Connect with us

Моңғолияда

Өлгий – Ховда бағытына жаңа әуерейс ашылады

Published

on

Улаанбаатардан еліміздің батыс өңірінде орналасқан аймақтарға шағын ұшақпен қатынауға үш сағатқа жуық уақыт жұмсап отыр. Сондықтан үлкен ұшақтармен алмастыру керек. Ховда әуежайы үлкен ұшақтар қонуға арналғандықтан тікелей Ховдаға үлкен ұшақтар қондырып, одан Баян-Өлгий, Говь-Алтай аймақтарына шағын ұшақтармен қысқа рейстер жасау, және билет құнын арзантатуға болатынын Моңғолия Премьер-министрі Ч.Сайханбилэг бүгінгі «Шешуші сағат» -та айтты. Бұл жөнінде жуық арада бастама көтеріп, Үкіметке таныстыруды Азаматтық авиация басқармасының басшысы Г.Нямдаваа, МИАТ компаниясының атқарушы директоры Т.Тамирге тапсырды.

Бұл туризм дамуына үлес қосады деп отыр. Гонконг-Улаанбаатар-Ховд, Берлин-Улаанбаатар-Баян-Өлгий бір бағытына, бір авиакомпания қатынайтын болса шетелдік туристер, таушылар үшін өте маңызды болмақ. Және де Ресей, ҚХР-ның көрші қалаларын Улаанбаатармен жалғайтын транзит рейстерді ашуды көздеп отыр. Мұнда МИАТ ғана емес, өзге жеке меншік авиакомпанияларын тартып, тараптардың пайдалы жұмыстауына үкімет қолдау көрсетпек.
Үкіметтен берілген тапсырма бойынша МИАТ компаниясы АероМонголия компаниясымен ынтымақтаса жұмыстап, батыс өңірлерге жасайтын рейстерінің билет бағасын арзандату, тұтынушыларға ұсынатын қызметтерін жақсарту жөнінде мәмілеге келіп отырғанын айтады. Үстіміздегі жылдың 15 сәуірден бастап АероМонголия компаниясы Ховдаға шағын ұшақтарын орналастырады. Улаанбаатардан үлкен ұшақпен Ховдаға қонған жолаушылар шағын ұшақпен Баян-Өлгий, Завханға жетеді. Говь-Алтай мен Завханды бірге ұйымдастыруға болады. Есесіне, билет бағасы бүгінгі тарифтен 40 пайызға арзандайды деп жоспарлануда.

Моңғолияда

Моңғолия Үкіметі жоғарғы оқу орындардың жұмысын тоқтатты

Published

on

KAZNEWS – Моңғолия Үкіметінің бүгінгі отырысында университеттер мен кәсіби мамандық оқыту орталықтарының жұмысын 2020 жылғы 2 наурызға дейін тоқтатуға шешім қабылдады.
Бұған дейін Моңғолия Үкіметі Қытайдың Ухань қаласында тараған короновирустен сақтанып, алдын алу үшін мектеп, балабақша жұмысын тоқтатқан болатын.
Денсаулық сақтау министрі Д.Сарангэрэлдің айтуынша Моңғолияда короновирустың жаңа түрі тіркелген жоқ.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия мен Қытай арасындағы сауда айналымы 8,9 млрд долларды құрады

Published

on

KAZNEWS – Моңғолия мен Қытай арасындағы сауда айналымы өткен жылы 8,9 млрд долларды құрады. Бұл сыртқы сауданың 64.4 пайызын, барлық экспорттың 89.1 пайызын иеленуде.

Моңғолияның Қытайға саудалаған өнімдерінің 44.4 пайызын таскөмір, 26.4 пайызын мыс құрап тұр.

Сондай-ақ, Ұлы Британияға экспорттаған өнімнің 77.5 пайызын, Сингапурға экспорттаған өнімнің 76.7 пайызын, Швейцарияға экспорттаған өнімнің 98.8 пайызын алтын экспорты иеленіп тұр.

Continue Reading

Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағы бәсекеге қабілеттілік индексінде 13-ші орында тұр

Published

on

KAZNEWS – Еліміздің 21 аймақтарының әл-ауқат әлеуеті және бәсекеге қабілеттігі туралы баяндама жарық көрді. 2019 жылғы көрсеткіштер бойынша Баян-Өлгий аймағы Моңғолияда бәсекеге қабілеттілік индексінде 13-ші орынға сырғыған. Батыс Моңғолияда Увс 9, Говь-Алтай 19, Ховд 14, Завхан 16 орындарды иеленген.

Аймақтардың бәсекеге қабілеттігі туралы баяндаманы жыл сайын «ЭЗБӨЧСТөв» – тәуелсіз зерттеу орталығы 2012 жылдан бері шығарып келеді. Бұл рейтинг аймақтардың әл-ауқат әлеуетіне баға беру саласындағы ең беделді сараптама болып табылады.

Атап айтқанда, зерттеу қорытындысында адам капиталын дамытып, экономиканы әртараптандыру, инновацияны өндіріске еңгізудің және әкімшілік кедергілерді азайту, биліктегі ашықтықты қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға болатынын көрсетті.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде3 days ago

Коронавирустың неден жұққаны анықталды

Ғалымдар Қытайда тараған коронавируске генетикалық талдау жасады. Бұл туралы зерттеу Journal of Medical Virology басылымында жарық көрді,- деп хабарлайды Nege...

Әлемде4 days ago

ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын...

Әлемде1 month ago

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы...

Әлемде1 month ago

Импичмент деген не?

Massaget.kz Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында...

Әлемде2 months ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмені Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Әлемде2 months ago

Жазушы қоғам сұранысына бас иетін болса, әдебиет құлдырайды – Дәулеткерей Кәпұлы

Қазақпарат ХАА – Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Одақ Алматы қаласында орналасқаны көпке мәлім. Қаламгерлер ұйымы...

Әлемде2 months ago

Шетелдіктерге арналған «Ашық есік күні» өтті

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған...

Әлемде2 months ago

Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылады

KAZNEWS – «Отандастар. Болашаққа бағдар» халықаралық дөңгелек үстел аясында шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдері бас қосты. Басқосу барысында «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің...

Басты назарда