Connect with us

Әлемде

Университетте оқып жүр талай шетел баласы

Published

on

Алматы қаласының ЖОО орындарында қазақ тілін меңгеріп жатқан шетелдік студенттер көп. Жылдан жылға олардың саны артып келе жатыр деп сеніммен айта аламыз. Тіл меңгерушілердің бірқатары, елімізге қызмет бабымен келген болса, бірқатары достарының кеңес беруімен, ал енді біреулері екі жоғары оқу орны арасындағы келісімшартқа байланысты ауысу арқылы келген тыңдаушылар. Шетелдік тыңдаушылар қазақ тілін арнайы дайындалып жазылған оқу құралы арқылы үйренді. Бірінші аптада олар әліпбиді үйренуден бастайды. Содан кейін ғана жағдаяттық тақырыптарға негізделген лексика-грамматикалық тақырыптарды өтуден бастайды. Бас-аяғы бірнеше айдың көлемінде тілді ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде меңгеріп шығады. Олар қазақ тілін меңгеріп қана қоймай, қазақ халқының тарихынан, дәстүрінен, тұрмыс-тіршілігінен де мол ақпарат біледі, таныс болады. Соларың біразы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алып жатыр. Тіл үйренушілер Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Мексика, Америка, Түркия, Сингапур, Швеция, Отүстік Африка, Моңғолия т.б. елден келген. Тыңдаушылар қазақ елінің қонақжайлылығына, Алматы қаласының әсемдігіне және тауларының әдемілігіне таңдарыстарын білдіріп жатады. Шетелдіктер жергілікті тұрғындарға, өзге ұлт өкілдеріне қарағанда тілді тез меңгеріп, тілдік ортаға, қарым-қатынасқа тез әрі жеңіл түсе және бейімделе алады. Оның себебі алға қойған мақсатында, мотивациясында және тіл үйретуде дәнекер тілдің болмауында деп айтуға болады. Тілді жетік меңгеріп кетпесе де, 10 айдың ішінде ауызекі сөйлеу тілін меңгеріп, тілдік ортаға шығып, өзінің қажетін сұрап ала алатындай жағдайға жетеді.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда жетекші кафедра болып саналады. Сол себептен де қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға байланысты бағдарлама жасау кафедра оқытушыларының алдында тұрған мәселе еді. Тіл үйретуге байланысты туындаған мәселені жою мақсатында кафедра оқытушылары бағдарлама жазып, шетелдіктерге қазақ тілін үйретуге қатысты оқу құралдарын да шығарды. Шетелдік тыңдаушыларға қазақ тілін үйрету бағдарламасы да жалпыеуропалық, ресейлік қалыптарына негізделген қазақ тілін шетел азаматтарына оқытудың көп деңгейлік жүйесінің моделіне сай және соған сүйене отырып жасалынған.
Кафедра оқытушыларының авторлығымен баспадан шыққан бағдарламада сөйлеу әрекетінің барлық түрлері қамтылған. Аптасына грамматика, сөйлесім, жазылым, оқылым, тыңдалым әрекеттері жеке пән ретінде сабақ кестесіне енгізіліп, жеке-жеке дәрістер жүргізіледі. Бағдарлама тілді еркін және тез меңгеруге лайықталып жасалынған. Осы себептерге де байланысты тыңдаушылар тілді тез игеріп жатады. Тілді ең қиындау қабылдайтындардың қатарына қытай ұлтын жатқызуға болады. Себебі олардың келген контингентіне байланысты және тілінің иеро́глиф жазуына негізделгені де, сонымен бірге тілінің құрылымына байланысты да қиындықтар туып жатады. Қытай ұлты тілді ұзағырақ үйрену қажет, шамамен 2 жыл меңгерсе, тілі де, фонетикасы да жаттығып қалады. Және де тілді дұрыс түсініп, қарым-қатынасқа түсе алады. Бұл дегеніңіз 10 шақты айдың ішінде аталмыш ұлттың қазақ тілін меңгере алмайды, сөйлесім әрекетіне түсе алмайды деген пікір емес. Олар тілді бір кісідей қабылдайды және үйренеді де. Тек екі жылдық оқуда нәтиже жоғары болады деген сөз. Қате ойлап, жаңсақ пікір айтудан аулақпыз. Ал қазақ тілін тез меңгеретіндердің тізіміне корей және жапон ұлттарын енгізуге болады. Себебі олардың тілі қазақ тілінің құрылымына ұқсас келетіндігінде. Мысалы үшін корей және жапон тілдерінде етістік сөйлемнің соңында және де корей тілінде сөздерге бірнеше жалғаудың жалғана беретіндігі дәлел бола алады. Және де тілді тез үйреніп алатын халықтар тізіміне түркі тілдес бауырларымызды жатқызуға болады. Мысалыға, әзірбайжан, түрік, Қытай Халық Республикасынан келген ұйғыр ұлты және т.б. Бұл біздің тәжірибемізде кездесіп жүрген жағдай.

М.П. Ешимов
С.Р. Нұртілеуова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының аға оқытушылары

Әлемде

Қытайда Еуропаның 12 қаласының көшірмесін тұрғызған

Published

on

Қытайдың Huawei компаниясы Дунгуань қаласының жанынан еуропалық қалалардың көшірмесін тұрғызып жатыр.

Huawei компаниясы 12 қаланың танымал ғимараттарын тұрғызған. Тіпті, трамвай желісіне дейін ойластырған көрінеді.

Continue Reading

Әлемде

ҚазҰУ-дың «Алатау» қысқы бағына саяхат

Published

on

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көптеген халықаралық жобалардың бірі жасыл технологияларды енгізуде ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалану бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіп  жатыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (www.kaznu.kz) Елбасы идеяларын насихаттай отырып, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында көрсетілген көптеген бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асыруда.  Университетте «Green campus» жобасы табысты жұмыс істеуде. «ҚазҰУ – Green campus»- жобасы аясында университетте экологиялық тұрақты және жайлы «жасыл» орта құрылуда. Бұл жоба – жастарды азаматтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде «Green campus» жобасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы тәрбиелік маңызы бар  іс-шара өткізді.

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының «Саяхат» атты өлкетану клубының ұйымдастыруымен жуырда кафедраның оқытушылары және әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Монғолия, Иран, Австралия елдерінен келген шетелдік студенттері жақында студенттер үшін ҚазҰУ-да ашылған «Алатау» қысқы бағынасирек кездесетін тропикалық және субтропикалық өсімдіктер туралы мәліметтер алу мақсатымен саяхат жасап, ғылыми-танымдық іс-шара жүзеге асырылды.

Саяхат барысында Т.В. Курманова«Алатау» қысқы бағыныңқұрылу тарихы жайлы түсіндіріп, мұнда 50-ден астам тропикалық және субтропикалық өсімдіктер жинақталғанын, сондай-ақ фонтандар мен шағын архитектуралық нысандар, студенттерге демалуға және жұмыс істеуге арналған орындар бар екені туралы сөзін жалғастырып, қысқы бақта болашақ биологтар, геоботаниктер, экологтар мен басқа да мамандық иелері үшін сабақтар мен ғылыми тағылымдамалар, ал мектеп оқушылары мен табиғат әуесқойлары үшін экскурсиялар өткізілетіні туралы мақтанышпен айтты.

Шетелдік студенттерге «Алатау» қысқы бағының қызметкерібақ жинақтамасы сирек кездесетін және құнды өсімдіктермен, гүлдермен және сәндік композициялармен толықтырылып отыратынын, бұл тамаша табиғи орта жасампаз жастар мен кампустың тұрғындары үшін ерекше тартымды орынға айналуда екенін, мұнда олар уақытты тиімді пайдаланып, демалып, арнайы эко-тренингтерге қатысып, өсімдіктерді күтіп-баптап және табиғат туралы көбірек білуге мүмкіндік алатыны жайлы түсіндіріп өтті.

Шетелдік студенттер өздерінің алған әсерлерімен және түйген ойларымен бөлісіп, ерекше таңданыстарын да білдірді.

Бұл «Алатау» қысқы бағы еліміздегі ұмытылып, жойылып бара жатқан,сирек кездесетін, құнды өсімдіктермен, гүлдермен және сәндік композициялармен, тропикалық және субтропикалық өсімдіктер әлемімен таныстырып, жалпы алғанда табиғатты қорғау әрі сақтау, одан ары дамыту, жаңғырту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу болып табылады. Бұл ұлттық бірегейліктің басты тірегі бола алады.

«Green campus» жобасын жүзеге асырудағы кафедраның мақсаты заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, кампустағы жасыл желектер алаңын шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру болды.

Бұл, біріншіден, шетелдік студенттердің жасыл орта туралы білімдерін көтерудің өзгеше формасы, екіншіден шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы шара болды.

А.Е. Саденова.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасы.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия азаматтары 61 елге визасыз бара алады

Published

on

KAZNEWS – 2019 жылы Моңғолия азаматтары әлемнің 61 еліне визасыз қатынай алады. Еліміз индексте 79-шы орында яғни Африкада орналасқан Бенин Республикасымен бірдей көрсеткішке ие болды. 2018 жылы 80-ші орында болған. Бұл туралы Henley & Partners компаниясы жариялаған жаңартылған паспорттар индексінде көрсетілген.

Зерттеулерге сәйкес, Индексте Жапония көш бастап тұр. Оның азаматтары әлемнің 190 еліне визасыз бара алады. Екінші орынға Оңтүстік Корея мен Сингапур жайғасқан. Бұл елдің азаматтары 189 елге визасыз барады. Үшінші орын Германия мен Францияға бұйырыпты. Олар 188 елге визасыз бара алады.

Инвестициялар арқылы азаматтық алу  бағдарламалары бар елдер жоғары орындарға ие. Мысалға, Мальта әлемнің 182 еліне визасыз баруға қол жеткізе отырып, индексте 9-шы орынды иеленіп тұр.

Ал, көршілес Ресей Федерациясы 119 елге, Қытай Халық Республикасы 74 елге, Қазақстан Республикасы 76 елге визасыз қатынайды.

Моңғолия азаматтары визасыз бара алатын елдердің тізімін бұл жерден көруіңізге болады.

Continue Reading

Title

Әлемде4 days ago

Қытайда Еуропаның 12 қаласының көшірмесін тұрғызған

Қытайдың Huawei компаниясы Дунгуань қаласының жанынан еуропалық қалалардың көшірмесін тұрғызып жатыр. Huawei компаниясы 12 қаланың танымал ғимараттарын тұрғызған. Тіпті, трамвай...

Әлемде2 weeks ago

ҚазҰУ-дың «Алатау» қысқы бағына саяхат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көптеген халықаралық жобалардың бірі жасыл технологияларды енгізуде ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалану бойынша мақсатты...

Моңғолияда2 weeks ago

Моңғолия азаматтары 61 елге визасыз бара алады

KAZNEWS – 2019 жылы Моңғолия азаматтары әлемнің 61 еліне визасыз қатынай алады. Еліміз индексте 79-шы орында яғни Африкада орналасқан Бенин Республикасымен...

Мен кәсіпкермін2 weeks ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Лайфстайл2 weeks ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Мен кәсіпкермін2 weeks ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Лайфстайл2 weeks ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Әлемде3 weeks ago

Білім берудің жаңа көкжиегі: кафедра тынысы

Рухани жаңғыру мен жаңаруда,еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуінде білім берудің рөлі зор. Ғылым биігіне көтерілуде, білім беруде және жас ұрпақты...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті