Connect with us

Спорт

Өтеген Естайұлы ең нәтижелі футболшы атанды

Published

on

KAZNEWS – Моңғолияның Футбол федерациясының ең жоғарғы лигасының сегізінші туры жүріліп өтті.

Лигадағы мықты командаларды бірінен соң бірін жеңіп келген Дэрэн клубы “Атлетик 220” -дан ұтылып қалды. Ал сегізінші турда бірде-бір жеңілмеген “Улаанбаатар” “Хаан Хүнс Эрчим”-ге жол берсе, көшбасшы “Хангарьд” “СП Фалконс” –пен ұпай бөліскен қызықты ойындар болды.

Көшбасшылардың өзара бәсекелесінен өзге қызықты ойын “Улаанбаатарын Мазаалайнууд” пен “Сумида-Жипро” клубтарының арасында жүрілді. Өйткені олардың қай қайсысы да маусымның алғашқы ойынында жеңіске жету мүмкіндігі зор болатын.

“Улаанбаатарын Мазаалайнууд” клубының сол қанаттағы жартылай қорғаушысы Өтеген Естайұлы “Сумида-Жипро” клубының қақпасына бірінші және матчдағы бірден-бір голды салып 1:0 есебімен жеңіс туын желбіретті.

1998 жылы орнаған “Улаанбаатарын Мазаалайнууд” клубы 2016 жылы төменгі лигаға түсіп қалған болатын. Араға 3 жыл салып өткен жылы қайтадан жоғарғы лигаға жолдама алып алғашқы ойынын сәтті бастады.

Спорт

Жүдодан әлем чемпионатына Моңғолия құрамасынан 18 спортшы қатысады

Published

on

21 қыркүйек, KAZNEWS. 6-12 қазан күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жүдодан Әлем чемпионаты өтеді.

Халықаралық жүдо федерациясының хабарлауынша әлем біріншілігіне әлемнің 84 елінен 567-ге жуық жүдошы 14 салмақ бойынша жүлдені сарапқа салады.

Ташкентте өтетін жүдодан Әлем чемпионатына Моңғолия ұлттық құрама командасынан 18 спортшы қатысады.

Федерацияның сайтында көрсеткен мәліметке сүйенсек әлем чемпионатына ең көп палуан жіберетін елдер белгілі болыпты. Жапония, Бразилия, Франция, Израйль, Италия, АҚШ, Моңғолия құрамалары 18, Германия, Оңтүстік Корея, Қазақстан ұлттық құрамасы 17 палуаннан жібермек екен.

Continue Reading

Спорт

Бекнұр Қалиұлы бокстан, Шалқар Саматұлы балға лақтырудан күміс жүлдегер атанды

Published

on

19 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның бүкіл халықтық XV спартакиядасы ойындарында Баян-Өлгий аймағының қоржынына тағы 2 күміс жүлде түсті. 

Бокстан +91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бекнұр Қалиұлы финалда Чингэлтэй районының боксшысы С.Эрдэнэбаярдан ұтылып жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Сонымен қатар, балға лақтырудан сынға түскен Баян-Өлгий аймағының спортшысы Шалқар Саматұлы күміс жүлде жеңіп алды.

18 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша Моңғолияның бүкіл халықтық XV спартакиядасы ойындарында Баян-Өлгий аймағы 2 алтын, 2 күміс медаль иеленген көрсеткішпен 13 орынға тұрақтады.

Хэнтий аймағы 23 алтын, 18 күміс, 8 қола медаль жеңіп спартакияда ойындарында көш басында тұрса, 21 аймақтан көш соңындағы Говь-Алтай аймағы 2 күміс, 4 қола медаль алған.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!  

Continue Reading

Спорт

XV спартакиядасы: Серік пен Сайфолла чемпион атанды

Published

on

16 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның бүкіл халықтық XV спартакиядасы аясында жүріліп өткен самбо күресінде Баян-Өлгий аймағының спортшысы Серік Бердімұратұлы чемпион атанды. 

Серік Бердімұратұлы аталмыш спартакияда ойындарында самбо күресінен +98 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, чемпион атанды. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Сайфолла Тілеубердіұлы поуэрлифтингден 120 келі салмақта чемпион атанған болатын. 

Continue Reading

Спорт

Нұртілек Серікбайұлы жасөспірімдер арасындағы сайыста жеңімпаз атанды

Published

on

13 қыркүйек, KAZNEWS. Ховд аймағының тумасы, моңғолдың ұлттық күресінен “Улсын аварга” яғни мемлекеттік чемпион атағын алған О.Хангайды ұлықтауға арналған салтанатты рәсім болып өтті.

Салтанатты шараға арналған палуандар сайысында 128 палуан күш сынасып, Ховд аймағының палуаны Б.Пүрэвсайхан (у.з) бірінші орын, Баянхонгор аймағының палуаны Н.Золбоо (у.х) екінші орын иеленді. Баян-Өлгий аймағының палуаны Серік Бердімұратұлы (у.з) мен Өвөрхангай аймағының палуаны Б.Цэдэнсодном (у.х) үздік үштіктен көрінді.

Ал, жасөспірімдер арасындағы сайыста Баян-Өлгий аймағының палуаны Нұртілек Серікбайұлы жеңімпаз атанды. Ол финалда Увс аймағының палуаны Н.Майдардан айласын асырды.

Continue Reading

Басты назарда