Connect with us

Лайфстайл

«Білім. Инновация. Тілдер» атты II Еуразиялық мәдени дипломатия мектебі

Published

on

Жақында Шымкент қаласындағы Оқушылар үйінде II Еуразиялық мәдени дипломатиялық білім беру мектебі өтті. Бұл «Білім. Инновация Тілдер» тақырыбындағы іс-шараны Қазақстандағы «Россотрудничество» өкілдігі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің көптілді білім беру ресурстық орталығы ұйымдастырды. Бұл мектепке Мәскеу, Санкт-Петербург,  Нұр-Сұлтан,  Алматы,  Петропавл, Шымкент қалаларынан 80-нен астам қатысушылар келді.

Бұл іс-шараның мақсаты – Қазіргі білім берудің қазіргі жайы мен болашағын талқылау, пікір алмасу, кәсіби қолдау көрсету.

Ресейлік және қазақстандық ғалымдардың баяндамалары қазіргі білім беру кеңістігінің парадигмаларына арналды. Сонымен, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің тілдік тестілеу орталығының спикері Ирина Юрьевна Ильичева жиналғандарға тестілеу жүйесімен және тест әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен таныстырды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің көптілді білім беру ресурстық орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, доцент Мұсабекова Ұлжан Есенқызы әлемдегі көптілді білім берудің заманауи бағыттары туралы баяндады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы аудиторияға Қазақстан Республикасындағы жаңартылған білім берудің инновациялық үлгісін ұсынды. Филология ғылымдарының докторы, доцент Нарожная Валентина Дмитриевна Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерімен мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастағы ым-ишарат рөлі туралы көпжылдық зерттеу жұмысының нәтижелерін ұсынды.

Бұл II Еуразиялық мәдени дипломатиялық білім беру мектебі аясында  «Заманауи гуманитарлық білім: балаларды қалай және нені оқыту керек» тақырыбы бойынша пікірталас өтті. Талқылау барысында «Еуразиялық мәдени дипломатия мектебі» жобасын одан әрі дамыту перспективалары анықталды.

Осы дипломатия мектебінің жұмысы барысында Қазақстандағы Жастар жылына орай «Қазіргі заманғы жобалар» бөлімінде Қазақстанның талантты жас дизайнерлері мен Ресейдің танымал жас блоггерлерінің тұсаукесері болды. Шымкенттегі Оқушылар сарайына Ален мен Елжан Шаймерденовтердің «Қазіргі әлемдегі қазақтың ұлттық костюмі» және Нұрсұлу Шаймерденованың «Гүлдер ханшайымы» ертегісі негізінде жасалған «Дала қызғалдағы» атты туындылары ұсынылды. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің түлектері Решетникова Анастасия мен Осипова Елизавета «Мәскеу қазақша» бейне блогының тұсаукесері орыс жастарының қазақ мәдениеті мен Қазақстанға деген шынайы қызығушылығының жарқын көрінісі болды. Анастасия мен Елизавета Мәскеудің көрікті жерлерімен қазақ тілінде таныстыруды жалғастыра отырып, өздерінің бейне блогтарының жаңа санын ұсынды. Қысқа мерзім ішінде (бар болғаны 7 ай) «Мәскеу қазақша» жобасы және оны жасаушылар Интернетте жоғары рейтингке ие болды.

II Еуразиялық мәдени дипломатия мектебінің жұмысы үш тілде өлеңдер оқылып, әсем әндер шырқалған, би биленгенмузыкалық-әдеби бағдарламамен жалғасын тапты.

«Білім. Инновация. Тілдер» атты II Еуразиялық мәдени дипломатия мектебінің іс-шаралары ғылыми-рухани тұрғыда қонақтардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

Ұ.Е. Мұсабекова., А.Е. Саденова.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының оқытушылары

Лайфстайл

Жаңа жылда қандай сыйлық сыйлаймын?

Published

on

Мерекеде бастысы қымбат сыйлық емес, көңіл екенін ұмытпаңыз.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жұмыс кестесі тығыз болып, көптеген адам жақындарына сыйлық сатып алуда қиналып жатады. Бірінің уақыты болмаса, екіншілері дұрыс таңдау жасай алмайды. Осы орайда назарларыңызға ерекше сыйлықтар тізбесін ұсынамыз.

Тәтті кәмпит пен печенье

Жаңа жыл мерекесінде алыс-жақын туысқандарыңызға не сыйлайтыныңызды білмесеңіз, әдемі қапталған кәмпит немесе бәліш әзірлеуіңізге болады. Бұл сыйлығыңыз жасы үлкеннің де, кішінің де көңілінен шығатыны сөзсіз. Тіпті, ұнатпай жатса, оны екінші бір адамға сыйлап жібере алады.

Егер Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас салдарынан жоғарыдағыларды әзірлеуге уақытыңыз болмаса, оны арнайы дүкеннен сатып алуыңызға болады. Сондай-ақ, осы дүкен өнімінің сыртын безендіретін байлауыш пен түрлі-түсті қағаз сатып алуды ұмытпаңыз.

Барлығымыз да жан-дүниемізде бала болғандықтан, тәтті тағам ағзамыз үшін антидепрессант ретінде әсер ететіні сөзсіз. Мұнымен қатар, сусындар туралы да ұмытпаған жөн: шай немесе кофе жиынтығы мұндайда таптырмас сый болмақ. Ыстық сусын тәнді ғана емес, көңілді де жылытатын болады.

Печеньеден жасалған үй

Ерекше заттар

Қиялыңызға аздап ерік беретін болсаңыз, Жаңа жыл мерекесіне не сыйлауға болатынын міндетті түрде табасыз. Ол үшін міндетті түрде қымбат сыйлық іздеудің қажеті жоқ. Мысалы, іздегеніңізді кәдесыйлар сататын дүкеннен табуыңызға болады.

Достар мен әріптестерге

Жаңа жылға арналған сыйлықтар мереке кезінде көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, әріптестеріңізбен арадағы ренішті ұмытуға көмектеседі. Мысалы:

  • флешка;
  • визитка салғыш;
  • блокнот;
  • кітап;
  • күнтізбе;
  • танымал брендертер қаламы;
  • үстелге қоятын мүсіндер;
  • термокесе;
  • телефон қуаттағыш;
  • оятқыш;
  • қолдан жасалған сабын;
  • хош иісті шам;
  • арзан сыйлықтар

Жаңа жыл қарсаңында барлығына бірдей сый жасағымыз келетіні сөзсіз. Мұндайда эконом-сыйлықтар көмекке келеді. Кішкене сыйлықтың өзі адамның керегіне жарауы мүмкін.

Қолжетімді сыйлықтарға мысал:

  • ваннаға арналған кішігірім жиынтық;
  • жанатын автоқалам;
  • шыршаға ілетін ойыншық;
  • жүннен тоқылған шұлық;
  • қолғап;
  • планшет немесе телефонға арналған қап;
  • косметика;
  • әмиян.

Пайдалы заттар айтарлықтай қымбат емес. Мұндай креативті сыйлықтар бірінші кезекте оны сыйлаған адам және бірге өткізген уақытты еске түсіреді.

Бірегей сыйлықтар

Айналаңыздағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағыңыз келе ме? Неге әзілдеп көрмес ке?! Ол үшін келесі сыйлықтарға сыйға тартуға болады:

  • Жаңажылдық “Оскар”;
  • түрлі тілек жазылған печенье;
  • көңіл-күй күнтізбесі;
  • армандар жазатын чек кітапшасы;
  • қарға арналған стақан;
  • түнде жанатын бәтіңке бауы.

Енді достарыңызға не сыйлау керектігін білесіз.

Ерекше шешім

Терезеден қысқы көріністі тамашалап отырып, бір сәтке жылы жазға оралғың келеді. Бұл ойыңызды келесі сыйлықтар арқылы жүзеге асыруға болады:

  • трансформер жамылғы;
  • косметика жиынтығы;
  • кеңседе қолдануға болатын жастық;
  • үстел ойындарының жиынтығы;
  • әдемі суреттері бар шәйнектер.

