Connect with us

Әлемде

Айгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады

Published

on

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында Италияның Милан қаласындағы Боккони университетінің оқытушысы Айгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады.

«Сіздің үшінші құрылтайда айтқан «шетелдегі әрбір қазақ отаныма не беремін», деп ойланатын кез келді деген сөзіңізден кейін білімімді Атажұртым Қазақстанға жұмсауға шештім. Содан бері бар күш-жігерімді қазақ елінің дамуына жұмсауға тырысып келемін.
Сингапурдың бірінші премьер-министрі болған Ли Куан Ю сіздің сыйлас досыңыз болғанын білемін. Мен 7 жыл Сингапур мемлекеттік университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде қызмет істедім. Сол уақытта Қазақстан мен Сингапур арасында білім саласы бойынша бірнеше келісім жасасуға тікелей қатыстым. Соның нәтижесінде Қазақстанның 150-дей мемлекеттік қызметкерлері, мининстрлері мен басқа да лауазымды қызметкерлерінің білімдерін жетілдіруін Астанада және Сингапурда ұйымдастырдым.
2012 жылы Назарбаев университетін Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебіне 5 жылдық келісімшарт жасалуына мұрындық болдым. Келісімшарт осы жылдың мамырда тағы 5 жылға ұзартылды», – деді Айгерім Болатқызы.

Оның айтуынша, Боккани университеті мен Қазақстанның Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы стратегиялық серіктестің жолға қойылуына себепкер болған. «Бұл еңбектерімді тарихи отанымның дамуына қосқан кішкентай ғана перзенттік үлесім ретінде қабыл алыңыз. Мен сіздің үштілді оқыту бастамаңызды толықтай қолдаймын. Бұл қазақ жастарын 21 ғасырдың күнсайын өзгеріп жататын талаптарына дайырлаудың қамы», – деді Айгерім Болатқызы.
Айгерім Болатқызы сөз ортасында өзінің Моңғолияда туып өскенін атап өтті.

Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Әлемде

Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президентін еліне ресми сапармен келуге шақырды

Published

on

By

KAZNEWS – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганы еліне ресми сапармен келуге шақырды. Бұл жөнінде ҚР-ның президентінің Моңғолия президентіне жолдаған құттықтау хатында айтқан.
Құттықтау хатта Н.Назарбаев мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас пен тығыз ынтымақтастықты халықтар игілігі үшін әрі қарай тереңдету жолында бірге күш – жігер жұмсауға дайын екенін білдірді.
Қазақстан президенті Х.Баттулгаға жауапты қызметінде мол табыс, Моңғолия халқына бейбіт өмір және гүлдену тілей отырып, әріптесін Қазақстанға сапармен келіп қайтуға шықырған.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия көлік логистикасын дамытуда Қазақстанға назар аударуы тиіс

Published

on

By

2017 жылғы қаңтардағы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» даму тұжырымдамасы Қазақстанның әлемдегі көшбасшы 30 елдің қатарына енуінің нақты қадамдары көрсетілген жолдау екендігі айқындалды.
Бұл пікірін Ph.D докторы, Моңғолия Ғылым академиясының Халықаралық қатынастар институтының аға маманы, Орталық Азия елдері бойынша зерттеу орталығының үйлестірушісі К.Дэмбэрэл білдірді.
«Жолдаудағы бес бағыт Қазақстан мемлекетінің жақын болашақтағы дамуының басты бес нысанасы екендігін атап өткім келеді. Құжаттағы негізгі ерекшеліктердің біріне тоқтала кетсем, «Еуразия логистика инфрақұрылымы» даму мәселесіне дұрыс назар аударылған деп есептеймін.
Бұл Моңғолия үшін назар аударатын басты мәселелердің бірі. Өкінішке орай, Моңғолия арқылы әуе, авто, теміржол транзитін дамыту логистикасы туралы айтқалы көп уақыт өтсе де, біз оны жүзеге асыра алмай келеміз. Сондай-ақ, энергетика, транспорт, логистика, тұрғын үй қызметіндегі баға тарифін белгілі мөлшерде төмендету бағытындағы кешенді шараларға дұрыс назар аударылған. Мемлекет-жекеменшік секторының серіктестігін кеңейту, ЖІӨ-дегі мемлекет үлесін 15 пайызға дейін төмендету және білім жүйесін жетілдіру, соның ішінде жаппай тегін техникалық білім беру мәселелері Моңғолия мен Орталық Азияның басқа да мемлекеттеріне өзекті болып отыр. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттің басқару тетігін жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру жолының көзі ретінде жаңаша реформалар жүргізуін көрегендік деп білемін.
Жақында ғана Қазақстанда жүзеге асырылған Конституцияға өзгерістер енгізу қадамдары мемлекет басшылығы заман талабына сай әрекеттерге барып жатқанын көрсетіп отыр. Бұл міндетті түрде Қазақстанның дамуында үлкен рөл атқаратындығына күмән жоқ. Жалпы алғанда, экспорттың басым бөлігін құрайтын мұнай, газ, мыс, алтын секілді басты шикізат көздеріне әлемдік нарықтағы бағаның төмендеуі жағдайында Қазақстан экономикасының өзіндік қоры, әлеуеті бар екендігін көрсетіп отыр. Қазіргі әлемдік даму жағдайында экономиканың 1 пайыздық өсімі жақсы көрсеткіш деп саналатындығы да соның да бір дәлелі.
Осы орайда, қазіргі қиын кезеңде «Универсиада-2017», «ЭКСПО-2017» секілді халықаралық іс-шараларды ұйымдастырып жатқандығы Қазақстанның мүмкіншілігі зор екендігін көрсетуде. Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында Қазақстан өзін әлемге таныту сипатынан ғана емес, керісінше осы іс-шаралар нәтижесінде инвестиция тарта отырып, дүниежүзі қауымдастығының сеніміне ие болып отыр», – деп білдірді өз ойын К.Дэмбэрэл.

Continue Reading

Моңғолияда

Бір белдеу, бір жол. Моңғолияға қандай пайда әкеледі?

Published

on

By

KAZNEWS – Бейжіңде 14-15 мамыр күндері жүрілген «Бір белдеу, бір жол» халықаралық экономикалық форумның тек аспан асты елі үшін ғана емес, жалпы әлем үшін орны бөлек болмақ. Бұл туралы Ресейдің Riss.ru сайты жазып отыр.
Бұл сайт өз мақаласында Моңғолияға келер пайдасы туралы жазғанын оқырман қауымға бөлісуді жөн көрдік.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы жүзеге асқанда осы белдеу бойында орналасқан 4,4 млрд адам тұратын елдерге үлкен пайда әкелмек. Осының өзі-ақ талай нәрседен хабар беріп тұрғаны белгілі.
«Біз бар¬лы¬ғымызға пайда әкелетін қарым-қаты¬нас¬тың, сауда-саттықтың жаңа моделін ұсы¬нып отырмыз. Бұдан ұтылысқа шы¬ғатындар жоқ. Тек игілігін көретіндер көп». Бұл Қытай басшысы Си Цзинь¬пин¬нің айтқаны.
Қытай елінің стратегиялық жобасы алты бөліктен тұрады.
Нақты¬лай¬тын болсақ, біріншісі – Бангладеш – Қы¬тай – Үндістан – Мьянма,
екіншісі – Қы¬тай – Моңғолия – Ресей,
үшіншісі – Қытай – Орталық Азия – Батыс Азия,
төртіншісі –Қы¬тай – Үндіқытай түбегі,
бесіншісі – Қытай – Пәкістан,
соңғысы – Еура¬зия¬лық құрлық жолы.
Қытай мемлекеті басшысының айтуынша, бұл стратегия¬лық жобаға 124 миллиард доллар бөлін¬бек. Ол жолдар мен порттар және өзге де инфрақұрылымдар тұрғызуға арналмақ. Қыс¬қасы, жаңарған «Жібек жолы» деген атауға ие болған сауда-саттық дәлізі іске қосылған кезде әлемдік сауда-саттық на¬ры¬ғында үлкен өзгерістер орын алмақ.
Стратегиялық жобаның екінші бөлігі саналатын Қы¬тай – Моңғолия – Ресей экономикалық коридорын құру жөнінде бағдарламада «Қытайдан басталып Моңғолияны басып өтетін және Ресейдің шығыс өңіріне дейінгі авто және темір жол желісін жетілдіру» туралы көрсеткен. Бұл бағдарламаға үш елдің мемлекет басшылары Ташкентте өткен ШЫҰ-ның жиынында қол қойысқан болатын.
Ресей, Қытай және Моңғолияның шекаралас өңірлерінің оңтайлы тұстарын пайдаланып экономикалық дамудың жаңа жолын қарастыру, сауда айланымын жақсартуға жұмыстар атқарылып жатыр.
Тувада инфрақұрылымды қайта жаңарту жөнінде жасалап жатқан жобалардың бірі Қызыл әуежайын халықаралық деңгейге жеткізу жұмысы жүріліп жатыр. Сонымен қатар РФ-ның М-54 автожолын жаңартып, Тува (Хандгайт) – Моңғолия (Боршоо) бекеті арқылы моңғолия жерін басып, Қытайдың солтүстік өлкелеріне бағытталған жол салу жұмысы басталғанын айтады.

Егер, Тува (Хандгайт) – Моңғолия (Боршоо) бекеті арқылы салынатын жол жүзеге асатын болса бізге транзит тасымалынан түсетін пайда көп болатыны сөзсіз.

Continue Reading

Title

Кітаптан үзінді...3 days ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Кітаптан үзінді...2 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Кітаптан үзінді...2 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Кітаптан үзінді...2 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Кітаптан үзінді...2 months ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Әлемде2 years ago

Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президентін еліне ресми сапармен келуге шақырды

KAZNEWS – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганы еліне ресми сапармен келуге шақырды. Бұл жөнінде ҚР-ның президентінің...

Әлемде2 years ago

Айгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында Италияның Милан қаласындағы Боккони университетінің оқытушысы Айгерім Болатқызы тарихи отанының...

Кітаптан үзінді...2 years ago

Моңғолия: Мазаалай жер серігін ұшырды

SpaceX компаниясының Falcon-9 зымыраны сәтті ұшты. Дүйсенбіге дейін халықаралық ғарыш станциясына жетеді. Жер серігі ғарыштық зерттеулер жүргізуге, спутниктен түсірілген фотосурет...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті