатысты білім сайыстарына да белсене қатысып жүрдім. Білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болуым, менің заң саласына деген қызығушылығымды арттырып, білімімді жетілдіре түсті. Заңгер болсам деген арманның жетегінде Түрік лицейіне емтихан тапсырдым. Емтиханды ойдағыдай тапсырған соң, 11-сыныпты осы Түрік лицейінде жалғастырдым. Моңғолияда жүргенімде 650-700 аралығында балл жинап, университетке оқуға түстім, дегенмен де көңілімді бір ой мазалай берді. Атамекенімде ана тілімде білім алсам деген арман мені атажұртқа тартты да тұрды». «Ал үлкен арманның жетегімен Қазақстанға келдім, қазір қазақтың қара шаңырағы атанған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде білім алып жүрмін», – дейді Моңғолиядан келген тыңдаушымыз Баубек Лиза. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келіп даярлық курсына тест тапсырып, оң нәтижемен оқуға қабылданғанымды өзімнің үлкен жетістігім, деп санайды. Даярлық курсында негізгі бес пән бойынша ана тілімде оқып жүрмін. Даярлық курсына келгенде, Лиза атамекеніне ана тілінде білм алу үшін келгенінде әуелі заңгер болсам ба деп ойлаған. Алайда ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздары құжаттарды қабылдау барысында отандық білім беру саласындағы сан түрлі мамандықтармен таныстырғанда, заңгер болсам деген пікірін өзгертіп, шет тілдер саласына қатысты мамандықты таңдаған екен. Себебі шет тілдер саласы бойынша білім алу қазіргі жаһандану жағдайында үлкен сұранысқа ие мамандықтың бірі болуыма мүмкіндік береді. Отандық және әлемдік еңбек нарғында бәсекелестіктің артуы, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану қажеттілігін одан ары дамыта түсуде. Сондықтан еңбек нарығында да, экономикада бәскеге қабілеттілігі төмендемейтін, әрқашанда сұранысқа ие мамандықтың бірі тіл маманы болуды түбегейлі шешім қабылдаған. Тіл дегеніміз әлем ғажайыптарының сырын білуге, өзге халықтармен танысып-білісуге кеңінен жол ашатын мамандық. Шет тілі маманы дипломатиялық қатынаста да, ауыр-жеңіл өнеркәсіптің аударма саласында да, білім беру барысында сұранысқа ие бола алады. Бұл – үлкен өмірде игі бастамаларды жүзеге асыруға қол жеткізе аласың деген сөз. Даярлық курсында тыңдаушылар негізгі пәндер бойынша ана тілімізде қарқынды оқыту жүйесімен орта білім алумен қатар, болашақ мамандығы бойынша да бағыт-бағдар алады. Кафедра оқытушылары мен куратор-эдвайзерлер «Мамандықтың бәрі жақсы», «Мың түрлі мамандық», «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» деген тақырыптарды кәсіби-танымдық іс-шаралар өткізеді. Мамандықтарымен терең таныстыру мақсатында болашақ білім ордаларының факультеттеріне, жұмыс орындарына танымдық саяхат сабақтарын ұйымдастырады. Мамандық бойынша кәсіби бағдар бере оқытудың өзіндік басымдығы бар, білім алушылар, болашақ мамандығы туралы қажетті ақпараттар да алады. Кәсіби-танымдық саяхат сабақтары мамандықпен жақын танысуына мүмкіндік береді. Кәсіби-танымдық сабағында осы мамандық иелері бізге өздерінің жұмыстары туралы, бұл мамандық иелерінің келешекте қандай перспективалар күтіп тұрғандығы туралы әңгімелеп берді. Болашақ мамандығының қыры мен сырын жете түсіну арқылы, талапкерлер бұл жұмыстың артықшылықтары мен өзіндік қиындықтары да болатынын түсінеді. Әрине, еңбек жолында ең жетістікке жетелейтін негізгі фактор – кәсіби бағдарлық жүйемен терең білім алу, себебі сапалы білім алған бүгінгі студент – ертеңгі білікті маман. Өмірден өз жолын тапқан адам – бақытты жан. Кәсіби бағдармен білім беру басымдығы стратегиялық маңызы зор оқу жүйесі болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары:
Мырзахметова А.К., Наралиева Р.Т., Тойғанбекова М.Ш.

Continue Reading

Лайфстайл

ҚазҰУ – ұлттық рейтингтің абсолюттік үздігі

Published

on

Ұлттық университеті жоғарғы орынды иеленді. Биылғы жыл ҚазҰУ үшін өте табысты жыл болды, ТМД елдерінің ішінде QS Stars – «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісін алды.
Елімізде жоғары білім беру саласында «қазақтың қара шаңырағы» атанған ҚазҰУ өзінің ұлттық рейтнигтің көшбасшысы, абсолюттік үздігі екенін ағымдағы оқу жылы тағы да іс жүзінде дәлелдеп берді.
Отандық қана әлемдік ғылым мен білім кеңістігінде өзіндік орны бар ҚазҰУ БҰҰ-ның сеніміне ие болды.
БҰҰ-ның шешімімен біздің университет» ҚазҰУ, «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабына 2020 жылы жетекшілік ететін болды.
Қазақстандағы отандық ғылым мен білім саласындағы ұлттық рейтингтің лидері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Quacquarelli Symonds консалтинг компаниясының жасаған рейтинг бойынша әлемдегі топ-500 үздік Жоғары оқу орындарының ішінен 236-орынды иеленіп, тек отанымызда ғана емес Орталық Азия елдерінің арасында топ бастап тұр. Ал еліміздегі тағы да бір жетекші оқу орнының бірі Л.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық университеті ҚазҰУ-ден кейін 350-орынға орналасты. Бұл рейтингтің көшбасшысы Массачусет Технологиялық университеті, екінші орында Стэнфорд университеті, келесі сатыларда Гарвард, Кэмбридж және Калфифорния университеттері тұр. Былтырғы жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті QS World University Ranking рейтингінде 275-ші, Л.Гумилев атындағы Евразиялық бес университетке берілді. Ресейдің төрт университеті мен біздің ҚазҰУ. ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде тұңғыш рет QS Stars – «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісіне ие болды. QS Агенттігінің 2018 жылы жүргізген дербес бағалау қорытындылары бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы ғылым мен білім кеңістігінде «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісін алғаш болып иеленген тұңғыш та жалғыз университет. 0-ден 5 жұлдызға дейінгі QS рейтингісі әлемдегі жоғары оқу орындарының кең ауқымды қызметін белгілейтін және университеттердің жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтайтын 50-ден астам көрсеткіштерді кешенді талдау нәтижесінде анықталады. ҚазҰУ-ға QS «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісінің тағайындалуы – біздің университеттің жоғары халықаралық беделге ие екендігі мен жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігінде көшбасшылық орынға ие екендігінің дәлелі. Артықшылық жұлдыздары университеттің мықты тұстарын көрсетеді және серіктестер мен оқуға түсем деуші талапкерлеге жоғары оқу орнын таңдауға көмектеседі.Осылайша, ҚазҰУ бірқатар кейбір көрсеткіштер бойынша «5 жұлдыз» иеленді, атап көрсетсек, білім беру қызметтерін көрсетуі, интернационизациялану деңгейі, инфрақұрылым және инклюзивті білім беру жүйесін дамыту жұмыстары бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
2017 жылы шілде айында елімізде білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің айқындауы бойынша отандық ЖОО оқу орындарының Ұлттық рейтингттің көшбасшысы болып отыр. Ендігі меже: әлемнің ТОП-200 жетекші ғылыми-зерттеу университтер құрамына енуді көздеген ҚазҰУ 2015-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоба қабылдады. Жобада негізгі 6 стратегиялық бағыт белгіленді:
1. Білім беру қызметінің сапасын арттыру;
2. Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет сапасын арттыру және дамыту;
3. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
4. Тәрбие және әлеуметтік жұмысты жақсарту; жастарды мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатыстыру
5. Инфрақұрылымды дамыту және жаңа информациялық технологияларды енгізу
6. Қаржы-экономикалық қызмет
Әлемдегі үздік 250 ЖОО оқу орындарының арасына енген, екінші ұстаз атанған дана бабамыз Әл-Фараби есімін иеленген ҚазҰУ осы ұлы атқа лайық екенін тағы да дәлелдеп берді. Бұл жетістіктер ҚазҰУ еңбек ұжымының, ұстаздардың қажырлы еңбегі мен университет басшылығының жұмысты парасатты да сапалы ұйымдастыру білуінің арқасы екендігінде сөз жоқ. Отандық және шетелдік жұмыс нарығында бәсекеге қабілетті жоғарыбілікті де білімді мамандарды даярлап, кадр потенциалын құруды басты мұраты еткен ҚазҰУ-лықтардың негізгі мақсаты – классикалық ұлттық университеттен әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу. Қорыта айтқанда, биылғы жыл ҚазҰУ үшін өте жемісті жыл болды. Алдағы оқу жылы университет үшін ерекше жыл. Университеттің мерейтойына қомақты табыспен даярлықты бастаған ҚазҰУ мәртебесі бұдан да биіктей беруі үшін университеттің ұжымы аянбай қызмет етеді.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың аға оқытушылары: Тойғанбекова М.Ш.,
Наралиева Р.Т., Дауытова Ж.Қ.

Continue Reading

Лайфстайл

Велосипед міну денсаулыққа пайдалы

Published

on

Ғалымдардың ауқымды зерттеу нәтижесіне қарағанда жұмысқа велосипедпен жүру ерте өлім қаупін азайтатыны анықталды, деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

«New Atlas интернет парақшасының хабарына қарағанда, Imperial College Лондон ve Cambridge университетінің ғалымдары Ұлыбритания мен Галлерде 1991-2016 жылдар арасында жұмысқа барып-келген 300 мың адамға байланысты зерттеу жүргізген.

Нәтижелері «The Lancet Planetary Health» журналында жарияланған зерттеуде жұмысқа велосипедпен барып-келгендердің көлік мінгендермен салыстырғанда ерте өлім қаупінің 20 пайызға, жүрек-қан тамырлары ауруынан өлім мөлшерінің 24 пайызға азайғанын байқаған. Сонымен бірге велосипед мінген топта обр дертіне шалдығу мөлшерінің де 11 пайыз азайғаны анықталған», – деп жазады TRT.

Continue Reading

Лайфстайл

Биыл жазда қандай киімдер сәнде болады – дизайнерлер кеңесі

Published

on

Биыл қанық қызыл, қызғылт, классикалық көк түстен тігілген киімдер трендте болады. Дизайнерлер жазда арты ашық жейде мен көйлектер сәнге келетінін айтты.

2020 жылдың жаз мезгілінде өткен ғасырдың 80-90 жылдарындағы жейделер трендке оралады, сонымен қатар ақ пен қызғылт түсті киім сәнде болады. Қазақстандық дизайнерлер алдағы үш айда қандай киім мен әшекейлерді тағу керек екенін айтып берді.

Дизайнер Дәмилә Жұмабектің айтуынша, жазда арты ашық жейде, блузка мен көйлектер сәнге келеді.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by (@damilya_zhumabek) on


“Арты ашық тігілген көйлектер сәнде болады, оның бір ерекшелігі – ыстық күнде терлетпейді. Жеңі кең және кең пішілген көйлек, жейделер сәннен кете қойған жоқ, керісінше маталары жұмсарып, түрі көбейіп жатыр”, – дейді дизайнер.

Тағы негізгі тренд түрі – бахрома қосылып сәнді тігілген көйлек. Сонымен қатар жабық кофталар да сәннен кете қойған жоқ.

“Ерлердің жейдесі секілді тік жағалы әйелдерге арналған кең тұратын жейделер сәнде қалды, алайда бір иығын ашып кию трендке айналып барады. Қазір жейделер сәнді әрі ыңғайлы болу керек деген бағытта тігіледі. Шілтерден тігілген өте нәзік нымша да трендте, оны асты-үстімен бірдей киімнің сыртынан кию сәнге айналды”, – дейді Жұмабек.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by (@damilya_zhumabek) on

Ал биыл жазда ақ пен қызғылт түстен тігілген киімдер сәнде болады. Сонымен қатар жапырақтар суреті салынған жібек матадан тігілген киім жаздың сәніне айналады.

“Шалбарға келер болсақ, джинсы шалбардың етек жағы кішкене тарлау келетін түрі мен кала шалбар сәнге қайтадан келді. Бір кездері адамның денесіне жабысып тұратын киімдерді ұнататындар көп болса, қазір аздап бос тұратын киімді таңдайтындар көбейді. Алайда бұл шалбарларды жейдемен үйлестіре білу керек”, – дейді.

Ал аяқкиімнің ішінде 80-90 жылдары сәнде болған арты ашық аяқ киімдер қайтадан сұранысқа ие болған.

“Аяқкиімнің ең сәнге айналған түрі мюли деп аталады, жазда өте ыңғайлы әрі түрлі-түсті болып шығып жатыр. Бұл аяқкиім өткен жылдан бері сәннен түскен жоқ. Себебі жазда кигенге өте ыңғайлы, бас жағы үшкірлеу, ал арты ашық. Аяққа іліп алып киіп кеткенге өте ыңғайлы. Сондай-ақ, туфлидің бас жағы төрт бұрышты болатын түрі сәнге келді, дөрекілеу көрінгенімен сұранысқа ие”, – дейді дизайнер.

Айтуынша, жазда туфли өкшесінің биіктігі 4-5 сантиметрден аспауы тиіс, ал босоножканың бауы өте жіңішке немесе шынжыр секілді түрі трендте.

Коронавирус сәнге әсер ете ме?

Сонымен қатар дизайнерден коронавирус індетіне байланысты сән әлемінде қандай да бір өзгеріс күтіле ме, осы жайында да сұрадық.

“Жазда дизайнерлер гүлді көйлектерді көп шығарады десек, соған сәйкес масканы да дәл сондай матадан тігу қазірдің өзінде кең тарап жатыр. Алдағы уақытта да бұл үрдіс болып сақталуы мүмкін. Елдегі, әлемдегі жағдай тұрақталса да, біраз уақыт киіммен үйлестіріп маска тағып жүретін боламыз”,- дейді ол.

Қандай әшекей таққан дұрыс?

Ал қазақы оюдан түрлі бұйым жасайтын этнодизайнер Айгүл Жансерікова киізден жасалған бұйымдардың биыл тренде болатынын, сондай-ақ,ою салынған көйлектердің жыл сайын сұранысқа ие болып жатқанын айтты.

“Жазда тағатын алқа, сақина мен сырғаның барлығын киізден жасай аламыз. Ал жаздық көйлекті киізден тігетін кезде оған жібек матаны араластырамыз. Жібектің үстіне жұқалап киіз басып, көйлек тігіледі. Ондай көйлек жазда ыстық тартпайды. Жібектің де түрі бар, жазда жұқа шифон қолданылады”, – дейді Жансерікова.

Айтуынша, киімнің үлгісіне қарай оюдың да көлемін өзгертіп отыру қажет. Мысалы, жеңіл жамылғының оюы ірі болуы керек.

“Киізден жасалған киімге майда ою салу мүмкін емес, барынша ірі оюды саламыз. Ал оюдың көлемі киімнің үлгісіне қарай өзгеріп отырады. Алайда қазақша нақышта болу керек деп барлық жерге ою түсіре беруге болмайды. Жырығы үлкен көйлекке жырық бойымен майда ою салуға болады”,- дейді ол.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Aigul Zhanserikova, Ph.D. (@aigul_zhanserikova) on

Шашқа арналған бұйымдар мен белдіктерді де оюмен әрлеп, қолдан жасауға болады. Әсіресе жазда шашты жинап жүргісі келетіндер көп, дейді дизайнер.

“Жазда оюдың қанық қызыл, қанық көк,ақ пен қызылды араластырып, сондай-ақ, фуксия, шафран, классикалық көк, жалбыз түстес реңктерді қолданған жөн”, – дейді дизайнер.

Спутник

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде1 month ago

Маусымның соңында Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келеді

Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру...

Әлемде1 month ago

Мэнни Пакьяо президент сайлауына түседі

KAZNEWS – Жартылай орта салмақта WBА бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2022 жылы өтетін Филиппин президентін сайлауына үміткер болады. Дәл қазіргі...

Әлемде2 months ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде2 months ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде2 months ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Әлемде2 months ago

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы...

Әлемде2 months ago

Әлемдегі ең таза қала аталды

Австрияның Вена қаласы әлемдегі ең таза қалалардың рейтиінгінде көш бастады, – деп хабарлайды Tengrinews .kz. Дереккөз мәліметінше, Венада қоғамдық көлік...

Әлемде3 months ago

Атажұрттағы аталылар шаңырағы

“Атажұртым шалғайда, Асыға жетер күн қайда?” -деп аталар әңгімесін бастағанда буырыл сақалдары сағыныштың мөлдір кермегіне малшынып шыға келуші еді. Құтты...

Статистика

  • 8
  • 10,180
  • 160,083

Басты назарда