Қарапайым әрі жарқын түсті

Қарапайым кәдесыйлар тамаша жаңажылдық сыйлық бола алады. Минимализмді жақсы көретін жақындарыңызға келесілердің біреуін таңдауыңызға болады:

  • тиын салуға арналған футляр;
  • фотосуретке арналған жиектеме;
  • органайзер-шәшке;
  • галстукке арналған қысқыш;
  • планшетке арналған тіреуіш;
  • салауатты өмір салтын ұстанатындарға ланчбокс пен су құятын бөтелке;
  • тиынға арналған ерекше сандықша.

Бірақ бұл сыйлықтарды мүмкіндігінше ерте алғаныңыз жөн. Әйтпесе мерекеге дейін сыртын безендіріп үлгермеуіңіз мүмкін. Сондай-ақ, қолдан жасалған ашықхат та артық болмайды. Ашықхатты ішіне тілек жазылған қағаздар салынған банкамен алмастыруыңызға болады.

Хенд-мейд тосынсыйлар

Махаббатпен қолдан жасалған кез келген сыйлықтың энергетикасы жақсы болады. Аздаған уақытыңыз болса, қиялыңызға ерік беріп, сыйлықты қолдан жасауыңызға болады.

Қолдан жасалған бұйымдар

Мысалы:

  • интерьерді толықтыратын жастықтар;
  • шыршаға тағатын жұмсақ ойыншықтар;
  • жұқа жіптен тоқылған дастархан;
  • кілт салғыш;
  • әдемі суреті бар алжапқыш;
  • майда-шүйде заттар салуға арналған органайзер;
  • печеньеден жасалған шырша;
  • скрапбукинг стиліндегі фотоальбом.

Жақындарыңызға Жаңа жыл мерекесінде қандай сыйлық сыйлайтыныңызға қарамастан, бастысы көңіл екенін ұмытпаңыз. Кейде қымбат сыйлыққа қарағанда, уақытылы айтылған жылы сөз жанды жылытады.

Sputnik

Continue Reading

Лайфстайл

Бұл — темір, ал біз — адамбыз. Ең бастысы өзіміз аман болайық ағасы. Уайымдамай жүре беріңіз!

Published

on

Кеше кешкісін мешіттен шығып келе жатып, мына оқиғаның куәгері болдым. Жас шамасы 60-тардағы ер адам, көлігін артқа жүргізіп жатып, байқаусызда, авто-тұрақта тұрған қымбат шет-елдік көлікті соғып алды.

Дабыл-қаққыш іске қосылды. Көліктің иесі жақын маңда жүрген болуы керек, лезде оқиға орнына келіп жетті.

Тіпті, көлікті соққан кісі көліктен шығып та үлгермеген еді. Соғылған көліктің иесі, келе салып әлгі кісіге: — Ас-саляму алейкум аға, — деп қолын алды да, — Жағдайыңыз қалай? Жарақат алмадыңыз ба? — деп сөзін жалғады.

Әлгі кісі түк түсінбей, таңырқай қарап:

— Көліктің иесі кім? — деп сұрады. Ал көліктің иесі жылы қабақ танытқан жігіт екенін білген сәтте, кешірім сұрай бастады.

Ал жігіт болса, көлігінің соғылған жерінен 1-2 рет ұрғылап қойып:

— О не дегеніңіз аға? Бұл — темір, ал біз — адамбыз. Ең бастысы өзіміз аман болайық ағасы. Уайымдамай жүре беріңіз! Жолыңыз болсын, — деді де көлігіне отырып кете барды.

Мұндай кісілердің жер бетінде өмір сүріп жатқандығына Аллаға шүкіршілік айтып, олардан көп үлгі алу керек екен деп, ол жігітке екі дүниенің бақытын тіледім.

 А.Ахмет

Continue Reading

Лайфстайл

«Жапонияның мәдениеті күндері» апталығы өтті

Published

on

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының «Халықаралық достық» клубының ұйымдастыруымен «Жапонияның мәдениеті күндері» атты Жапон елінің апталығы аталып өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты–дәстүрлі және қазіргі заманғы жапон мәдениеті мен факультет студенттерін таныстырып, білім беру саласында ынтымақтастықты кеңейтіп, біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға өз үлесін қосу.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы – шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін жоғары дәрежеде оқытатын көшбасшы кафедралардың бірі. Шетелдік азаматтарды қазақ және орыс тілдерін меңгеруге ынталандыруда, білім берудің сапасын көтеруде, мәдениетаралық байланысты дамытуда және Жапонияның жоғарғы оқу орындарымен серіктестікті дамыту барысында кафедраның қызметі зор.

Іс-шараға факультет оқытушы-профессорлары мен Қытай, Корея, Ауғанстан, АҚШ, Швейцария, Италия, Франция, Жапония және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер қатысты.

Апталық барысында «Күншығыс елі» атты ашық кураторлық сағаты, «Жапония музыкалық өнері» тақырыбында дөңгелек үстел, фотосурет көрмесі сияқты іс-шаралары өткізілді. Факультет студенттері Жапония туралы көркем фильмді тамашалады. Біздің факультетте өткізілген «Жапонияның мәдениеті күндері» апталығында Жапониядан келген студенттерапталықтың дайындау және өткізу барысына белсене қатыса отырып,өздерінің елдерінің мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстырды, ұлттық киімдерін көрсетіп, салт-дәстүрлерінен көріністер қойды. Студенттер өз қолдарымен әзірлеген Жапон елінің ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.

Сонымен қатар, «Біз Жапония жөнінде не білеміз?» атты сұрақ-жауап интелектуалды ойын-сайысына түсті. Жапония елі туралы көрме ұйымдастырылып, сол елдің тарихы, салт-дәстүрі, ұлттық нақышы, киімі, тағамы мен мәдениеті, өнері таныстырылды. «Жұмбаққа толы Жапония» тақырыбында музыкалық-поэтикалық кеш өтті. Бұл кеште Жапон елінің ертегілер әлеміне саяхат жасап, студенттер дайындаған қойылымдарын көрсетті. Кеш барысында жапон, орыс, қазақ тілдерінде өлеңдер оқылып, әндер орындалды.

Апталық барысында өткен іс-шара арқылы факультеттегі шетелдік студенттер Жапония елінің мәдениеті, әдет-ғұрпы мен тарихы, сондай-ақ, Қазақстан мен Жапония қатынастары туралы жаңа мағлұматтар мен таныс болды.

Шетелдік студенттер танымдық-мәдени іс-шараларға қатысу арқылы осы факультетте тек қана білім алып қана қоймай, мәдени іс-шараларға да араласып, мәдени, рухани өсуге болатынына көз жеткізіп отырады.

А.Е. Саденова.,  Л.С. Торохтий

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім
беру дайындығы кафедрасының оқытушылары

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде24 hours ago

ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын...

Әлемде4 weeks ago

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы...

Әлемде1 month ago

Импичмент деген не?

Massaget.kz Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында...

Әлемде1 month ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмені Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Әлемде1 month ago

Жазушы қоғам сұранысына бас иетін болса, әдебиет құлдырайды – Дәулеткерей Кәпұлы

Қазақпарат ХАА – Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Одақ Алматы қаласында орналасқаны көпке мәлім. Қаламгерлер ұйымы...

Әлемде1 month ago

Шетелдіктерге арналған «Ашық есік күні» өтті

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған...

Әлемде2 months ago

Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылады

KAZNEWS – «Отандастар. Болашаққа бағдар» халықаралық дөңгелек үстел аясында шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдері бас қосты. Басқосу барысында «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің...

Әлемде2 months ago

Иранда тағы бір мұнай кеніші табылды

Иранда 53 миллиард баррель мұнай жатқан үлкен кеніш табылды. Ол Бостан және Омидия аймақтарының ортасындағы 2400 шаршы шақырым аумақты алып...

Басты назарда