Connect with us

Жаңа есім

ГҮЛМАЙРА ӘКІМҚЫЗЫ: Өнімнің жетпіс пайызын тапсырыспен жасаймыз

Published

on

Бұл жолғы жарияланым қонағы  қолөнер кәсібімен нарықтан өз орнын сәтті тапқан тәуекелшіл, бастамашыл жас энтерпренер – «Асыл мұра» компаниясының негізін қалаушы Әкімқызы Гүлмайра.

2004 жылы Чой. Лувсанжав атындағы Лингвистика институтынан мәдениеттанушы мамандығын игеріп, 2013 жылы Ғылыми технологиялық университеттен дизайн-жобалаушы магистрі дәрежесін алды. Қазір Моңғолия мемлекеттік университетінде бизнестік басқару магистрін оқуда. Ол икемі мен дарынына сай қолөнерді кәсіп етіп, қазақ халқының ұлттық мұрасын еліміз бен шетелдерге танытуға үлес қосып, әлемге танымал компания құрды.

Мекен жайыМоңғолия, Улаанбаатар қаласы

Сошиал парақшасы: Gulmaira Akim

Өмірде бір ғана сенің шындығың ғана шындық емес, сондықтан басқаларға да құрметпен қарау қажет.

Компанияңыз туралы баяндасаңыз?

Студент кезімде арт-дүкендер арқылы туристерге ескі түскиіз сатып жүрдім. Ескі түскиіз азайған соң жаңасын неге тігіп сатпасқа деген ой келді. Әрі бірдеңе істеу керек болды. Ойланбастан тура осы кәсіпті қолға алдым. Адамды жұмыстату үшін тәжірибе қажет екенін де ескермедім. Бәрін өзім істей беруге болатын болса да, қалалық жерде тұрғандықтан мұнда тұтынушылардың талабы мен талғамы өте жоғары болды. Жұмыстаушылар санын қосу нәтижесінде «Асыл мұра» компаниясын 2007 жылы жолдасым екеуіміз құрып, 2008 жылдың маусым айынан бастап, Налайх қалашығында үш, Өлгийде сегіз адамға кесте тіккізе бастадық. Кәсіпке төселген сайын ісіміз ілгері басты.

Қанша жұмысшыңыз бар?

Тігін өндірісімізде Налайхда 32 жұмысшы,  Өлгийде  22 кестеші жұмыс орнында жұмыс атқарса, сексендей кестешімен келісімшарт арқылы бірлесе жұмыс атқарудамыз. Барлығы 130-дай адамдармен бірлесе қызмет  жасаудамыз.

Өнімдеріңізді қайда сатасыздар?

Өнімнің жетпіс пайызын тапсырыспен жасаймыз. Ұлыбританиялық әріптестеріміз бар. Қырық пайызын солар алады. Одан кейінгісін ҚХР-дың ШҰАР-дың компаниясына өткіземіз. Еліміздегі ең үлкен сауда желісі «Номин» супермаркеттерінде, Баян-Өлгийде Памукалле ғимаратының екінші қабатында өнімдеріміз сатылады. Өндірістің басты қозғалтқышы – өнім сатып алушылар. Солардың арқасында жетістікке қол жеткізудеміз.

Жұмыс жүргізудегі әдіс –тәсіліңіз?

Осы саланы жетік білу үшін дизайнерлік магистр дәрежесін тәмамдап, кейін 2014 жылдан бастап, еліміз және шетелден 24-тей курстарға қатыстым. Кәсіппен айналысу барысында көп ізденіс пен білім қажет екенін түсіндім. Білмейтін нәрсем болса, білетіндерден сұрап алудан ұялмаймын.

Жұмысты қалай жоспарлайсыз? Жұмыс күніңіз қалай өтеді?

Таңғы 5-6 сағатта оянып, міндетті түрде 2 сағаттай фитнеспен айналысамын. Ісім алға басу үшін алдымен адамның денсаулығы мықты болу керек деп ойлаймын. Бұл ой Жапонияға барып келген соң туды. Ең кемінде 12 сағат жұмыста боламын. Өндіріс болғандықтан  шешімді дер кезінде жедел қабылдау  қажет. Сылбыр болуға болмайды. Менеджерлерді баулимын. Таңғы 8-9, кешкі 21-22 сағат арасында сол күнгі атқарылған және ертеңгі істелетін істерді сараптап отырамын. Жалпы өндіріс жүргізу – күрделі іс, әсіресе қолөнер шеберханасы. Сондықтан жұмыс барысын дәптерге белгілеп жазып қоямын. Телефонға, комьпютерге жазғым келмейді. Әр нәрсенің көкірегімде жазулы тұрғанын қалаймын. Айында үлкен бірнеше дәптер бітіремін. 4-5 дәптерді жанымнан тастамаймын. Осы тәсілді өзіме жеңіл санаймын. Жұмысшыларым бүгінгі жұмыстарын сапалы атқару үшін талпынса, мен компанияның келешегі үшін еңбек етемін. Уақытты тиымды пайдалану үшін бүгінгі  жұмысты сапалы істеу арқылы келешектегі уақытты үнемдеу деген сияқты жұмыстың сапасына ерекше мән беремін.

Бизнесіңізде қандай кедергілер бар?

Бизнестің басты мақсаты мәселелерді шешу, оған тап болса, шығар жол іздеу. Тұтынушылар біздің өнімді неге алады, не алмайды дегенге қорытынды жасап отыру қажет. Оған қолмен кесте тігіп отырған қарапайым жұмысшының да еңбегі үйлесуі керек. Жүз кісі әрбір сатып алушы үшін еңбек етіп жатырмыз дегенді түсінген абзал. Сол тұрғыдан ойлағанда көп мәселелерге кездесіп жататын жайымыз бар. Мен проблеманы жетістікке жетудің баспалдағы деп ойлаймын. Проблема көп дегеніміз, істейтін жұмыс көп деген сөз.

Болашаққа жоспарыңыз?

Биылдан бастап, кестешілермен ақылдаса отырып, тұтынушылар үшін қалай жұмыстау керек деген тақырыпта курс өткізу, еңбек ететін ортасын жақсарту ойымда бар. Қолөнершілер орталығын туған жерімде орнатпақпын. Жерін алып қойғам, енді инфрақұрылымдардан бастап, іске қосуым қажет. Қазір туристер үшін ғана өнім өндірсек, келешекте Қазақстанға тек санаулы ғана дана экспортқа шығарылатын эксклюзив, сапалы заттарды шығару мақсатымыз бар. Келісімшартпен жұмыстаушыларды негізгі жұмысшы етсем деп ойлаймын. Заңның өмірге сәйкеспей жататын тұстары да бар. Басты арманым алдағы 3-5 жылда халықаралық дәрежедегі 500 әйел жұмыстайтын кәсіпорын ашу мен өндірістер желісін құру

Кестешілердің біліктілігі қандай?

Шеберлігіне қарай кестешілер бізде беске бөлінеді. Солардың мықтыларының еңбекақысын бір миллион төгрөгке жеткізу мақсатым бар. Олар келешекте «Асыл мұра»-дан қалған зат деп айтатындай жеке қолтаңбасы бар өнімдер шығарсам екен деймін.

«Курстарға барамын», «көп оқимын»,- дедіңіз. Бұдан көп ізденетініңіз   байқалады. Дәл қазір қандай шығармалар немесе мақала оқып жатырсыз?

Уланбатырда тұратындықтан көбінде моңғол тіліндегі кітаптарды оқуға тура келеді. Соңғы жылдары қазақ кітаптарды жинақтап және оқып жүрмін. Өзім ғана оқып үйренбей, жұмысшыларды да оқытуға назар аударамын.  Швейцарияның курстық оқыту және Жапонияның моңғол-жапон бизнес орталықтарымен бірлесе жұмыстаймыз. «Жайка» жобасы ауқымында жылында елімізден үш компания сыналтып алып, бағдарламаға қамтиды. Өткен жылы соған құжат өткізіп сыналтылып, қазір ай сайын бір жапондық ұстаз келіп, бізге сабақ үйретіп, мені де, жұмысшыларды да кәсіпке баулып, біліктілігімізді арттыруда. Жаман ұлт, жаман адам дегенге сенбеймін. Адамдардың барлығы да жақсы өмір сүруді қалайды. Шетелдіктерде адамтану жақсы дамыған. Олар адамдарды алаламай, қалай еңбек істетуді үйретеді. Соның нәтижесінде мына адам қалай өзі дегенді қойып, қалай жаратылса, солай қабылдап, тіл табысып, жұмыс жүргізетін болдым.

Сіз халыққа танылған әншісіз. Қазір өнер жолындасыз ба?

Мен әуесқой өнерпазбын. Кәсіби музыкалық мамандық алмадым. Қазір одан аздап алыстап барамын. Моңғолиядағы қазақтар ішінен алғаш рет «Ел көшкенде», «Туған жер» атты жеке үнтаспаларды шығардым.

Сөзі: Мұрат Бұшатайұлынікі; Әні: Бержан Файзоллаұлынікі

Одан кейін бізде өнерді қолдайтын адам керек деген оймен жеке бизнеске көштім. Қазір де сол ойымнан қайтқам жоқ. Өнерпаздарға наурыз кезінде барымды, киімдерімді ұсынамын, жастарға жолын табуға көмектесіп, бар ақыл кеңесімді беріп отырамын. Ұлтыма, өнерге деген махаббатымды жоғалтқан емеспін.

Қандай әндер тыңдайсыз?

Махаббат туралы әндерді тыңдауды ұнатамын. Бұрын махаббатты кітаби тұрғыда түсінсем, қазір ұғымым тереңдей бастады. Махаббат – сыйластық пен сезімнен тұрады. Өлең оқуды да жақсы көремін. Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова өлеңдерін оқимын.

Жұмыстан тыс уақытта қайда боласыз?

Негізі мен жұмысбасты әйелмін. Бірақ кофешоптарда көп отырамын. Адамдармен емен-жарқын әңгімелесуді жақсы көремін.

Кімнен, қайдан күш-қуат аласыз?

Ең алдымен, балаларымнан, отбасымнан күш-қуат жинаймын. Армандарыммен қанаттанамын. Үлкен жоспарлар құрудан қуат аламын. Жұмыс азайған сайын шаршауым көбейеді.

Бес жыл зиян шексең де, түпкі мақсатың жетістікке жету болу керек.

Өмірден алған ең құнды сабағыңыз?

Менің басты қағидам – «адамды адам еткен еңбек» деген сөз. Өткен жылы қыркүйекте Жапониядан жинақтаған тәжірибем арқылы адамдарға деген сүйіспеншілік, адамды құрметтеу, қандай жағдайда да түсіп берудің қаншалықты құнды екенін түсіндім. Басты мақсатым – өзім кетсем де артымда ұмытылмас мұра қалдыру. Туған жерде келгенде әсіре саясатшылдық пен көші-қонды көріп, кейде көңілің құлазып қалады. Сондықтан жақсы бір орта қалыптасса деп армандаймын. Жапониядан келген соң, қолға алсаң, болмайтын дүние жоқ деген түсінік қалыптасты. Өмірде бір ғана сенің шындығың ғана шындық емес, сондықтан басқаларға да құрметпен қарау қажет. Өзіңді құрметтесең, өзгені де құрметтеуді үйрен дегім келеді. Солай жасаған сайын адамға деген сүйіспеншілік артады. Жапондықтар ұзақ мерзімге жоспар құрып, өмір сүреді екен. Сол арқылы келешектегі игі істерді ойлап, күнделікті күйбеңді ұмытуға болатын сияқты. Ақша табу басты мақсат емес, басты мақсат құндылық пайда болғызу. Мысалы, бес жыл зиян шексең де, түпкі мақсатың жетістікке жету болу керек. Бизнес адамға қажет нәрсе өндіру үшін  жасалады.

Несиесіз бизнес жүргізу мүмкін бе?

Мен несиені жауапкершілік деп көремін. Ал ақыл арқылы жауапкершілік саналады. Бизнес жасау арқылы ауқатты өмір сүруді қалауда еш терістік жоқ. Сол уақытты ерен еңбек, жоспармен ғана жақындатуға болады.  Бізде басқаға жақсы жақсы көріну деген мәселе бар. Бар тапқан таянғанын көлік алуға жұмсайды. Бәрін құртатын нәрсе жас кезінен өзін жақсы, күшті деп айтқызуға құмарлық.

Б. Лхагвасүрэннің айтқан жақсы сөзі бар: “Үнсіз еңбектен, атқарған ісің сен үшін сөйлейді”.

Жетістікке жетудің құпиясы?

Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес. Бірақ оның барлығын жүзеге асыру үшін көп ақша шашу керек болады. Мен де әңгімешілмін. Соңғы екі жылда өндірісте көп  сөйлеуді азайттым. Тыңдау арқылы да керекті жаңа идеялар туып жатады. Көбінесе, ер азаматтар бастамаған жұмысын ауызбен ғана бітіріп, жауып тастайды. Нәтиже уақытпен өлшенеді. Мың шақырым жүрген соң ғана ол жолда не көргеніңізді айта аласыз. Әр нәрсені қойын дәптеріңізге белгілеп отыру сізді жетістікке жетелейді. Ғалымдардың пайымдауынша, жазылған дүние адамның миында екі есе артық сақталады.

Бизнеспен айналысушы қазақ әйелдері өте аз. Жалпы олардың қандай  салада бизнес жасау мүмкіндігі бар?

Бизнес әйел, еркек деп бөлінбейді. Дүниежүзілік әйелдер ұйымы әйелдер көп бизнеске келсе, әлемдегі көптеген мәселе шешіледі деген қорытынды шығарған. Өйткені ең алдымен әйелдер өзінен бұрын отбасы, бала-шағасының  ойлайды. Сондықтан да олар әлеуметшіл. Ал ерлер болса, тек экономиканы айтып, қоғамды ұмытып кеткен. Не дамыды десек, көлік өндіру мен инжерения саласы. Нәтижесінде бүкіл дүние автоматтандырылып, өндірісте роботтар пайдаланыла бастады. Ғалымдар келешекте  осылай жалғаса берсе, жұмыссыз адамдар күрт көбейеді деп отыр. Әйелдер еңбек етуші, отбасын асыраушы адамдарды ойласа, ерлер үшін кәсібі жүріп тұрса болғаны. Айырмасын өзіңіз ойлап көріңіз. Қытай ғұламасы Күнз «Дүниеде екі адам болады. Біреуі басқарушы, екіншісі – жұмысшы» деген. Ол әйел, еркек демеген. Еңбекшіл адамға ғана басқалар құрметпен қарайтын болады. Жетістік оңай келмейді. Сондықтан әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әйелдер бизнеске көптеп келу қажет деп ойлаймын. Бірақ әйел, ер адам деп бөлгім келмейді. Дайын зат сатудан өндіріс бастаудың маңызы қоғамда өте зор. Өндіріс дамымай, ел дамымайды. Салық төлеу, адамдарды жұмысты болғызу арқылы біз ақша өндіретін боламыз.

Казньюстің осы жобасына келесі қонақ ретінде кімді ұсынасыз?

Шақырып қонақ қылғандарыңызға рақмет! Сіздерде іскер, мықты, жас кәсіпкерлер сұхбат бергенін білемін. Мен келесі сұхбатқа бірнеше стартап компанияны сәтті басқарып жүрген, энтерпренер, білімді аудармашы Райса Қадырқызын лайық деп ойлаймын.

Рақмет! Ісіңіз ілгерлей беруін тілейміз!

Жаңа есім

Жанерке Мерзетханқызы: Біз клиенттерімізге жоғарғы сапа, ерекше үлгі ұсынамыз

Published

on

09 қараша, KAZNEWS. Баян-Өлгийлік дизайнердің ұлттық нақыштағы және заманауи үлгідегі киімдеріне сұраныс жоғары. Сити университетінің түлегі бала кезінен сурет салудағы қызығушылығы өскенде дизайнер болуға жол ашқан. Жас дизайнер 2023 жылы қандай киімдер мен қандай өңдер трендте болатынын айтып берді.

Жанерке Мерзетханқызы, туған жері – Баян-Өлгий аймағы. Жалпы білім беретін 5 мектептің түлегі. Сити университетін дизайнер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қазіргі таңда Janel Couture компаниясында дизайнер болып қызмет атқарады. «Janyerke.M atelier» сән үйінің негізін қалаушысы.

Бұл менің таңдауым

Дизайнер болу менің бала күнгі арманым. Ұлттық нақыштағы киімдерге, әшекей-бұйымдарға бала күннен қызығатынмын. Бала кезден сурет салуды қатты жақсы көрдім. Қиялымдағы көйлектерді қағаз бетіне түсіріп жүрдім. Әрине кейін оларды неге қолдан жасамасқа!? Әр түрлі фестивалдерге қатысып тәжірибе жинақтап, ұлттық киімдерді заманауи тұрғыда жаңғыртуды қолға алдым.

Кәсібіңізді қалай бастадыңыз?

Жоғарғы оқу орынын тәмандап «Хайрын хурим» атта компанияда еңбек жолым басталды. Кейін Алматыда, Дархан қаласында компанияларда жұмыстап жүрдім. Ең көп тәжірибе жинақтаған жұмыс орыным Дархан былғары заводы болды.

Клиенттеріңіз кімдер?

Қазір клиенттеріміз күн санап көбейіп келеді. Шүкір. Көбісі жанұялы жастар мен қыз келіншектер.

Өзге сән үйлерінен «Janyerke.M atelier» -дің ерекшелігі неде?

Біздің ерекшелігіміз киім үлгілерінде. 1 немесе 2 данадан ғана қайталанбайтын үлгілер. Және де клиенттерімізге жоғарғы сапа ұсынамыз.

Киім үлгісінің өзгешелігін тағы айтар болсақ, осы өлкедегі өзге де тігіншілердің үлгісін қайталап тікпейтінімізде.

«Janyerke.M atelier» тек ғана ұлттық киімдер емес заманға сай киімдерге де тапсырыс қабылдайды.

Қазір қандай киім түрлері трендте?

«Janyerke.M atelier» тек ғана ұлттық киімдер емес заманға сай киімдерге де тапсырыс қабылдайды. Барлық киім үлгілерін жасаймыз.

2023 жылы үлкен өлшемдегі сырт киімдер (Oversize) ерлер мен қыздарға бірдей Т О V силуэттеріндегі киімдер тренд болады деп күтілуде. Ал өң түсіне келер болсақ жасыл түстер және сұры, ашық purple, beige(сарғыш, тоқ сары, сарғылт, қызғылт сары) өңдері тренде болады.

Мысалға, Қызғылт сары түс туралы айта кетсем. Мамандардың айтуынша бұл түс күйзеліске төтеп берер бірден бір түс. Көңіл-күйді көтеріп, зейін қоюды арттырады. Бұл маңызды бас қосулар мен әңгімелесу кезінде пайдалы. Тез шешім қабылдауға септігін тигізеді.

Кері әсері: Тез шешім қабылдаймын деп, қате шешім қабылдап қою ықтималдылығы жоғарылайды. Тым көп эмоциядан адамды шаршатуы мүмкін.

Ал, күлгін түс жайында: Егер сіз біреумен келісім шарт жасаспақ оймен кездесуге бармақ болсаңыз, күлгін түсті таңдаңыз. Бұл түс адамға жақсы әсер етеді. Сонымен қатар, өміріңіздегі қиын-қыстау кезеңдерде, басыңыз жиі ауырғанда, ұйқысыздық орын алғанда сабырлы болуға көмектеседі.

Ал шығармашылық адамдарға қиял әлеміне шомып, фантазиялар мен бейнелердің дүниеге келуіне ықпал етеді. Бірақ әр нәрсенің жақсы мен жаманы бар сияқты, күлгін қара түсті шамадан тыс көп пайдалану күйзеліске ұшыратып, жалғыздық сезімін еселендіре түспек. Әсіресе, интерьерде күлгін түсті көп пайдаланудың қажеті жоқ. Оның орнына сарғыш күлгінге таңдау жасаңыз.

Баян-Өлгийдің жастарының талғамы қаншалықты жоғары деп ойлайсыз?

Жастарымыздың күнделікті киім таңдаудағы талғамы заманға сай деп ойлаймын. Қарап жүремін. ))) Бірақ ашық түсті киімдерді көбірек таңдаса деп ойлаймын.

Кез келген адамның қандай түс таңдағанына байланысты ол жайлы көптеген мәліметтер айтуға болады. Киім таңдау көңіл-күйге де байланысты болады.

Киімге тапсырыс басқа қалалардан түсеме?

Иә әрине. Соңғы жылдары Қазақ елінен Астана, Алматы қалаларынан, өзіміздің Дархан, Улаанбаатар қаласының Налайхан ауданынан да көптеген тапсырыстар келіп жатады.

Киім үлгісінің идеясы қалай келеді?

Тапсырыс берушінің қалауы және дене бітімі, өң келбетіне қарай, тағы да қандай ортаға киілетініне байланысты үлгілерін шығарамыз. Мен сән үйімізге тапсырыс берушілер өте ерекше жандар деп ойлаймын. Және олармен мақтанамын. Өйткені әлі күнге дейін қысқа модадағы көйлектер тігіп көрмедік.

Сапасымен үлгілеріне көңілім толады. Себебі мен киім дизайнер (clothing designer) мамандығын екіге бөліп қараймын.
Біріншісі, өз ойындағы үлгерді шығаратын дизайнер, екіншісі клиенттердің ойындағы үлгілерді шығаратын дизайнер.

Орташа тәуліктік жұмыс күніңіз қалай өтеді?

Аптасына 6 күн жұмыстаймыз. Сағат 9:00-18:00 аралығында тұтынушыларға есігіміз ашық. Ал, әлеуметтік желідегі парақшамыз қосулы тұр.

Киім тігуге күнделікті қанша сағат арнайсыз?

Киім үлгісіне байланысты. Егер жұмысы көп болса кей кездері 12 сағаттың өзі аздық етеді.

Өмірден алған ең жақсы ғибратыңыз…

Ұлы жазушы Абай атамыздың сөзі қатты әсер етеді. Абай атамыз айтады: Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Бұл менің өмірлік ұстанымым. Әрине, еңбек ғана жеңбек!

Жастарға қандай кеңес бересіз?

Жастарға алға қойған мақсаты анық болып, мақсат арманына қарай талмай талпынса деп ойлаймын. Өздерін тек жақсы жақтарымен дамытып, жаңа нәрселерді үйреніп, тек ғана даму үстінде үлкен компанияларға, қалаларға барып жұмыс жасап, шыңдалу керек деп ойлаймын.

Казньюс ақпарат агенттігі

Continue Reading

Жаңа есім

Динислам Манарбекұлы: Дәмді кофе, мықты сервис. Бұл біздің басты қағидатымыз.

Published

on

21 қазан, KAZNEWS. Казньюс ақпараттық агенттігінің «Іскер азамат» жобасының кезекті қонағы Динислам Манарбекұлы. Ол 1990 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында туған. Ресейдің Мәскеу қаласындағы Финансовый Университет при Правительстве РФ университетін аудитор мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әлемге танымал бренд “World of Coffee Machines” компаниясының директоры қызметін атқарады.

Жас кәсіпкер Динислам Манарбекұлы өзінің жұмыс тәсілін таныстырды.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
Қызметі: “World of Coffee Machines” яғни «Кофемашина әлемі» компаниясының директоры
Қолданатын ұялы телефоны: IPHONE 13 PRO MAX
Пайдаланатын компьютері: MACBOOK AIR
Әлеуметтік парақшалары: @dinislam_manarbek

КОМПАНИЯ ҚҰРУДАҒЫ МАҚСАТЫҢЫЗ?

Компания құрудағы негізгі мақсатым тәуелсіз болу. Себебі мен еркіндікті өте жақсы көремін, және басқа адамның қол астына жұмыс жасай алмаймын сондықтан да кәсіп жағы маған жақын. Әрі әкем Манарбек көп жылдар бойы бизнеспен айналысып өткен адам. Бала кезден әкеме қарап өскендіктен кәсіп жасау маған қаныма жақын болды.

СІЗДІҢ ЖҰМЫС ТӘСІЛІҢІЗ ҚАНДАЙ?

Менің жұмыс жасау тәсілім негізі клиенттікі үнемі дұрыс деген. Көбінесе клиенттер үшін барлығын жасауға тырысамыз. Мысалы таңертен ерте болсын, немесе түнде болсын товар жеткізіп және де даяршылық көрсететін кездеріміз де болады. Сол үшін де клиенттеріміз риза және де бізді жақсы көреді.

КЛИЕНТТЕРІҢІЗДІҢ ЖИІ ҚОЯТЫН СҰРАҚТАРЫ?

Клиенттеріміздің көбінесе кофе қалай жасау керек, кофемашиналарды қалай дұрыс қолдануға болады, және де кофе бизнесін дұрыс жүргізу туралы жиі сұрап жатады.

Дәмді Кофе, Мықты Сервис.

КЛИЕТТЕРІҢІЗГЕ “WORLD OF COFFEE MACHINES” КОМПАНИЯСЫН ЕСТІГЕНДЕ ЕСКЕ ТҮСІРЕТІН ҮШ СӨЗ?

Мені қысқаша Димаш деп барлық клиенттеріміз атап кеткен сол естеріне түседі, және де Дәмді кофе, мықты сервис. Бұл біздің басты қағидатымыз.

Mindmanager бағдарламасын көп адамға ұсынар едім. 

ЕҢ КӨП ҚОЛДАНАТЫН ЖҰМЫС ҚҰРАЛЫҢЫЗ, ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?

Жұмыста немесе өмірде көп қолданатын программа қарапайым блокнот, MS Excel, Evernote сосын Mindmanager. Осы Mindmanager бағдарламасын көп адамға ұсынар едім, өте тамаша құрал жоспар құру, проект жасау үшін.

Айтпақшы жақында осы бағдарлама бойынша қазақ тілде видеоматериалдар дайындап жатырмын. Ютуб арнасында шығады тегін.

УАҚЫТ ҮНЕМДЕУДІҢ ҰТЫМДЫ ТӘСІЛІ НЕ?

Уақыт қазір алтыннан да қымбат негізі, оны түсіне бермейміз расымен де. Барлық оқырмандарға айтарым өмірлеріңізді жоспарлар үйреніңіз. Әйтпегенде басқа адамның мақсаттарын орындаумен уақыттарыңыз өтеді.
Сізде анық жоспарыңыз болса уақыт жоғалтпайсыз қажетсіз затқа. Бұйырса жаңа жыл қарсаңында жоспар құру, уақытты пайдалану туралы тренинг өткізетін боламыз онлайн түрде.

Жоспар құру адамның миын артық мәліметтерден босатып жеңілдік береді. 

АТҚАРЫЛАТЫН ІСТЕР ТІЗІМІН ҚАЙДА БЕЛГІЛЕП, ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗЕСІЗ?

Мектеп қабырғасынан бері қалыптасқан жақсы әдетім бар, блокнотқа жазбалар план жазу. Сол әдетті қазір жақсы денгейге системага айналдырдым. Жылдық жоспар құрғаннан соң соны 3 айға бөлім, сосын айлық, апталық, күндік жоспар деп жеке арнайы блокнотқа жазып отырамын.

Ең нашар қарындаш мидан артық деген сөз бар. Сондықтан жоспар құру адамның миын артық мәліметтерден босатып жеңілдік береді.

ЖҰМЫСЫҢЫЗДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ НЕДЕ? ОҢ ЖӘНЕ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІ?

Кәсібімнің ерекшелігі жаңа сала, енді дамып жатқан біздің және көршілес елдерде. Оң жағы десек ол табыс көзі өте жақсы кәсіп. Кофені мұнайдан кейінгі екінші пайдалы кәсіп деп атап жатады. Әрі бұл халал өнімдер, және зиян ештенесі жоқ адамдарға. Сондықтан да мақтан тұтамыз осындай жақсы кәсіппен айналысатынымызға.

Дегенмен кері жағы жоқ емес, мысалы уақыт көп талап етеді белгілі бір деңгейге жеткізу үшін, сосын тұтынушылармен (адамдармен) жұмыс жасау, олардың көңілдерін табу оңай емес қазіргі кезде. Себебі бәсекелес компаниялар да бар, сондықтан да бизнес.

ҚАЗІР ҚАНДАЙ ЖҰМЫСҚА НАЗАР АУДАРЫП ЖАТЫРСЫЗ?

Соңғы 5 жыл бойы көңіл бөлген саламыз ол Еуропадан кофемашиналарды, кофені тасымалдап сату, жалға беру болды. Қазіргі кезде кофені өзіміз қуырып сататын дәрежеге жеттік. Кішігірім өндірісіміз бар және де өзіміздің брендпен кофеханалар желісін ашып бастап жатырмыз қазіргі таңда.

Жастарға кітап оқыңдар деп қатты кеңес беремін, себебі бұл тегін жатқан үлкен хазына. 

КІТАП КӨП ОҚИСЫЗ БА? ДӘЛ ҚАЗІР ҚАНДАЙ КІТАП НЕМЕСЕ МАҚАЛА ОҚУДАСЫЗ?

Ия кітап көп оқитын адамдардың қатарынанмын. Аталарымыз да кітап көп оқиды, әрі жастайымнан әдебиет, ертегі кітаптарды көп оқыдым. Кейін студент болған кезде кітап оқу әдеті толық қалыптасты. Сол жылдары 200-ден астам кітап оқып салыппын. Қазір үйімде өзімнің кітапханам бар, 300-дей кітап жиналған. Көбінесе бизнес, психология туралы кітаптарді оқимын. Аптасына 1-2 кітап оқуға тырысамын, және өзім де қазір кітап жазып жатырмын, Алла қаласа кешікпей жарыққа шығар.

Жастарға кітап оқыңдар деп қатты кеңес беремін, себебі бұл тегін жатқан үлкен хазына. Өміріңді де күрт өзгертуге, іздеп жүрген сұрақтарыңа жауап табуға көмектеседі.

СІЗДІҢ МІНЕЗІҢІЗ ТҰЙЫҚ ПА ӘЛДЕ АШЫҚ ПА?

Жігіттің жақсысы нағашыдан дейді гой. Туа біткен мінезім нағашыларыма тартқан, көбінесе салмақты сабырлымын. Қатты ашулана бермеймін және мінезім тұйықтау. Дегенмен бизнес ортада жүрген соң адам ашылады, және де ашылып мінезді сәл болсын түзеп үйрену керек.

ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ МУЗЫКА ТЫҢДАЙСЫЗ БА? ҚАНДАЙ ӘУЕНДЕРГЕ ӘУЕССІЗ?

Қазір жұмыс кезінде сирек тыңдаймын әуендерді, себебі кедергі жасайды назарым бөлініп. Қазақша әуендерді көп тыңдаймын, классика, джаз деген. Жастайымнан “Музарт” тобын сүйіп тыңдаймын, өзім де аздап домбыра мен гитарада ойнаймын.

КІМНЕН, НЕДЕН КҮШ ҚУАТ АЛАСЫЗ?

Алдымен жаратушы ие Алла тағаладан дұға тілек оқып күш қуат аламын, сосын әрине отбасымнан жақындарымнан. Тағы бір адамдар бар өмірден өтіп кетсе де өздерінің артынан қалдырған кітаптары, аудио видео таспаларымен бізге әлі де мотивация, күш қуат беретін.

Адамда энергия болу үшін режим дұрыс болу керек. Ол дегеніңіз дұрыс ұйықтау, тамақтану, және спортпен шұғылдану немесе көп қимылдау. Қазіргі кезде қимыл аз бізде, оффисте жұмыс көп адамдарда, сондықтан да неше түрлі аурулар пайда болып жатыр.

ӨМІРДЕН АЛҒАН ЕҢ ЖАҚСЫ ҒИБРАТЫҢЫЗ…

Жүрегіңді тыңдай біл. Себебі ол саған шынымен не керек екенін жақсы біледі. Қазіргі кезде ойымыздағы, жүрегіміздегі барлық армандарды орындауға мүмкіндік толығымен бар.

АРМАН ҚУЫП ШЕТЕЛГЕ ОҚУҒА, ҚОНЫС АУДАРУҒА, БИЗНЕС ЖАСАУҒА БАРАТЫН ЖАС МАМАНДАРҒА ҚАНДАЙ МОТИВАЦИЯ БЕРЕСІЗ?

Жастарға беретін кеңес мотивация: Армандаудан жалықпаңдар, Самғаңдар! Себебі сол армандар сендердің шынайы болмыстарың.

Үнемі аш болыңдар, себебі аштық сендерге босаңсуға жол бермейді. Өздеріңе сеніп өмірлеріңе жауапкершілік алып тез шешім қабылдап әрекет етіп үйреніңдер. 21-ші ғасырдағы ең қажет қабілет – ол жылдамдық.

КАЗНЬЮС АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ

Continue Reading

Жаңа есім

Айсұлу Олзвойқызы: Еңбек пен жақсы ниет болса, әр іс алға басады

Published

on

19 қыркүйек, Казньюс ақпарат агенттігі.  Қазақ елінен Налайхан қаласына ат басын бұрып, шағын кітапхана ашуға қолдау көрсеткен Айсұлу Олзвойқызы – қызметінің қыр-сыры жайлы айтып берді.

Айсұлу Олзвойқызы Қазақстан Республикасындағы «SS-AGRO» компаниясының негізін қалаушы. Ол басқарған компания шетелге азық түлік экспорттау мен қатар ложистикалық және заңгерлік сервистер көрсетеді.

Казньюс ақпарат агенттігінің “Жаңа есім” бағдарламасының кезекті қонағы орыс, ағылшын, корей тілдерін жеттік меңгерген жас кәсіпкермен Айсұлу Олзбойқызымен таныс болыңыздар. 

Өзі жайлы және мамандық таңдау туралы 

Айсұлу Олзвойқызы Улаанбаатар қаласының тумасы. Жалпы білім беретін “Монгени” мектебін бітірген. Мәскеу қаласындағы Плеханов университетінің түлегі. Аталмыш университетті 2009 жылы экономист мамандығымен тәмамдаған. Жастайынан кәсіпкерлікпен шұғылданған. 

Қазіргі қызметі жайында

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы «SS-AGRO» компаниясының директоры болып қызмет жасаймын. 

Біз қытайға бидай, рапс майын, моңғолияға азық түлік өнімдерін экспорттаумен қатар «Қызыл май» -дың моңғолиядағы ресми дистрибьюторы болып жұмыстаймыз.

Компаниямыз бұл қызметтерінен бөлек ложистикалық және заңгерлік сервистер көрсетеміз. 

Алғашқы қызмет жолымды қоғамдық ұйымдарда бастадым.

Қандай бір жұмысты бастасам оны тек табыс көзі деп емес, адамдарға қандай пайдасы барын бірінші қараймын.

Моңғолияға келген жұмысы туралы

Налайхан қаласындағы ағайындардың тілі, мәдениет, діні, салт дәстүрін сақтау, дамыту, осыған байланысты қоғамдық жұмыстар атқарып жүрген «Ел бірлігі» мемлекеттік емес ұйымының жұмысын сырттай бағалайтынмын. Бұл ұйыммен бірлесіп бұл іске өз үлесімді қоссам деген ойым болған. Білімгүл апаймен, аталмыш ұйымның басшыларымен байланыс жасап кәсіпкерлер азаматтардан қандай көмек керектігін сұрап көрдім.

Қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс көп екенін білген соң шағын кітапхана ашуға қолдау көрсеттім.

Алғашқы 200 кітап келіп сөрелерге қойылып, оқырман қауымның тілегі азда болсада орындалып жатқанына өзімде қуаныштымын.

Алдағы уақытта да көптеген іс-шараларда ынтымақтастықта боламыз деген жоспарым бар.

Ұлтымның рухани дамуына азда болса да үлес қосу парызым деп ойлаймын. Өзге де азаматтарға үлгі болса екен деген тілегім бар.

Уақыт үнемдеудің тәсілі 

Уақыт үнемдеудің жолы біреу ғана деп ойлаймын. Ол қол біріктіріп жұмыстайтын команда жасақтай білу, сол арқылы тәжірибелі мамандарды жұмыстату, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын қолдау. 

Кәсіп ашудағы қиындықтарды қалай еңсергені туралы

Балалық шағым Моңғолияда өтті. Қазақ еліне барып барлығын жаңадан бастау әрине оңайға соққан жоқ. Кәсіп ашу кезінде қолдайтын жаңашыр дос пен ықпал етушілер де болмады. Жетістікке жету үшін бірнеше есе күш жұмсау қажет болды.

Жұмысыңыздың ерекшелігі неде? Оң және кері әсерлері?

Қоғамдық жұмыстардың нәтижесін көру, адамдардың ілтипат сөзін есту өзіме күш жігер береді. 

Моңғолиядан кәсіпкерлер «Айсұлу Олзвойқызы қайда?» деп іздеп келіп, бизнестік байланыс орнатып жататыны қуантады. Әрине кері әсерлері бар. Бірақ еңбек пен жақсы ниет болса, әр бастаған іс алға басады дегенге сенемін.

Казньюс ақпарат агенттігі

Continue Reading

Жаңа есім

Стилист Айсұлу Азаматқызы қызметінің қыр-сыры жайлы айтып берді

Published

on

27 маусым, Казньюс ақпарат агенттігі. Стилист Айсұлу Азаматқызы Баян-Өлгий аймағында “Әлем сенімен әдемі” атты мастер класс өткізді. Сән әлеміндегі мәртебелі мамандықтың иесі – стилист Айсұлу Азаматқызы қызметінің қыр-сыры жайлы айтып берді.  

Өзі жайлы және мамандық таңдау туралы

Айсұлу Азаматқызы Баян-Өлгий аймағында туып өскенімен, 7 сыныпта ата-анасымен бірге Қазақстан Республикасына қоныс аударған. Әль-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығымен бітірген. 

«Әдебиетке жақындығы арғы тегімнен. Атам Имашхан Байбатырұлы Моңғолия және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, драматург болған кісі еді. 2000 жылы өмірден қайтты. Мамандығым бойынша жұмыс жасамадым. Әу баста осы мамандықпен нан табамын деп оқымадым.

Бірақ маған өмірлік азық болды. Тұрмыс құрып, бала тәрбиесімен 8 жыл үйде отырдым. Арада біраз жыл өткенде ішімдегі шығармашылыққа бейімділігім бәрібір мені осы мамандыққа алып келді.

Нақты қай салаға барғым келетінін бірден білмедім. Үнемі ізденіс және психологиялық жағынан терең жұмыстар өзімді зерттеуім тануым осы мамандыққа алып келді.» – дейді Айсұлу.

Алматы қаласында стилист маманымын. Қазақы аудиторияға кеш келген сала, мамандар өте аз. 

Қазіргі қызметі жайында

Қазіргі таңда Алматы қаласында стилист маманымын. Қазақы аудиторияға кеш келген сала, мамандар өте аз.

Қыз-келіншектерге сәнді киіну жөнінде кеңесті онлайн және оффлайн беремін. Одан бөлек шоппингті онлайн және қыздарымызбен бірге шығып жасаймыз.

Моңғолиядан да онлайн түрде қызмет алып киім алдырып жатқан қыздарымыз баршылық.

Осы жерде айта кеткім келеді. Алыстан дорбаламай аймағымыздағы кәсіпкерлер киімдердің табиғи матасына, ыңғайлылына қарап және сәннен кемі 2-5 жыл кетпейтін киім үлгілерін біліп соларды сатса екен деген тілек бар. Себебі біраз дүкенді аралап жоғарыдағы талаптарға сай киімдер өте аз екенін көрдім.

Кешегі мастер класстан кейін қыздарымыз алған білімдеріне сай іздеген киімдерін жақыннан тауып алса екен деген тілек бар.

Осы мамандыққа келгенге дейін талғамыммен киінетінмін. Бірақ ережелерді білмедім. 

Стилист өнері өз алдына бір үлкен ғылым деп жатады. Олай болса сіз бұл салаға қалай келдіңіз? 

Иә, дұрыс айтасыз. Жастайымнан ерекше киімдерге қызығатынмын. Ертең киетін киімімді түнде жатарда ойлап жататынмын.(күлді)

Егер ойыма ерекше үйлесімдер келіп қалса атып тұрып жасап реттеген соң ұйықтайтынмын. Осы мамандыққа келгенге дейін талғамыммен киінетінмін. Бірақ ережелерді білмедім.

Басында “Өз-өзіне стилист” дейтін сабақ оқыдым. Ол тек өзім үшін еді. Байқаймын сала қызық. Сәнді киіну сенімділік береді, өз саласында әр адам өсуіне себеп болады екен, беретін пайдасы көп екен. Осы сабақта өте терең білім алдым. Сол біліммен-ақ біраз қыздарға кеңес беріп жүрдім.

Себебі ол жақта өзіңе ғана қатысты емес барлық адамдарға арналған киіну ережелері берілді. Қызығып оқыдым. Нағыз мен іздеген дүние екен. Ары қарай осы мамандықты оқимын деп шешім қабылдадым. Содан бері осы саладамын.

Білім алған ұстазым Қалқанбаева Бұлбұл дейтін мықты стилист ханымның командасында жұмыс жасаймын. Ол мен үшін үлкен жауапкершілік және мәртебе. Сенім білдіргені мені өсірді. Шабыттандырды.

Сізге идея қалай келеді?  

Ережелерді білген соң адамның көзі жаттыға береді. Талғамы өсе береді. Күнделікті сән саласындағы жаңалықтар, болжамдар, сән үлгілерін әлемдік жаңалықтардан бақылап отырып ішкі күйіңмен шабыттанып үйлесімдер жасай бересің.

Сіздердің клиенттеріңіз кімдер?  

Менің клиенттерім жас-өспірім қыздардан бастап 60 жасқа дейінгі аналар. Кейде әжеме киім таңдап беріңізші дейтін де ұсыныстар түсіп жатады. Ол кісілер 80 жаста да болуы мүмкін.

Клиенттеріңіздің ең жиі қоятын сұрақтары? 

Маған қандай киім жарасады? Қандай түс жарасады? Қалай баладан кейін қалып кеткен ішімді әдемі жасырамын? Тойға не киемін? -деген сұрақтар жиі қойылады.

Әлеуметтік желіде минималист болуға, сауатты киінуге шақырасыз, бұл жөнінде? 

Қазір барлығын біліммен саналы түрде жасайтын заман. Шкаф толған киім үйден шығарда “киім жоқ” дейтін мәселе барлығын мазалайды.

Сосын киімді эмоциямен сатып алатын жағдайлар өте көп. Сатушы жақсы жарасады, сізге құйып қойғандай деп мақтауын асырып беріп жіберетін жағдай жиі кездеседі.

Егер алушыда білім болмаса өзіне не керегін, не жарасатынын білмесе осындайда алған киімі көбіне жарамды болмай қалады.

Қазақ тойымен бай. Әр тойға алған көйлектері күнделікті киюге жарамай қайта-қайта тойға киюге келмей жүрген нәзік жандылар өте көп. Осы мәселерді шешу үшін минимализмге шақырамын.

Онсызда қарбалас жүреміз әр жолы киім іздеуге уақыт, энергия, қаражат қажет.

Шешімі кемі 2-5 жыл сәннен шықпайтын сапалы матадан тілілген, тігісі жатық, денеге қонымды, әр дене-пішіннің жаратылысы ерекшелігіне сай киімді таңдап небәрі 8-10 киіммен тойға да, қырға да, ойға да жарайтын киімдерді үйлестіріп киіп кете алу.

Ол үшін тым болмағанда кешегі сияқты мастер класстарға қатысса, онлайн, оффлайн жеке қызмет алса болады.

Білімге жүгінбей алған жарамсыз көйлегіңіздің құнын білімге салсаңыз ұтарыңыз анық. Ақтап аласыз.

Жұмысыңыздың ерекшелігі неде? Оң және кері әсерлері? 

Жұмысым шабыт сыйлайды. Психологиялық, әлеуметтік жағдайы қиын көп қыз-келіншектер бар.

Баламен отырып өзін тастап жібергендер де бар. Дұрыс киім таңдай алмай өзіне сенімсіз де кісілер бар.

Толықпын, арықпын, бойым ұзын, бойым қысқа, қараторымын деп ұялатын қыздарымыз саналы түрде біліммен киім таңдаса қай жаста да, қандай дене ерекшелігімен де әдемі, сәнді киінуге болады.

Сосын қазір ыңғайлылық сәнде. Өте өзекті. Сән-сән деп ыңғайсыз киім кию нағыз сәннен қалу. Оны бірінші кезекте ескереміз.

Жоғарыдағы қыздарымызбен жұмыс жасағанда көңіл күйінің көтерілгені, өзіне сенімділігі артқаны, киімнің көмегімен мысалы арық көрініп тұрғандығын көру мен үшін бақыт.

Күні бойы шоппинг жасау, таңдау энергияны көп қажет етеді. Шулы жабық сауда орталығында жүру үшін мықты жүйке де қажет.)))

Ондайда осы нәзік жандылардың құлпырғанын көріп өмірге құштарлығы артқаны барлық шаршауды ұмыттырып жібереді. Ертеңінде тағы бір қызбен сауда орталығына келіп тұрасың сосын. Оң әсері көп егер мамандық сізге ұнаса.

Маған ұнайды шабыт аламын. Кері әсерін көрмедім. Шығармашылық жұмыс болған соң шабыт, қуанышты көру маңызды мен үшін.

Қазір қандай киім түрлері трендте?  

Тренд мысалы биылғы жазға

Өзіңізді қаншалықты дамытасыз? Стилист болғысы келетін жастарға қандай кеңес бересіз? 

Өзіңді дамыту өте маңызды. Өте жақсы сұрақ. Халықпен жұмыс жасайтын болғандықтан психологиялық күйім маңызды. Қызметіме жүгінген әр адамға жеке тұлға ретінде қарап қалауын тыңдап, кеңес беру үшін ол адамның өмір салтын, қызметін, қазіргі көңіл күйін түсініп жақсы нәтижеге шығаруға іштей дайындық қажет.

Жоғарыда айтқанай энергияны көп қажет ететін мамандық. Сондықтан дұрыс тамақтану, сергек жүруге, дене шынықтыруға көп мән беремін.

Кейде артық салмақпен келген қыздарыма кеңес беріп жеке жұмыс жасап салмағы қалыпқа түсіп жататын кез болады.

Мамандығым әдемілікке, сұлулыққа шақыратындықтан жан-жақты сол мамандығыма сай келбетте жүруге біраз жұмыстар жасаймын. Сосын сән саласы бір орында тұрсаң шығып қаласың.

Сондықтан сән әлемінің жаңалықтарын үнемі қарап отыру маңызды.

Стилист болғысы келетін жастар өзіме де жазып жатады. Қуаныштымын. Бізге өте қажет маман. Егер сізде титтей қызығушылық болса шетін оқып көріңіз ары қарай тәжірибе барысында нағыз сіз қалаған маман ба екен танисыздар.

Алда шәкірттер оқытамын себебі арада келіп ғана кеткенім аздық етеді. Неге өз аймағымызда жүгінетін мамандар болмасқа.

Сұхбат үшін рахмет сіздерге. Еңбектеріңіз жана берсін. Туған жеріме келіп маңызды салаға үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Жақсы күндерде жолыққанша.

Казньюс ақпарат агенттігі,

Сұхбаттасқан Гүлжан Ерболатқызы

Continue Reading

Басты назарда