Connect with us

Моңғолияда

Батыс 5 аймақ + 1 лобби топ + табиғат қорғау мәселесі

Published

on

KAZNEWS – Ховд аймағынан Парламентке сайланған Ш.Адьшааның бастамасымен «Батыс бес аймақтың табиғатын қорғау, ауаның және топырақтың ластануын төмендету» лобби тобы Парламентте құрылды. Ховд, Баян-Өлгий, Увс, Завхан, Говь-Алтай аймақтарынан сайланған Парламент (МҰХ) депутаттары бір ауыздан қолдап лобби тобына қосылғандарын мәлімдеді.

Аталмыш лобби тобы өңірдегі ауаның және топырақтың ластануын азайту, шөлейттенудің алдын алу, қоршаған ортаны қорғау, сирек кездесетін аң-жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, өңірдегі халықтың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыстарды атқару, аймақ орталықтарындағы ауаның ластануын белгілі бір деңгейге дейін төмендетуді негізгі мақсаты етіп отыр.

Парламент депутаты Ш.Адьшаа: “Ауа, топырақтың ластануы, табиғатты қорғауда өңірлік байланысты нығайту үшін Парламентте лобби тобын құрып отырмыз. Батыс өңірде ауаның және топырақтың ластануы басты проблеманың біріне айналып отыр. Бұл мәселелерді шешу үшін жұмыстайтын боламыз.
Мақсатымызға жету үшін Хөшөөт таукеніне сүйене отырып түтінсіз отын өндіру жобасы жасалып, Үкіметтің бағдарламасы, негізгі бағыттарына еңгізілетін болады.”-деді.

Парламент депутаты Ш.Раднаасэд: “100 шақырымға жетпейтін жерден көмір отынын алатын Говь-Алтай аймағында бір тонна көмірдің бағасы 180,000 төгрөгке жетті. Ал Тавантолгой компаниясының отынын Улаанбаатарға әкеліп саудалағанда жоғарыда айтылған бағадан бірнеше есеге арзан және сапалы.
Сондықтан, Хөшөөт кенішіне сүйеніп брикет көмірдің өндірісін салынып, пайдаға еңгізілсе батыс өңірдегі аймақтардың орталықтарын сапалы, арзан көмірмен қамтамасыз етуге болады. Зерттеу жасап көрдік. Біз өңірдегі халықтың жағдайын ойлауымыз керек. Сол үшін батыс өңірден сайланған депутаттар бірігіп отырмыз. Алдағы уақытта да бұл бағытта ынтымақтастықта жұмыстаймыз.” –деді.

Парламент депутаты, МҰХ-дағы Ауа ластануын төмендету жөніндегі комитеттің төрайымы Б.Саранчимэг: «Мемлекеттер алдымен дамып алайық, содан тазалаймыз деген көзқарастарын өзгертіп, экологиялық таза дамуға басымдық беретін болған.
Ауа ластануын төмендету және экологиялық таза тәсілдерді қабылдауға Парламенттегі комитет жаңадан құрылып жатқан лобби тобымен бірлесіп жұмыстайтын боламыз.» – деді.

Парламент депутаты Ц.Цэрэнпунцаг: “Түтінсіз отын өндіру орманды қорғау үшін өте маңызды. Соңғы жылдары өзен суларының деңгейі азайып, құрып қалуына азаматтардың өзең маңындағы ағаштарды есепсіз кесуі айтарлықтай әсерін тигізуде. Ал түтінсіз отын өндіру арқылы орман, тоғайларды қорғау жұмыстары да жалғасын табады деп ойлаймын. Бұл батыс өңірге ең керекті шаруа болмақ.” – деді.

Моңғолияда

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдағы 28 бос орынға конкурс жарияланды

Published

on

Баян-Өлгий аймағында Мемлекеттік әкімшілік лауазымдағы 28 бос орынға конкурс жарияланды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері кеңесінің ақпараттық порталында хабарланды.

Моңғолияның Мемлекеттік қызмет туралы заңның 27 бабының 27.1.2, 27.1.3 тармағында көрсетілген талаптарға сай мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялап отыр.

Аймақтық Білім басқармасында 2, аймақтық Ветеринария басқармасында 7, аймақ Әкімінің Іс басқармасында 5, аймақтық Мамандық бақылау басқармасында 4, Денсаулық сақтау басқармасында 1, аймақтық Жанұя, балалар мен жастардың даму басқармасында 4, аймақтық Жер қатынас, құрылыс, қала құрылымы басқармасында 2, аймақтық Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде 1, аймақтық Қоршаған орта, туризм басқармасында 1, аймақтық Еңбек және әлеуметтік қызмет басқармасында 1 орын бос тұр.

