Connect with us

Лайфстайл

Ақша жинаудың 8 тәсілі

Published

on

1. Қай жерде ақша туралы әңгіме қозғалса да Сіз ақшаны жамандамаңыз. Бұл Сіздің өмірлік салт-дәстүр, дағдыңызға айналсын. «Ақшам жоқ, ақша жетпейді» деп ешқашанда айтпаңыз. Олай десеңіз, Сізден ақша қашады. Керісінше, Сіз «Мені ақша жақсы көреді», «Күннен – күнге менің қаражатым көбейіп, табысым артып келеді» деген сөзді жиі-жиі айтыңыз, олай деуге қымсынбаңыз, қорықпаңыз.
2. Ақша жинаңыз. Тек ақшаны тойға, жақсылыққа, оқуға, жаңа дүние сатып алуға, саяхатқа шығуға, жақсы демалуға жинайтын болыңыз. Ақшаны «қара күнге» деп жинамаңыз.
3. Ақша жинауда, оны ұсатып жұмсауда бай адамдардың психологиясын зерттеңіз, соларға еліктеңіз. Өзіңізді бай адамның орнындамын деп есептеңіз. Қоғамдық көлікпен жүрсеңіз «Мен мұны қарапайым адамдардың тыныс-тіршілігін білу үшін уақытша мініп жүрмін» деген ойда болыңыз. Өзіңіздің бұл ісіңізді баюға психологиялық тұрғыда дайындалу деп түсініп, күнделікті өмірде ұсақ-түйектерге көп көңіл бөлмеңіз.
4. Ақшаны адал жолмен қалай тапсаңыз, оған да солай адал болыңыз. Ұлық Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде айтылғанындай, біреуге артық ақша бермеуді, біреуден артық ақша алмауды қадағалаңыз. Сатушы жаңылысып, Сізге артық ақша қайтарса, немесе бір затыңызды сатып алушы құнынан артық ақша ұсынса, оны қайтарып беріңіз. Қиянат жасағанды ақша ұнатпайды.
5. Ешқашан тың ойлардан, жаңа қадамдардан, жаңалықтардан, жақсы істерден бас тартпаңыз. Олар Сізді жаңа табыстарға жетелейді.
6. Ақша – үлкен қуат көзі болғандықтан, әрі ұқыптылықты жақсы көретіндіктен ең бірінші жақсы әмиян таңдап алыңыз. Сосын оған әр тиынды дұрыстап тұрып салыңыз, әмияныңызды сыртынан сипап, оған жылы сөздер айтыңыз, ақшаның еркелеткенді жақсы көретінін естен шығармаңыз.
7. Маңдайға біткен дәулет үшін өтем төлеу жақсы. Байлықты сақтап қалу үшін қайырымдылық шараларына мол шығын шығарып, жаманшылықтың алдын алады, мешіт, медіресе, аурухананы өз қаржысымен салдырып, халыққа сыйға тарту – бұрыннан жалғасып келе жатқан сауапты іс. Тек оны атын шығару үшін жасамау қажет.
8. Ақша өзіңді жақсы көруі үшін алдымен Сіз ақшаны жақсы көріңіз. Алайда ақшаны ар-ұяттан, ұлттық мақсат-мүддеден жоғары қоймаңыз. Жетпей, таусылып, қарызға батып қалған кезде ғана ақшаны ойламай, оны әрдайым байлық ретінде жақсы көріп, оның молаятынына кәміл сеніңіз. Ақша жолы болмайтын, өзіне-өзінің сенімі жоқ адамдардан қашады. «Маған сондай жалақы, сондай ақша жетеді», — деп, ақшаға шектеу қойып, өзіңіздің табыс көзіңізді жауып тастамаңыз. Табысыңыз өз қажеттілігіңізден артылып жатса, қайырымдылық жасаңыз. Ақша қайырымдылықты жақсы көреді.

Advertisement


Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лайфстайл

Биыл жазда қандай киімдер сәнде болады – дизайнерлер кеңесі

Published

on

Биыл қанық қызыл, қызғылт, классикалық көк түстен тігілген киімдер трендте болады. Дизайнерлер жазда арты ашық жейде мен көйлектер сәнге келетінін айтты.

2020 жылдың жаз мезгілінде өткен ғасырдың 80-90 жылдарындағы жейделер трендке оралады, сонымен қатар ақ пен қызғылт түсті киім сәнде болады. Қазақстандық дизайнерлер алдағы үш айда қандай киім мен әшекейлерді тағу керек екенін айтып берді.

Дизайнер Дәмилә Жұмабектің айтуынша, жазда арты ашық жейде, блузка мен көйлектер сәнге келеді.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by (@damilya_zhumabek) on


“Арты ашық тігілген көйлектер сәнде болады, оның бір ерекшелігі – ыстық күнде терлетпейді. Жеңі кең және кең пішілген көйлек, жейделер сәннен кете қойған жоқ, керісінше маталары жұмсарып, түрі көбейіп жатыр”, – дейді дизайнер.

Тағы негізгі тренд түрі – бахрома қосылып сәнді тігілген көйлек. Сонымен қатар жабық кофталар да сәннен кете қойған жоқ.

“Ерлердің жейдесі секілді тік жағалы әйелдерге арналған кең тұратын жейделер сәнде қалды, алайда бір иығын ашып кию трендке айналып барады. Қазір жейделер сәнді әрі ыңғайлы болу керек деген бағытта тігіледі. Шілтерден тігілген өте нәзік нымша да трендте, оны асты-үстімен бірдей киімнің сыртынан кию сәнге айналды”, – дейді Жұмабек.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by (@damilya_zhumabek) on

Ал биыл жазда ақ пен қызғылт түстен тігілген киімдер сәнде болады. Сонымен қатар жапырақтар суреті салынған жібек матадан тігілген киім жаздың сәніне айналады.

“Шалбарға келер болсақ, джинсы шалбардың етек жағы кішкене тарлау келетін түрі мен кала шалбар сәнге қайтадан келді. Бір кездері адамның денесіне жабысып тұратын киімдерді ұнататындар көп болса, қазір аздап бос тұратын киімді таңдайтындар көбейді. Алайда бұл шалбарларды жейдемен үйлестіре білу керек”, – дейді.

Ал аяқкиімнің ішінде 80-90 жылдары сәнде болған арты ашық аяқ киімдер қайтадан сұранысқа ие болған.

“Аяқкиімнің ең сәнге айналған түрі мюли деп аталады, жазда өте ыңғайлы әрі түрлі-түсті болып шығып жатыр. Бұл аяқкиім өткен жылдан бері сәннен түскен жоқ. Себебі жазда кигенге өте ыңғайлы, бас жағы үшкірлеу, ал арты ашық. Аяққа іліп алып киіп кеткенге өте ыңғайлы. Сондай-ақ, туфлидің бас жағы төрт бұрышты болатын түрі сәнге келді, дөрекілеу көрінгенімен сұранысқа ие”, – дейді дизайнер.

Айтуынша, жазда туфли өкшесінің биіктігі 4-5 сантиметрден аспауы тиіс, ал босоножканың бауы өте жіңішке немесе шынжыр секілді түрі трендте.

Коронавирус сәнге әсер ете ме?

Сонымен қатар дизайнерден коронавирус індетіне байланысты сән әлемінде қандай да бір өзгеріс күтіле ме, осы жайында да сұрадық.

“Жазда дизайнерлер гүлді көйлектерді көп шығарады десек, соған сәйкес масканы да дәл сондай матадан тігу қазірдің өзінде кең тарап жатыр. Алдағы уақытта да бұл үрдіс болып сақталуы мүмкін. Елдегі, әлемдегі жағдай тұрақталса да, біраз уақыт киіммен үйлестіріп маска тағып жүретін боламыз”,- дейді ол.

Қандай әшекей таққан дұрыс?

Ал қазақы оюдан түрлі бұйым жасайтын этнодизайнер Айгүл Жансерікова киізден жасалған бұйымдардың биыл тренде болатынын, сондай-ақ,ою салынған көйлектердің жыл сайын сұранысқа ие болып жатқанын айтты.

“Жазда тағатын алқа, сақина мен сырғаның барлығын киізден жасай аламыз. Ал жаздық көйлекті киізден тігетін кезде оған жібек матаны араластырамыз. Жібектің үстіне жұқалап киіз басып, көйлек тігіледі. Ондай көйлек жазда ыстық тартпайды. Жібектің де түрі бар, жазда жұқа шифон қолданылады”, – дейді Жансерікова.

Айтуынша, киімнің үлгісіне қарай оюдың да көлемін өзгертіп отыру қажет. Мысалы, жеңіл жамылғының оюы ірі болуы керек.

“Киізден жасалған киімге майда ою салу мүмкін емес, барынша ірі оюды саламыз. Ал оюдың көлемі киімнің үлгісіне қарай өзгеріп отырады. Алайда қазақша нақышта болу керек деп барлық жерге ою түсіре беруге болмайды. Жырығы үлкен көйлекке жырық бойымен майда ою салуға болады”,- дейді ол.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Aigul Zhanserikova, Ph.D. (@aigul_zhanserikova) on

Шашқа арналған бұйымдар мен белдіктерді де оюмен әрлеп, қолдан жасауға болады. Әсіресе жазда шашты жинап жүргісі келетіндер көп, дейді дизайнер.

“Жазда оюдың қанық қызыл, қанық көк,ақ пен қызылды араластырып, сондай-ақ, фуксия, шафран, классикалық көк, жалбыз түстес реңктерді қолданған жөн”, – дейді дизайнер.

Спутник

Continue Reading

Лайфстайл

Қадір түні қандай түн?

Published

on

Бұл түн аса қадірлі түн, өйткені арап тіліндегі «لَيلَةُ القَدر» сөзі: «қадірлі түн, құдіретті түн, маңызды түн» деген мағыналарды білдіреді. Бұл түн басқа түндерден орны ерекше. Өзге түндерде жасалған ғибадаттар оған жете алмайды. Сондықтан атына заты сай «Қадір түні» деп аталған.

Бұл түнде жаратылыстардың тағдыры белгіленіп, келесі қадір түніне дейінгі болатын (адамдардың рызық несібелері, өмір өлшемдері секілді) маңызды оқиғалар Алла Тағала тарапынан періштелеріне аян болады.

Рамазан айы келгенде пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ораза айы келді, онда мың айдан қайырлы қадір түні бар. Кімде-кім сол түннің сауабынан құр қалса, барша жақсылықтан мақұрым қалмақ. Мақұрым адам ғана оның сауабынан құр қалады»,[1] – деп жақсылыққа ұмтылуға шақырған.

Толығырақ оқу үшін басыңыз…

Continue Reading

Лайфстайл

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қашықтықтан оқыту біліктілігі

Published

on

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ БІЛІКТІЛІГІ

Шамшиденова Ф.М.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғыламдарының кандидаты. Алматы қ.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан тарихы кафедрасы бүкіл факультеттерге «Қазіргі Қазақстан тарихы» пәнінен дәріс беріп, мемлекеттік емтихан алуды жүзеге асырады. Өз отаныңның тарихын білу азаматтық міндет екені белгілі.
Университет ректоры Г.Т. Алдамбергенова заманауи талаптарға сай университет жұмыстарын нығайтып жатқаны әлемдегі короновирус індетіне байланысты Қазақстанда да карантин жарияланғанда жақсы байқалды. Ұйымдасқан түрде ұжымды және студенттерді осы жағдайға бейімдеп, zoom бағдарламасы алаңында онлайнда жиналыстар жүргізіп, жұмысты бір арнаға қойды. Бұл университет әлемдегі тек арулар білім алатын өзіндік бірегей дәстүрі бар парасат мектебі екенін дәлелдеуде.
Қашықтықтан оқытудың нұсқаулықтары педагогтар мен студенттердің «Универ» жүйесіне қойылды. DL жүйесіне студенттер берілген тапсырмаларға жауаптарын уақытында енгізіп, дәрістер мен семинар сабақтарына уақытында қатысуда. Педагогтар қашықтықтан дәріс қана өтпей, студенттердің білімін шыңдауда, алған білімдерін тереңдетіп, дәлелдеу бағытында 22 сәуір күні Ж.Б. Аширбекова басқарып отырған Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының басшылығымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының 3 жылдығына орай және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында Алматы қалалық жоғары оқу орындары студенттері арасында zoom платформасы арқылы онлайн түрде «Ұлы даланың Ұлы қыздары» атты зияткерлік олимпиада өткізді.Олимпиадаға Қазақ ұлттық аграрлық университетінен «Аграрка арулары», Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-ден «Томирис», Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан «Өнер қырандары», Алматы университетінен «Ұлы дала қырандары», сондай-ақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен «Томирис» командалары қатысты. Интеллектуалды олимпиада қатысушылары: Таныстыру, «Ой толғау», «Тарихи хронология», «Ұлы даланың қаһарман қыздары», «Тарихи терминология» атты 5 айналым бойынша білім жағынанжарысты. Онлайнда сайысқа Қазақстанның басқа аймақтарынан да көруге мүмкіндік болды. Қазылар алқасына да басқа облыс университеттерінен енгізілді. Сайысқа қазылық жасағандар: Төраға: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы ҚХА кафедрасының меңгерушісі PhD доктор Жуманова Айман Зейнелгабденовна.Мүшелері: Халықаралық қазақ-түрік университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультеті Тарих кафедрасының доценті, т.ғ.к. Абдраманов Ербол Сағынбекұлы;Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор м.а. Исаева Алия Исаевна;Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының PhD Cаркулова Света.
Ал олимпиаданы кафедраның доценті, т.ғ.к. Е. Берлібаев пен аға оқытушы Қалдыбаева Сафура ұтымды жүргізді. Студенттер командаларының отан тарихына деген ынтасы, өз ауылдарында отырып осы олимпиадаға қатысуға қызығушылық танытқандары, оларға жетекшілік еткен оқытушыларының қызметі мақтауға тұрады.
Университеттегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Гаухар Байташева осы олимпиада туралы «Тарих – ұлттың жады. Олимпиаданың да ұлт тарихын ұрпақтар санасында қайта жаңғыртуда арқалаған жүгі салмақты болды. Әр ЖОО-ның әртүрлі мамандығынан жиналып, бір арнада бас қосқан жас білімпаздар қойылған әр сауалға жауап беріп, берілген тапсырмаларды орындау барысында ойларын жан-жақты тұжырымдай отырып, тарихтан алған таным деңгейлерін көрсетті. Қазылар алқасы әрбір топтың жауаптарына қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, тиісті бағаларын берді», – деп тұжырымдады.
Қазіргі ел ішіндегі бір апат Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқыны салдарынан өңірдегі бірнеше елді мекеннің тұрғындары көшірілгені белгілі. Соңғы мәліметтер бойынша 640-қа жуық үй су астында қалған.Осы орайда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті тасқын судан зардап шеккендерге осы аймақта тұратын оқу орнының студенттеріне көмек қолын созу мақсатында жедел телефон желілерін іске қосты. Телефондар университет сайтында бар.
Қазыналы қарашаңырақ бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім бағдарламалары бойынша талапкерлерді оқуға шақырады.Бүгіндеуниверситетте 400-ге жуықжоғарысанаттыпрофессор-оқытушықызметатқарады.
Университеттің оқу ғимараттары мен жатақханалар, кітапханалар мен спорт кешендерістуденттердің білім алуына ыңғайлы, заман талабына сай.

Continue Reading

Лайфстайл

БІЛІМНІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ

Published

on

Бегалиева А.Қ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы. Қазақстан, Алматы қаласы.

Әмірханов М.Б.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы. Қазақстан, Алматы қаласы.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық қасиетімізді жоғалтпай, санамызды, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, оған ие болып, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіре қарап, ел игілігіне жарату қажеттігі айтылды. Осы бағытта жаңғырудың маңызын былай көрсетті: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды».Білген адамға осындай тұжырымның өзі көп нәрсені аңғартады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары оқу орнына дейінгі факультетте білім алып жатқан алыс және жақын шетелден келген қандас- бауырларымыз ( Қытай, Монғолия, Түркия, Ауғаныстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, т.б.) міндетті пән ретінде Қазақстан тарихын оқиды. Отан тарихын шетелдік аудиторияда оқытудың арнайы міндеттері бар деп санаймыз. Атап айтқанда, тыңдаушыларымыз іргелі білімін қалыптастыру және дамыту, тәрбиелік мәнде жалпы адамдық рухани құндылықтардың артықшылығын анықтау, оларды ұлттық құндылықтармен үйлестіру.
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың ұлы есімі» атты салтанатты іс-шара өтті. Ұстаздарға арналған, Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған«Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының аясында «Білім беру саласының цифрлық жүйеге көшуі-заман талабы» атты секция бойынша конференция өтті.Конференцияға білікті ұстаздар мақалаларын жазып, секцияға қатысып,өз ойларын ортаға салды.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінінің ұйымдастыруымен сәуірдің 7-8 күндері аралығында алыс, жақын шетелден келген қандас тыңдаушылар, ЖОО оқу орындарының студенттері және жас ғалымдардың, колледж студенттері мен бейімдік мектеп оқушыларының арасында онлайн жүйесінде «Фараби әлемі-2020» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. (htpps://kaznu.kz.) Конференцияның негізгі мақсаты –Қазақстан республикасындағы қазіргі білім мен ғылым дамуының өзекті мәселелерін талқылау, жастар арасындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштікті қалыптастыру және Елбасы саясатын жастар арасында дәріптеу болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Бейіндік мектебі ағымдағы оқу жылының 14 ақпанында«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ұлы бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына арналған республикалық конференция ұйымдастырды. Конференцияға ғылымға деген қызығушылық танытқан мектеп оқушылары мен арнайы орта білім мекемелерінің білім алушылары қатысты. Конференция туралы толық мәліметті htpps://kaznu.kz сайтынан біле аласыздар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Бейімдік мектептің директоры Б.Н.Кульжанова мен ұстаздар ұжымының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының ҮІІ Республикалық конференциясы өз жұмысын ұйымдастырушылар мен қатысушылардың университеттің басты ғимаратының алдына орналасқан әл-Фарабидың ескерткішіне гүл қойып, тағзым етуден бастады. Конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушыларымен қатар Жоғары оқу орындарының студенттері де белсене қатысты. Конференция талантты мектеп оқушыларымен қатар, студенттерді де ғылым әлеміне жетелеп, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға баулу мақсатында ұйымдастырылды. Республикалық конференцияның пленарлық отырысын – салтанатты жиынын құттықтау сөзбен ашқан бейіндік мектептің директоры Ботагөз Ниязовна бұл дәстүрлі ҮІІ Республикалық конференция өте ауқымды көлемде,жоғары деңгейде өтті .Оған Қазақстанның көптеген өңірлерінен 400-ге жуық оқушылар мен студеттер қатысып,олардың ғылыми жетекшілері әр шәкіртінің жұмысы сәтті өтуіне тілектес болып белсенділік танытып бірге келді. Әуелі конференция жұмысын қалалық деңгейде бастағанын айтып, ізгілікті шараның жылдан-жылға аясы кеңейіп, арқалаған жүгінің маңызды болып келе жатқанын атап өтті.
ЖОО-ға дейінгі факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Е.Жаппасов та жастардың осы әлемнің құпиясын тереңірек білсем, ғылым кеңістігінде пайдалы жаңалық ашып, туған елінің дамуына өзіндік үлесін қоссам деп келіп отырған жастардың қадамына сәттілік тілейтінін айта келіп, жас дарындарды ғылым әлеміне жетелеп, бағыт-бағдар беруші ұстаздарына алғысын білдірді.
Қазіргі кездегі Тәжвирус індетіне қарамастан, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушы құрамасы студенттерге, тыңдаушыларға қашықтықтан Zoom бағдарламасымен және ватсап арқылы, Майкрософт, Youtube интернет арқылы білім беруді меңгеріп алды. Тыңдаушылар да ақпарат заманының талабына сай ұстаздарының жетелеуіне жүріп, жақсы білім алуда.
Қазақ халқы өз тарихында қиын-қыстау күні жігін үзбей, береке-бірлікте болған, сондықтан қазіргі жағдайдың ұраны «Біз біргеміз!» деп аталуы тегін емес. Осы тілекпен жатақханада тұратын алыс және жақын шетелден келген тыңдаушы- қандастарымызға азық-түлік жеткізіліп берілді, ораза ұстаған Ауғанстан,Түркиядан т.б елден келген студенттерге, тыңдаушыларға ауыз ашарға деп тамақ апарып бердік, өйткені арнайы ифтар ұйымдастыруға көп адам жиналуға тиым салынғаны белгілі.
Білім мен ғылымның Қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті төтенше жағдайға қарамастан студенттерімен, тыңдаушылармен куратор-эдвайзерлер,тәрбиеге жауапты аға куратор және факультеттің, кафедраның жауаптылары қашықтықта күнделікті байланыс жасап, оқу бағдарламасы бойынша білім алуларын тоқтатқан жоқ және патриоттық, адамгершілік тәрбие беруде.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде2 weeks ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде2 weeks ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде4 weeks ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Әлемде4 weeks ago

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы...

Әлемде1 month ago

Әлемдегі ең таза қала аталды

Австрияның Вена қаласы әлемдегі ең таза қалалардың рейтиінгінде көш бастады, – деп хабарлайды Tengrinews .kz. Дереккөз мәліметінше, Венада қоғамдық көлік...

Әлемде1 month ago

Атажұрттағы аталылар шаңырағы

“Атажұртым шалғайда, Асыға жетер күн қайда?” -деп аталар әңгімесін бастағанда буырыл сақалдары сағыныштың мөлдір кермегіне малшынып шыға келуші еді. Құтты...

Әлемде2 months ago

Ресей коронавируспен қалай күресіп жатыр

Бір айлық карантиннің кесірінен 2020 жылы елдің ЖІӨ-сі 1,5-2%-ға қысқаруы мүмкін. Владимир Путин ел аумағында төтенше жағдай жариялаған жоқ. Ал...

Кітаптан үзінді...2 months ago

KFC қалай пайда болды?

Жылдам дайындалатын Кентуккилік қуырылған тауық етін әлемде білмейтін адам жоқ. Kentucky Fried Chicken (KFC) атауы айтып тұрғандай бұл тағамның шыққан...

Статистика

  • 141,278

Басты назарда