Connect with us

Лайфстайл

Шет тілдерін оқытудың қазіргі инновациялық педагогикалық технологиялары

Published

on

 Жуырда Қазақстандағы жоғары білім берудің флагманы, ғылым мен білімнің тұнығына айналған оқу ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдық мерейтойлық жылында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың (www.kaznu.kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруыменжәне көптілді білім беру ресурстық орталығының бастамасымен «Білім беру. Инновация. Тілдер» атты Мәдени дипломатия Еуразиялық мектебі өтті.

Мәдени дипломатия Еуразиялық мектебініңмақсаты – шет тілдерін оқытудың қазіргі жайы мен болашағын талқылау, пікір алмасу, кәсіби қолдау көрсету.

БұлМәдени дипломатия Еуразиялық мектебінеәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің америкалық және демократиялық зерттеу ресурстық орталығы, «Ресей жоғары оқу орындарының бітірушілері» Қазақстан қоғамдық бірлестігі, «FORWARD SCHOOL» ағылшын тілі мектебі қатысты.

«Білім беру. Инновация. Тілдер» атты Мәдени дипломатия Еуразиялық мектебінің жұмысы барысында қазақстандық және ресейлік сарапшылар О.Н. Козина («Златоуст» орталығы, Санкт-Петербург қаласы, Ресей), Т.А. Кузнецова (Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей), Н.Ж.Шаймерденова.,  И.Н.Кузнецова., Е.С.Воронова (М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы), Д.Б. Аманжолова (Еуразиялық гуманитарлық институты, Нұр-Сұлтан қаласы)лекция оқып, шеберлік класын көрсетіп, белсенділік танытты.

Мектепке қатысушылар шет тілдерін оқытудың теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін қарастырды, сонымен бірге сарапшылар инновациялық педагогикалық технологиялармен таныстырды.

Мектеп жұмысы барысында «Златоуст»(Санкт-Петербург қаласы) баспасы кітап көрмесін өткізді.

Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Мәдени дипломатия Еуразиялық мектебінің қатысушылары практикалық-бағдарлау іс-шарасына белсенді қатыса отырып, «Шымбұлақ», Шарын каньоны, Көктөбе демалыс орындарында болып, Алматы қаласының әкімшілігінің ұйымдастырған Наурыз мерекесін тамашалады.  

Белгілі болғандай, мәдени дипломатия – «жұмсақ күш» саясатының ажырамайтын бөлігі және дипломатияның маңызды ресурсы. Осыған байланысты әртүрлі елдердің мамандарының және жоғары оқу орындарының арасындағы ғылыми, әлеуметтік-мәдени ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығы сөзсіз елдер мен халық арасындағы өзара түсінушілікті жақсартуға алып келеді.

Қатысушылар мәдени дипломатия Еуразиялық мектебінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сарапшылардың кәсіби біліктілігін, тыңдаушылардың белсенділігін жоғары деңгейде бағалады, сонымен бірге бұл Мектептің жұмысы жыл сайын дәстүрлі түрде жүретініне және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алаңына «жұмсақ күшті» таратушы және жетекші әртүрлі елдерден гуманитар-мамандардың жиналатынынаүміт артты.   

А.Е. Саденова.,  ф.ғ.д.,
Ұ.Е. Мұсабекова.,  ф.ғ.д.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының оқытушылары

Continue Reading

Лайфстайл

Шетелдік студенттер Наурыз мерекесін тамашалады

Published

on

Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының АҚШ, Қытай, Корея, Ауғанстан, Түркия, Филиппин, Германия, Испания, Швейцария, Жапония, Вьетнам және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін оқу үшін Қазақстанға келген шетелдік студенттері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шеңберінде және Тұңғыш Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында биылғы жарияланған «Жастар жылында» әл-Фараби алаңында жаңарудың белгісі және халық мәдениетінің көне коды «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты көктем мерекесінің тойлануын тамашалады.