Толық ақпарат алу үшін Мемлекеттік қызмет істері кеңесінің порталына өтіңіз. Сілтеме: https://hh.csc.gov.mn/view/9af68e48-9ed2-4932-b8c7-89895b0af8df

Continue Reading

Моңғолияда

Францияның Моңғолиядағы Елшісі тағайындалды

Published

on

Францияның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елші қызметіне Себастиан Сүрүн тағайындалды.

Моңғолияның Сыртқы істер вице министрі Б.Мөнхжин 5-ші қазан күні Елшіні қабылдап, Моңғолия Президентіне беретін сенім грамотасының көшірмесін алды.

Кездесу барысында Моңғолия мен Франция арасындағы екі жақты және халықаралық деңгейдегі қарым-қатынастар талқыланды.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия-Кувейт қоршаған ортаны қорғау орталығы директорына Хизатұлы Ерхулан тағайындалды

Published

on

2 қазан, KAZNEWS. Моңғолия-Кувейт қоршаған ортаны қорғау орталығы мемлекеттік хазынадағы кәсіпорын директорына Хизатұлы Ерхулан тағайындалды.

Мемлекеттік мүлік саясатын реттеу басқармасының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі 387-қаулысымен Монгол Кувейт қоршаған ортаны қорғау орталығы мемлекеттік меншіктік кәсіпорнының директорына Хизатұлы Ерхулан тағайындалып, Монгол-Кувейт мемлекеттері арасындағы қоршаған ортаны қорғау ынтымақтастығын нығайту, Халықаралық эко туризмді дамыту, сондай-ақ, сирек жануарларды қорғап, санын көбейту бағытындағы жобаларды жүзеге асыратын жауапкершілігі жоғары міндетті атқаратын болады.

Хизатұлы Ерхулан 1989 жылы Баян-Өлгий аймағы Дэлүүн сұмынында туған, 1998-2008 жылы Баян-Өлгий аймағы 1-орта мектебін бітірген, 2008-2013 жылы Улаанбаатар қаласындағы Құқық қорғау университетін заңгер мамандығы, 2014-2016 жылы Сан Университетін Бизнес ғылымдарының магистрі, 2017-2019 жылы Басқару академиясын Мемлекеттік басқару магистрімен бітірген.

2016-2019 жылы Мемлекеттік Ұлы Құрылтай Іс басқару орнында МҰҚ мүшесінің көмекшісі, 2019-2020 жылы аралығында Құрылыс, қала құрылымы министрінің кеңесшісі, 2020-2021 жылы МҰҚ мүшесінің кеңесшісі қызметін атқарған қызметтік тәжірибесі бар.

Монгол-Кувейт мемлекеттері 1975 жылы дипломатиялық ынтымақтастық орнатқаннан бері жақсы қарым-қатынасты сақтап келе жатқан мемлекеттер.

2011 жылдан бері Кувейт елінің Үкіметі тарапы Монгол елінің Үкіметіне барлығы 79.8 млн ақш.доллар жеңілдікті несие және 13.7 млн ақш.доллар көлемінде қайтарылмайтын көмек көрсеткен.

Жеңілдетілген несие: Барлығы 78.04 млн ақш.доллар
– 1996-2010 жылы Дархан-Эрдэнэт қалалары арасына 181 км, Эрдэнэт-Булган-Уньт арасына 146 км, Уньт-Тариалан сұмыны арасына 88 км, барлығы 415 км авто жол салуға 58.26 млн ақш.доллар.
– Тайшир Су электр станциясын салуға 19.78 млн ақш.доллар жеңілдікті несие берген.
Қайтарылмайтын көмек: Барлығы 17.24 млн ақш.доллар

– 2015 жылы маусымда Қоршаған орта, жасыл даму министрлігіне 1.2 млн ақш.доллар қайтарылмайтын көмек, сондай-ақ, Баян-Өлгий аймағының Біріккен аураханасына жедел-жәрдем көлігі және аса қажетті медициналық құрал-жабдықтар алуға 43,286.23 ақш.доллар
– 2016 жылы Баян-Өлгий аймағында болған сел апатынан зардап шеккен азаматтарға арнап Кувейт Үкіметінен 60,000 ақш.доллар және 35 ауылдық қалашық салуға 274,835 ақш.доллар.
– Жедел жәрдемнің Күйік орталығының құрылысын аяқтауға 8 млн ақш.доллар

– 2018 жылы шілдеде Өндөрхаан әуежайын жаңалау жобасына арнап 3.5 млн ақш.доллар қайтарылмайтын көмек көрсеткен.

2007 жылы 28 қарашада Монгол елінің Үкімет өкілдері Кувейт мемлекетіне ресми сапар жасаған кезде аталған мемлекеттің Үкіметімен “Қоршаған ортаны қорғау” саласында ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойып, Монгол-Кувейт зерттеу орталығын ашқан. 2008 жылы Кувейт мемлекеті Үкіметінің қаржыландыруымен Улаанбаатар қаласынан 33 км қашықтықтағы Богдхан тауының Түргэний ам деген жеріне меншікті 136 гектар, құрылысқа арналған 3.5 гектар жерге орталықтың іргетасын қалау рәсімін жасап, 2015 жылы 5 қазанда Монгол елі Үкіметінің 100-қаулысымен Монгол Кувейт зерттеу орталығы Мемлекеттік меншіктік шаруашылық бірлігі болып Мемлекеттік мүлік саясатын реттеу басқармасының құзыретіне кіріп, өзіндегі мүлкімен өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып өзгерген.

Аталған орталық қазіргі жағдайда:
– Оқыту, зерттеу, жиын іс-шараларын ұйымдастыратын 100 кісілік жиналыс залы
– 40 адамға арналған толықтай жабдықталған жиналыс залы
– 40 адамға арналған оқыту залы
– Топырақты зерттейтін лаборатория
– Сирек өсімдіктерді өсіруге және зерттеуге болатын жылыжайлар
– 28 адамға арналған қонақ үй
– Ішкі және шетелдік қонақтарға жалға беретін мүмкіндікті 8 хаус
– Балалар ойын алаңы
– Спортпен шұғылданатын жабдықтар сынды материалдық базалы Қоршаған орта, туризм саласына зерттеу жасау, тренинг мен оқытулар ұйымдастыру, эко туризмді дамыту, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін мамандандырылған қызметтерді енгізу мақсаты бойынша іс-қызмет атқаратын ұйым болып табылады.

Continue Reading

Моңғолияда

«Ұлы дала ұстазы» халықаралық байқауын жариялаймыз!

Published

on

«Отандастар қоры» КЕАҚ-ның Шетелдегі отандастарды қолдау департаменті ұлттық сананы сақтау және ұлтымыздың ұлы тұлғаларын ұлықтау арқылы өскелең ұрпақты рухани тұрғыда дамыту мақсатында «Ұлы Дала ұстазы» атауымен халықаралық байқау жариялайды.
Шығармашылық байқау қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналады.
«Ұлы Дала ұстазы» халықаралық шығармашылық байқауы Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне #Ustaz180 хэштегімен бейнежазба жүктеу арқылы (ауызша) және сонымен қатар электрондық поштаға (serik_abduali@mail.ru) шығарма жолдау (жазбаша) әдісі бойынша өткізіледі. Байқауға 10 жастан бастап 18 жасқа дейінгі шетелдегі және елдегі қандас оқушылар қатыса алады.
БАЙҚАУ ШАРТЫ:

1. Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінен үзінді оқу (кемі екі-үш шумақ)
2. Ыбырай Алтынсариннің дара тұлғасын айшықтап, ұлы ұстазды ұлықтайтын шығарма жазу (кемі бір бет – А4 форматта).

БАЙҚАУ ӨТЕТІН УАҚЫТ:
2021 жылғы 1 ҚАЗАН – 1 ҚАРАША аралығы.
БАЙҚАУ ЖҮЛДЕЛЕРІ:

Жүлделі 3 орынға «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына, Назарбаев зияткерлік мектебінің жазғы лагеріне және «Туған елге саяхат» туристік пойызына тегін жолдама беріледі.

ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР:
I орын – біреу;
II орын – біреу;
III орын – біреу;
БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қазылар алқасының әділ іріктеуінен өткен соң қараша айының алғашқы күнінде жеңімпаздар анықталып, үздік үштікке енгендердің есімдері 2-қарашада жарияланады.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 week ago

Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия бойынша Нобель сыйлығын молекулалар синтезінің жаңа әдістерін ашқаны үшін неміс ғалымы Беньямин Лист пен британдық Дэвид Макмиллан алды. Бұл...

Дерек2 weeks ago

Моңғолиялықтар қараша айында неше күн демалады?

05 қазан, KAZNEWS. Моңғолиялықтар қараша айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. “Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс...

Дерек4 weeks ago

Интернетте жиналған ақпарат қайда сақталады?

Интернет – миллиондаған терабайт ақпаратқа толы терең мұхит. Күн сайын адамдар ғаламторға көптеген бейнелерді, суреттерді, құжаттарды және басқа мазмұнды ақпараттарды...

Дерек1 month ago

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп,...

Дерек2 months ago

Жол кептелістерінен Улаанбаатар экономикасына 947 млн доллар шығын келеді

20 тамыз, KAZNEWS. Кептелістердің кесірінен Улаанбаатар қаласының экономикасына жылына 947 миллион АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Үкіметтің өткен сәрсенбі күнгі...

Дерек4 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек5 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек5 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Басты назарда