Connect with us

Спорт

Өлгий қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы ел біріншілігі өтеді

Published

on

12-14 қазан аралығында Өлгий қаласында спорт мастері Риянұлы Даріпхан атындағы жастар арасында ел біріншілігі өтеді. Бұл туралы аймақтық Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады

Өлгий қаласының орталық спорт кешенінде өтетін ауыр атлетикадан ел біріншілігінде қыздар 44 кг, 48 кг, 53 кг, 58 кг, 63 кг, – 69 кг, +69 кг салмақта, ерлер 48 кг, 52 кг, 56 кг, 62 кг, 69 кг, 77 кг, -85 кг және +85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Жарысқа Моңғолияның түкпір-түкпірінен 100 ден астам спортшы қатысада.

Спорт

А.Батцэцэг Азия чемпионатына қатысады

Published

on

10 cәуір, KAZNEWS. 13-18 сәуір күндері Қазақстан Республикасының Алматы қаласында грек-рим және еркін күрестен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Моңғолия ұлттық құрамасы сапында жастар арасынан әлем чемионы, ересектер арасынан әлем чемпионатының күміс, азия чемпионатының күміс, қола жүлдегері Алтанцэцэгийн Батцэцэг 57 келі салмақта сынға түседі.

Айта кету керек, Алтанцэцэгийн Батцэцэгтен бөлек 20 спортшы бақ сынайды. Олар:

-Ерлер арасында 57 келіде: Занданбудын Занабазар

-61 келіде: Батсайханы Нэмэхбаяр
-65 келіде: Сармандахын Билгүүн
-70 келіде: Энхтуяагийн Тэмүүлэн
-74 келіде: Занданбудын Сумьяабазар
-79 келіде: Дамжингийн Батзул
-86 келіде: Пүрэвжавын Өнөрбат
-92 келіде: Мөнхбаатарын Цогтгэрэл
-97 келіде: Чинбатын Алтангэрэл
-125 келіде: Доржхандын Хүдэрбулга

-Қыздар арасында 50 келіде: Нандинцэцэгийн Анударь.

-53 келіде: Ганбаатарын Отгонжаргал
-55 келіде: Мөнхболдын Дөлгөөн
-57 келіде: Алтанцэцэгийн Батцэцэг
-59 келіде: Баатаржавын Шоовдор
-62 келіде: Хүрэлхүүгийн Болортуяа
-65 келіде: Зоригтын Болортунгалаг
-68 келіде: Энхсайханы Дэлгэрмаа
-72 келіде: Энхбаярын Цэвэгмэд
-76 келіде: Найгалсүрэнгийн Загардулам белдеседі.

Continue Reading

Спорт

Жандос Асқарұлы мен Құлын Алтынбекқызы әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

Published

on

10 сәуір, KAZNEWS. 11-24 сәуір аралығында Польшада бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Моңғолия Бокс Федерациясы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімін жариялады.

Құрама сапында 69 келі салмақ дәрежесінде 2019 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Жандос Асқарұлы, қыздар арасында -51 келі салмақта Налайхан ауданының боксшысы Құлын Алтынбекқызы бар. 

Ал, Еркін Жамантайұлы бапкерлер құрамында жұмыс жасайтын болады.

Сондай-ақ, 2019 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Төгсжаргалын Номин-Эрдэнэ қыздар арасындағы -57 келі салмақта күш сынасады.

Әлем чемпионатына қатысатын боксшылар:

Ерлер:
• Энхзоригтын Сүхбат /-52 келі/
• Баярсайханы Алтантулга /-57 келі/
• Ганбаатарын Ган-Эрдэнэ /-60 келі /
• Жандос Асқарұлы /-69 келі /

Қыздар:
• Даваазоригийн Номин-Эрдэнэ /-48 келі/
• Құлын Алтынбекқызы /-51 келі/
• Төгсжаргалын Номин-Эрдэнэ /-57 келі/
• Ганзоригийн Бадмаараг /-60 келі/

Бапкерлер:
• Төмөрхуягийн Чулуунтөмөр
• Еркін Жамантайұлы
• Түндэвийн Ганзориг

Continue Reading

Спорт

Солтүстік Корея 2 рет саяси, 1 рет пандемиялық жағдайға байланысты олимпиада ойындарына қатыспады

Published

on

06 сәуір, KAZNEWS. Солтүстік Корея Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатыспайды.

Солтүстік Корея Үкіметі бұған дейін 2 рет олимпиада ойындарына бойкот жариялаған. 1984 жылы Лос-Анжелесте өткен олимпиадаға Кеңес одағының талабы бойынша қатысудан баст тартқан. Ауғанстанға Кеңес одағы әскер кіргізгеніне наразылық білдіріп 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасына АҚШ бастаған батыс елдері қатысқан жоқ. Соның жауабы ретінде Кеңес одағымен достық қарым-қатынастағы елдер Лос-Анжелеске бармады. Қатарында Моңғолия да бар.

Ал 1988 жылғы Сеул олимпиадасы Екі Корея халқының бірлігінің симболына айналу керек болатын. Алайда 1987 жылы Солтүстік Кореяның тыншысы Оңтүстік Кореяның азаматтық ұшағын жарып жіберген оқиғасы орын алып, екі ел арасындағы қатынасқа сызат түсіп, соңында Солтүстік Корея Сеул олимпиадасына барудан бас тартады.

Солтүстік Кореяның ұлттық құрамасы қысқы олимпиада ойындарына 1964 жылғы Инсбруктегі олимпиададан бастап қатысып келеді.  Ал жазғы олимпиада ойындарын 1972 жылы Мюнхеннен бастаған. Алғашқы екі олимпиада ойындарынан медаль алған.

Солтүстік Корея олимпиада ойындарынан барлығы 56 медаль (16 алтын, 17 күміс, 23 қола медаль) алған.

Бұл жолы олимпиадаға қатыспау туралы шешім 25 наурызда Пхеньянда өткен Солтүстік Кореяның олимпиада комитетінің бас ассамблеясының отырысында қабылданған.

Айта кетсек, Олимпиада және Паралимпиада ойындары былтыр жазда Токиода өтуі тиіс болған, алайда коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға шегерілген еді. Биыл Олимпиада – 23 шілде мен 8 тамыз аралығында, Паралимпиада 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді.

Continue Reading

Спорт

Қырғызстандағы Азия чемпионатына Моңғолия құрамасы қатыса алмайды

Published

on

06 сәуір, KAZNEWS. Дзюдодан Моңғолия құрамасының кейбір мүшелерінен коронавирус анықталғандықтан -81 келі салмақ дәрежесіндегі Сайд Моллайдан өзге спортшылар 6-9 сәуір аралығында Қырғызстанда өтетін Азия, Тынық мұхит елдерінің кезекті чемпионатына қатыса алмайды.

Дзюдодан Моңғолия құрамасы олимпиада жолдамасы үшін Ташкент гранд слам жарысына қатысу үшін елден 26 ақпанда аттанған болатын. Ташкент гранд слам жарысынан екі алтын, бір күміс және бір қола жүлде алған.

Алайда, Ташкент гранд слам жарысынан кейін құрама команда Грузия астанасы Тбилиси қаласыда өткен халықаралық оқу жаттығу жиынына қатысқан. Бұл сәтте құраманың кейбір спортшылары коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, Тбилиси гранд сламына толық құраммен қатыса алмады. Коронавирус жұқтырмаған спортшылар бұл жарыстан екі алтын, екі қола жүлде алған. Ал сәуірдің 1 күні өткен Анталья гранд сламына қатыспай Қырғызстанда өтетін Азия, Тынық мұхит елдерінің чемпионатына қатысуды жоспарлаған болатын.

Айта кетейік, Қырғыстан Республикасының Бішкек қаласында өтетін Азия, Тынық мұхит елдерінің чемпионатына 30 елден 215 спортшы бақ сынайды.

Бұған дейінгі ұйымдастырылған Азия чемпионаттарынан Моңғолия 20 алтын, 41 күміс, 85 қола медаль алып, көрсеткіш бойынша құрлықта 4 орында тұр.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек15 hours ago

Марста жүрген робот селфи жіберді

11 сәуір, KAZNEWS. Марста жүрген Perseverance робот станциясы селфи жасады, – деп хабарлайды НАСА агенттігі. Сурет WATSON деп аталатын құралдың...

Әлемде5 days ago

Фоторепортаж: Аты аңызға айналған Аттила туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясында Мажарстанның Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы...

Спорт5 days ago

Солтүстік Корея 2 рет саяси, 1 рет пандемиялық жағдайға байланысты олимпиада ойындарына қатыспады

06 сәуір, KAZNEWS. Солтүстік Корея Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатыспайды. Солтүстік Корея Үкіметі бұған дейін 2 рет олимпиада ойындарына...

Әлемде5 days ago

Олимпиада – білім додасы

Олимпиада – білім додасы. Бұл сөздің мағынасы «ақиқат» және «түсінік, білім» деген мағыналарды береді. Ежелгі Грекияда басын бұлт ораған ең...

Әлемде1 week ago

Түркістан Декларациясы

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі бейресми саммитінің Түркістан Декларациясы 2021 жылғы 31 наурыз 2021 жылғы 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің...

Әлемде2 weeks ago

Жо Байден 100 күнгі жоспарын уақытынан бұрын орындады

28 наурыз, KAZNEWS. АҚШ президенті Жо Байден 25 наурызда Ақ үйде қызметіне кіріскелі бері алғаш рет баспасөз конференциясын өткізді. Жо...

Әлемде3 weeks ago

Еуразия ұлттық университеті мектеп бітіруші түлектерді қабылдауға дайын

Биыл Қазақстан Республикасының жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі – Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылғанына биыл жиырма бес...

Дерек3 weeks ago

Наурыз туралы қызықты 10 дерек

21 наурыз, KAZNEWS. Наурыз – бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және...

Басты назарда