Тұңғыш Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Ұлы даланың жеті қырын айқындап, елдік пен ұлттықтың мәртебесін көтеріп, Ұлы даланың жеті қыры қатарында Қазақстанның алма мен қызғалдақ отаны екендігіне айрықша назар аударып, туған өлке жемісі мен гүлінің қадір қасиетін әлемге паш етті. Осыған орай, бұл күні наурыз мерекесінің бастамасы ретіндеәл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы Жасыл технологиялар аумағында арнайы «ҚазҰУ алма бағы» салтанатты түрде ашылды.Дипломаттық корпустың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік ғалымдар, шетелдік студенттердің қатысуымен «Жемісті болып өссін!» деп алма ағаштары отырғызылды.

Біздің факультетіміздің шетелдік студенттері бұл мерекенің жалғасы ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасы мақаласының желісі бойынша университеттің көркемдік-шығармашылық ұжымы дайындаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты музыкалық-театрландырылған қойылымды тамашалап,бағдарламадағы көрсетілген қазақ даласының ұлы жетістіктері: атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия және аң стилі, Алтын адам және Ұлы Жібек жолы, Қазақстан Түркі әлемінің бесігі ретінде – ұлы ойшылдар мен ғалымдардың, алма мен қызғалдақтың отаны екені және қазақ мәдениетінің дәстүрлерімен танысты.

Шетелдік студенттер бұл мерекеде кампус аумағында тігілген 25 киіз үйлі этноауылдағыәр киіз үйдің мерекелік дастархандарынан дәм татып,қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, ұлттық спорт түрлерінен ойындарды тамашалады,қазақтың дәстүрі мен болмысындағы қонақжайлылықты, кеңпейілділікті, ұлттық тұтастықты, ынтымақ пен бірліктікөріп, өз ришалықтарын білдірді,естелік ретінде фотоға түсті.

Жаһандық əлемдегі заманауи қазақстандық мəдениет жəне еліміздің таирхын əлемге таныту аясында Университеттің рухани-мәдени тұрғыда жоғары деңгейде ерекше өткен«Қош келдің, әз-Наурыз!» атты көктем мерекесінің тойлануын таныстыру арқылы біз мәдениетімізді шетелдік студенттерге дәріптеу.

Бұл, біріншіден, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы шетелдік студенттердің тарихи әрі рухани-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, екіншіден шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы шара болды.

Осы өткізілген мерекелік шара, яғни мәдениетаралық коммуникация шетелдік студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеудеөз үлесін қосты деп санауға болады.

А.Е. Саденова

филология ғылымдарының докторы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасы

Continue Reading

Лайфстайл

Қытай ғалымдары қатерлі ісіктің даму қаупін төмендететін өнімдерді атады

Published

on

Қытай ғалымдары сарымсақ, пияз және порей пиязын қолдану колоректалды обырдың даму қаупін төмендететінін мәлімдеді. Тиісті зерттеу жұмысы Азия-Тынық мұхиты клиникалық онкология журналында жарияланды, – деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.  Сарапшылар колоректалды обырмен ауыратын 833 науқастың және жасы, жынысы, тұрғылықты жері бойынша 833 дені сау адамның деректерін салыстырды. Зерттеу қатысушыларынан тамақтану рационы мен оның жиілігі уақтылы сұралып отырды.  Колоректалды обырдың даму ықтималдығы пиязды көп тұтынған ересектерде 79 пайызға төмен болғаны анықталды. Ғалымдар сарымсақ, пияз және порей-пиязында тоқ ішектегі қатерлі ісіктің даму қаупін төмендетуге көмектесетін қосылыстар бар деген қорытындыға келді. Зерттеушілердің бірі Чжи Ли жұмыс әрі қарай зерделеуге лайық екенін айтты. Колоректалды обыр дегеніміз – тоқ ішектің қатерлі ісігі және оның қосалқысы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, ол қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлерінің бірі.

Continue Reading

Лайфстайл

Оу, жігіт! Гүлдер тілін білесіз бе?

Published

on

By

Гүл – жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс иесі. Олардың ешкімге титімдей болсын зияны жоқ, керісінше айналасындағыларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл сыйлап, адам жанын жадыратып жүруге шебер. Ал сіз осы бір ғажап тіршілік иелерінің тілін білесіз бе? Білмегеніңіз қалай? Әдетте, гүлдердің түсі мен саны өте көп нәрсені білдіріп тұрады. Егер сіз біреудің адал жары, біреудің ақ боз атқа мінген ханзадасы (жігіті) болсаңыз, олардың тілін еркін меңгеруіңіз керек. Өйткені, нәзік жандылар қауымы гүлдермен етене таныс. Олар сіз тарту еткен гүлдердің түсіне қарайды да, бірден санауға кіріседі. Осыдан кейін ниетіңізді бірден түсіне қояды.
Дұрыс таңдалмаған гүл қарым-қатынастарыңызға зиянын тигізбесіне кім кепіл? Қам жемеңіз! Бүгінгі жазба сізді тығырықтан оп-оңай алып шығады.

Есте жоқ ерте замандарда, яғни көркем сөз өнері дамымаған, хат жазу дәстүрі кең тарамаған кезде жігіттер өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін болған деседі. Одан бері қанша ғасыр өтсе де, бұл дәстүр қаймағын бұзбай келеді. Қалыптасқан ереже бойынша, тек тақ санды гүлдерді ғана сыйға тарту керек. Ал оннан кейін қалағаныңызша ала беруіңізге болады.

1 – Егер қызға өзіңіз сүйетін жанның сол ғана екендігін және ол секілді арудың ешқашан да қайталанбайтындығын білдіргіңіз келсе, бір шоқ гүл ғана ұсыну керек.
3 – Үш шоқ гүлді өзіңіз жеті қат аспанға немесе жердің түбіне болсын бірге кеткіңіз келетін перизатқа сыйлауға әбден болады.
5 -“Мен сені сүйемін”. Сіздің жүрегіңіздің үнін бес тал гүл оп-оңай жеткізе алады.
7 – Жеті тал гүлді жұбайыңызға сыйлағаныңыз жөн. Өйткені, бұрынғылар дәл үйлену тойы күні ғана өздерінің жұбайларына жеті шоқ гүл тарту еткен деседі.
9 – Егер бір бойжеткенге достық пейіліңізді жеткізгіңіз келсе немесе әріптестік қатынастарды жақсартқыңыз келсе, тоғыз тал гүл сатып алуға тура келеді.
10 – Бір танысыңыздың көңіл-күйін көтеріп, тіпті жәй ғана жағымды нәрсе жасағыңыз келсе, он тал гүл, түзу ниетіңіз бен шынайы қарым-қатынасыңызды танытқыңыз келсе – он бір тал гүл ұсыныңыз.
12 – Сіз бір қарагөз аруды қатты ренжітіп алдыңыз. Кешірім сұрағыңыз-ақ келіп тұр. Оның алдына баруға бетіңіз жоқ немесе жәй ғана жігіттік намысыңыз жібермейді. Арнайы қызметкерлер арқылы немесе жақын досыңыздан кешірім толы хатыңызды қосып, он екі шоқ гүл беріп жіберіңіз. Қалғаны қыздың құзырында…
13 – Он үш – сәтсіз сан. Сондықтан мамандар 13 дана гүлді өзіңіз жақсы көретін адамдарға сыйламауға кеңес береді.
15– Он бес тал гүлді өзіңіз ерекше сүйіспеншілік танытып жүрген, шексіз сыйлайтын, қатты құрметтейтін адамдарға сыйлаңыз. Анаңызға, әжеңізге, жеңгеңізге, ұстазыңызға тарту етсеңіз, нұр үстіне нұр болмақшы.
Сөз соңында жігіттерге құшақ гүл емес, жапырақ жүректі сыйға тартатын жалғыз “Жібегіңізді” адаспай тауып алыңыз дегіміз келеді.

Дайындаған: C.Айгерім

Continue Reading

Title

Кітаптан үзінді...3 weeks ago

Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар?

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген факт. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді....

Кітаптан үзінді...1 month ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Іскер3 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Кітаптан үзінді...3 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Іскер3 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Кітаптан үзінді...3 months ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Әлемде2 years ago

Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президентін еліне ресми сапармен келуге шақырды

KAZNEWS – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганы еліне ресми сапармен келуге шақырды. Бұл жөнінде ҚР-ның президентінің...

Әлемде2 years ago

Айгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында Италияның Милан қаласындағы Боккони университетінің оқытушысы Айгерім Болатқызы тарихи отанының...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті