Connect with us

Мен кәсіпкермін

«Бизнес деген тек алу мен сату емес» дейді кәсіпкер ғалым

Published

on

Моңғолияда тұратын 38 жастағы этникалық қазақ Алаубек Әбділұлы 1994 жылы ондағы мемлекеттік университеттің математика факультетін бітірген соң ғылыммен шұғылданған. Германияның Дармштадт техника университетінде информатика саласында доктор атанған азамат кейін бизнеске кетіп қалған. Ол Азаттыққа берген сұхбатында ғылым мен бизнестің бір-бірімен байланысы жайлы да айтты.

Азаттық: – Алаубек мырза, әңгімемізді балалық шағыңыздан өрбітсек? Қандай сәттер есіңізде қалды?
Алаубек Әбділұлы: – 1978 жылы мен туғанда әке-шешем Моңғолияның астанасы Улаанбаатардағы «Дэнжийн мянгат» ауылында пәтер жалдап тұрыпты, одан кейін «100 ауыл» деген жерде киіз үйде өмір сүріпті. Мен ес білгенде әке-шешем бір бөлмелі пәтер алған.
Мектепте математика, физика пәндеріне жетік болдым. 9-сыныпта оқып жүргенімде 10-сыныптың есептерін қиналмай шығара беретінмін. Соны білетін ұстаздарым университетке құжат тапсыруға кеңес берді.
Өскен ортам тек моңғол ұлтының өкілдері болды. Сол себепті ана тілімде аздап қиналатыным бар. Мектепке жеті жасымда бардым, оқуға озат болдым. Мектепте математика, физика пәндеріне жетік болдым. 9-сыныпта оқып жүргенімде 10-сыныптың есептерін қиналмай шығара беретінмін. Соны білетін ұстаздарым университетке құжат тапсыруға кеңес берді. Сол себепті 9-сыныпты бітіргеннен кейін бірден 10-сыныптың емтихандарын тапсырып, куәлік алдым. Өз қатарластарымнан бұрын орта мектепті аяқтап, 16 жасымда Моңғолия мемлекеттік университетіне студент боп қабылдандым.
Азаттық: – Моңғолияда экономикалық ахуал нашарлаған 1990 жылдары студент болу қиын соқпады ма?
Алаубек Әбділұлы: – 1990-жылдардың басы анық есімде. Тамақ аз, ақша жоқ, нанға май жағып, үстіне себетін қант тапсақ торт жегендей болушы едік. Әсіресе өтпелі кезеңдегі мен сияқты жастар үшін тіпті қиын. Студенттер арасында сабаққа көңіл бөлгендер аз, мұғалімдер сабақ үйрету мен сауда жасаудың арасында теңселіп қалған. Оқуға толығынан мойынсұнып, қозғалмай сабақ жаттайтын мүмкіндік аз болды. Математика – тұрақты оқып, көп ойлап, аз сөйлеуді талап ететін пән. Менің мінезім де соған сәйкес – ауыр, аз сөйлейтін, шұқшиып көп ойланып отыруды жақсы көретінмін.
Азаттық: – Университетті аяқтаған соң ғылыммен шұғылданған екенсіз. Ол салада қандай жетістікке жеттіңіз?
Алаубек Әбділұлы: – Университет бітіргеннен кейін өзім білім алған оқу орнында, сондай-ақ менеджмент академиясында сабақ бердім.
2001 жылы қызметімді тастап Германияға кетуге бел будым. Өйткені ғылым жағынан Германия университеттері – Еуропаның алдыңғы қатарында. Оның үстінде университетке ілесіп шыдасаң, оқу тегін. Тіл үйрену, зерттеу жасау негізгі мақсатым еді. Дюссельдорф қаласындa неміс тілінің жедел курсында тіл үйрендім. 2003 жылы Бонн университетіне арнаулы зерттеуші болып жұмысқа қабылдандым. 2004 жылы Дармштадт теxникалық университеттің информатика факультетінде зерттеу жұмысымды бастап, 2009 жылы жаратылыстану ғылымдарының докторы (Doctor of Natural Sciences – Dr.rer.nat) дәрежесін қорғап шықтым.
Азаттық: – Бірақ осыншама ғылыми ізденістен кейін бәрін тастап бизнеске кетіпсіз. Оған не себеп болды?
Алаубек Әбділұлы: – Менің ізденістерім, ғылым зерттеулерімнің барлығы бизнеспен тікелей байланысты. Бизнес деген тек алу мен сату емес, ол жерде де толып жатқан есеп бар. Ғылыми ізденістерімді практика жүзінде пайдаланып көргім келді. Анамның сонау нарықтық экономика басталған жылдары өз қолымен іргетасын қалаған «Дакал Фарма» компаниясын әрі қарай дамыту керек болды. Сол себепті 2012-2013 жылдары Голландияның (Нидерланд – ред.) Роттердам Эразмус университетінің менеджмент мектебін бизнес басқару магистрі мамандығы бойынша оқып шықтым. 2013 жылдан бастап компанияда директор орынбасары, қазір директоры қызметін атқарып келемін. Компаниямыз орташа ғана. Негізгі қызметі – ауруханаға қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді жеткізіп беру.
2001 жылы қызметімді тастап Германияға кетуге бел будым. Өйткені ғылым жағынан Германия университеттері – Еуропаның алдыңғы қатарында. Оның үстінде университетке ілесіп шыдасаң, оқу тегін.
Азаттық: – Отбасыңызда өзіңізден басқа ғылыммен шұғылданатын адам бар ма?
Алаубек Әбділұлы: – Жұбайым Раиса Каирдегі Америка университетінің бакалавриатын, Лондон университетінің шығыстану және Африканы зерттеу институты магистратурасын тәмамдаған, Роттердам менеджмент мектебінде қаржылық басқару магистрі мамандығын алған. 2015 жылдан бері Улаанбаатардағы халықаралық орта мектепте басқарма мүшесі.
Екі балам бар. Үлкені – тоғызда, кішісі – бір жаста.
Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.

Мен кәсіпкермін

Баян-Өлгий 411 тонна ет экспорттады

Published

on

By

KAZNEWS – 2017 жылы Баян-Өлгий аймағы 36 тонна қой етін, 85 тонна жылқы етін экспортқа шығарған болса, 2018 жылы ет экспорты бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Иран мен Қазақстан бізден 20 тонна жылқы етін, 391,1 тонна қой етін сатып алған. Бұл туралы аймақтық Стандарт, метрология департментінің эксперті Гүлзада Рахатқызы хабарлады.


Атап көрсетерлігі Иран мен Қазақстан нарығына моңғолияның ветеринарлық талаптары сәйкестендірілген.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, өткен жылы жалпы ішкі нарықтағы ет өндірістер ұлғайып, мал шаруашылығы саласының табысы 2,4 миллиар төгрөгке жеткен.
Сондай-ақ, шетелге қойдың және түйенің 353 тонна өңделген жүнін экспорттап, 730,0 миллион төгрөг табыс тапқан.
Естеріңізге салсақ, 2018 жылы Баян-Өлгий аймағы 2,1 миллон бас мал санатты. Бұл көрсеткіш, өткен жылғыдан 59,2 мың бас малға яғни 2,7%-ға кеміген.

Continue Reading

Мен кәсіпкермін

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Published

on

By

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты ретінде де қарастыруға болады.
Барлық домендер – .mn, .kz, .ru, .cn тәрізді ұлттық домендерге және – .com, .org, .net, .edu,… тәрізді халықаралық домендерге бөлінеді.
Сонымен Ұлы Британиялық Nominet компаниясы дүниежүзіндегі Top Level Domain – де қанша вебсайт тіркеулі тұрғанын анықтап, инфографика жасаған.
Инфографикада көрсетілгендей, Моңғолияның .mn доменіндегі вебсайттың саны 10,000 деп отыр. Ең қызығы Жаңа Зеландияның Токелау (.tk) аралында 30 миллион вебсайт тіркелген екен.
Ал, көршілес ҚХРеспубликасының .cn доменінде 16,810,737 вебсайт, Ресей Федерациясының .ruдоменінде 5,074,320 вебсайт, Қазақстан Респуликасының .kz доменінде 121,901 вебсайт тіркелген.

Continue Reading

Мен кәсіпкермін

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

Published

on

By

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы жоғары мамандықтардың тізімін жасап шығарды. Мұндай үрдістердің бізге сәл кешігіп жететінін ескере отырып, ІТ-индустриясындағы еңбек нарығын өзгертуде бағдар алу үшін жақын жылдары көп сұранысқа ие болатын ІТ мамандықтарының рейтингін жариялаймыз.
Бұл рейтингте бағдарламашылар, web-жасаушылар, ақпараттық қауіпсіздік бойынша мамандар, мәліметтерді сараптау және өңдеу бойынша мамандар және бірнеше мамандықтар басты орыннан көрінді.
Web-жасаушы
Ең көп сұранысқа ие болатын мамандық – web-жасаушы (Web developer). Ол ІТ-индустрияға қатысты басқа мамандықтар ішінен бірінші орын алды. Еңбек ақысы сәл аздау болғанымен web- жасаушылар қазірдің өзінде ІТ-еңбек нарығында көп сұранысқа ие.
Есептеу техникасы саласының сарапшысы (Computer Systems Analyst)
Екінші орынға есептеу техникасы саласының сарапшы мамандары лайық болды. Олардың қызметіне деген сұраныс 21%-ға артады. Өйткені, миллондаған адамдар компьютерді пайдаланып, бағдарламалар жасап жатқан кезде туындаған қиындықтарды түзететін мамандар ауадай қажет болады.
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшы (Information Security Analyst)
Әрбір компьютерде көптеген мәліметтер сақталған. Оның ішінде жеке мәліметтер де, коммерциялық мәліметтер де бар. Кез-келген ақпараттың жоғалып кетуі – компания үшін, оның басшылығы мен қызметкерлері үшін үлкен қиындық. Компания коммерциялық құпияларынан, ішкі құжатнамалары мен клиенттер базасынан айырылады. Бұл жағдай олар үшін үлкен қаржылық қиындық тудырып, беделдеріне сызат түсіреді. Сондықтан, осы ақпараттардың барлығын сақтап, оны қауіпсіз қорғай алатын мамандар күн өткен сайын керек бола береді. Болжам бойынша бұған сұраныс 18%-ға артады.
Бағдарламалық қамтамасыз етуші, бағдарламашылар (Software Engineer)
Бос орын 17%-ға артады, ал бағдарламашыларға барлық жерде, барлық компанияда, барлық қызмет саласында сұраныс жоғарлайды. Тек жоғарытехнологиялық және ІТ-компанияларда ғана емес, қызметкерлері тапсырыс берушілермен және клиенттермен жұмыс істеуде арнайы софттарды қажет ететін қарапайым компанияларда да бұл мамандыққа сұраныс азаймайды.

Мәліметтерді сараптау және өңдеу бойынша маман (Data Scientist)
Big Data-ның дамуы мен әйгілі болуына байланысты, құрылымдалмаған мәліметттердің үлкен көлемі, осылармен жұмыс істеу қабілеті еңбек нарығында өте көп сұранысқа ие болады. Бұл мамандықтар бойынша бос орындар саны арта береді. Болжанған өсу – 16%.
Желі және жүйелік әкімші (Network and computer systems administrator)
Бұлтты есептеулердің кең тарауы компаниялардың аз компьютер сатып алуына әкеп соғады. Компьютерлік жүйелерді, байланыстарды орната алатын мамандарға деген сұраныс кемімейді, керісінше, 8%-ға артады.

Continue Reading

Title

Әлемде4 days ago

Қытайда Еуропаның 12 қаласының көшірмесін тұрғызған

Қытайдың Huawei компаниясы Дунгуань қаласының жанынан еуропалық қалалардың көшірмесін тұрғызып жатыр. Huawei компаниясы 12 қаланың танымал ғимараттарын тұрғызған. Тіпті, трамвай...

Әлемде2 weeks ago

ҚазҰУ-дың «Алатау» қысқы бағына саяхат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көптеген халықаралық жобалардың бірі жасыл технологияларды енгізуде ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалану бойынша мақсатты...

Моңғолияда2 weeks ago

Моңғолия азаматтары 61 елге визасыз бара алады

KAZNEWS – 2019 жылы Моңғолия азаматтары әлемнің 61 еліне визасыз қатынай алады. Еліміз индексте 79-шы орында яғни Африкада орналасқан Бенин Республикасымен...

Мен кәсіпкермін2 weeks ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Лайфстайл2 weeks ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Мен кәсіпкермін2 weeks ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Лайфстайл2 weeks ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Әлемде3 weeks ago

Білім берудің жаңа көкжиегі: кафедра тынысы

Рухани жаңғыру мен жаңаруда,еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуінде білім берудің рөлі зор. Ғылым биігіне көтерілуде, білім беруде және жас ұрпақты...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті