Connect with us

Published

on

Дархан Джунусбеков – Ол табиғатынан дарынды, ерекше тембр, өзіндік стиль иесі. Оның музыкалық білімі жоқ, бірақ тыңдармандары бар. Оның әндерін жас режиссерлер, танымал вайнерлер саундтрек ретінде қолданып жүр. Ал алғашқы клипі “Күн мен Айым” 3 ай бұрын  “Gakku” арнасында жарыққа шыққан болатын.  YouTube-те оның әндерінің cover нұсқалары пайда бола бастады. Кеңінен танылып келе жатқан талантты музыканттың өзіне кезек берейік…

Балалық шақ. Аяқталмаған колледж

1990 жылы Алматыда туып, Ақсай ауданында көше баласы болып өстім. 9 сыныпты бітірген соң, дизайнер мамандығына түсіп, 1 жарым жылдай оқыдым. Бірақ жалғастырудың мәнін көрмеген соң, колледжді тастап кеттім. Сондықтан музыкалық мамандық та, басқа да мамандық иесі емеспін. Мен ноталарды да білмеймін, бірақ әуенді жақсы сеземін.

Алғашқы гитара. Алғашқы ән

Көшемізге келіп жүретін бір жігіттің гитарада ойнағанына сырттай қатты қызығатынмын. 14 жасқа толғанымда әпкем туған күніме гитара сыйлады. Көптен қалаған аспап қолыма тигенде, таң атысымен көрші досымның есігін тоқылдатып, гитарада ойнауды үйретуін өтіндім. Сөйтіп ең алғашқы үйренген әнім Цойдың “Пачка сигарет” деген әні болды. Ауладағы балаларды жинап алып ән орындап бердім. Олар бір күнде үйреніп алғаныма таң қалған еді. Содан бері гитара менің серігіме айналды. Сабақтан келген бетте, анама “3 сағат мені мазаламаңыз, мен сабақ оқимын” деймін де, бөлменің есігін жауып алып, ақырын гитара ойнап отыратынмын. Ең алғашқы әнімді де сол 14 жасымда жаздым. Махаббат туралы ән. Қазір әуені мен сөздері еміс-еміс есімде.

Ішкі түйсік. ВКонтакте

Бұған дейін түрлі салада жұмыс істедім. Өзімді жоғалтып алған сәттер де болды. Музыкамен айналысатын ешқандай мүмкіндігім болмаса да, ішкі түйсігіммен музыкант болатынымды сезетінмін.

Қазір тыңдалып жүрген әндерім 2013-2014 жылдары досыммен бір студияға бара салып, аяқ астынан жазылған еді. “ВКонтакте” желісінде аудиажазбаларымның арасында жататын. Кейін жас режиссерлер, танымал вайнерлер саундтрек ретінде пайдаланғандарын естідім. Сөйтсем алдында танысқан Aizatulla (Айзат Құссайынов) деген filmmaker арқылы таралған екен.

Жаныңды емдейтін музыка (с)

Кішкентай кезімнен жүйе, шектеу дегенді ұнатпайтынмын. Сабақ оқуға да аса зауқым болмайтын. 2 сынып оқып жүргенімде бір тоқсан бойы мектепке бармай адамдарды сырттай бақылап, қаланы жаяу кезіп жүретінім есімде. Виктор Цой, Боб Марлиді көп тыңдайтынмын. Жалпы мен туып-өскен Ақсай ауданы бұзақылық көп, қатаң орта болатын. Әкем болса суықтау адам. Сыртта мейірім болмағандықтан жылeлықты музыкадан іздедім.

Ән. Тыныштық

Өмірімде болған оқиғалардың әсерінен ішкі дүниемнің күйіне сай әуен мен мәтін туындайды. Әндерімді өзім үшін, күнделігім сияқты жазатынмын. Жанымда біреу құлаққап тағып отырса да, бөгет жасап отырғандай көрінеді. Сондықтан жалғыз.

Мәдениет

Саймон Коуэлл: Бұл жігіт осылай ән айтуы керек. Маған шоу өте ұнады

Published

on

Осыдан жеті жыл бұрын «Mongolian’s Got Talent» шоуының жеңімпазы атанған әнші О.Энх-Эрдэнэ бұл жолы «Талантты америкалықтар» шоуының арнайы шығарылымында бақ сынауда.

Ол қатысқан бағдарлама кеше жергілікті уақыт бойынша көрсетілді.

О.Энх-Эрдэнэ атақты кантри-әнші Гарт Брукстың «Достары төмен жерлерде» хит әнін сахнада жаңғыртып, қазылардың жоғары бағасына ие болды. Әйгілі төреші Саймон Коуэлл оны өз командасына алғысы келді, бірақ Хайди Клум алдымен түймені басып, О.Энх-Эрдэнэ-нің тәлімгері болып таңдалды.

Хайди Клум оны таңдау себебін ерекше атап өтті: “Мен сені таңдадым, өйткені сенің дауысың керемет. Оған қоса, сен жеңімпазсың, мен жеңгенді қалаймын”-деді.

Бірақ судья Саймон Коуэлл өнер көрсеткеннен кейін оны мақтады: “Мен мүлде таң қалмаймын. Бұл жігіт осылай ән айтуы керек. Маған сіздің орындауыңыз қатты ұнады. Керемет”.

Нәтижесінде О.Энх-Эрдэнэ жартылай финалға жолдама алу және финалда қалу үшін тағы бір өнер көрсетеді. Жартылай финалда барлығы 10 өнерпаз бақ сынасады.

Бағдарлама жеңімпазы 250 000 АҚШ доллары көлеміндегі сыйлыққа ие болады.

Continue Reading

Мәдениет

🇲🇳🇰🇷«Корей толқыны» Моңғолияға ағылуда

Published

on

24 шілде, KAZNEWS. Корей поп-музыкасы, телесериалдары мен фильмдері бейнеленген «корей толқыны» мәдениеті соңғы 20 жылда Моңғолияда құйын тудырып, сансыз жас жанкүйерлердің адал қолдауына ие болды.

Моңғол телеарналарында өздері шығаратын бағдарламалар аз, ал қалған уақыттың басым бөлігінде корей телехикаялары мен фильмдерін сатып алып моңғол тілінде көрсетуі кореялық жұлдыздардың Моңғолиядағы танымалдылығын арттырған.

Бүгінгі таңда жанкүйерлердің адал қолдауына ие болған кореялық жұлдыздар Моңғолияға жиі саяхаттап келуде.

Бұл Моңғолия үшін тегін жарнама болмақ.

Өйткені кореялық жұлдыздардың әлеуметтік желіде миллиондаған жазылушылары бар.

Continue Reading

Мәдениет

Гаухартас Космоновқызы мен “Күлтегін” этно-ансамблі Азия дауысына қатысады

Published

on

21 шілде, KAZNEWS. Аты аңызға айналған “Азия Дауысы” халықаралық фестивалі 18 жылдан кейін қайта оралмақ. Бұл туралы Отандастар қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Отандастар қорының қолдауымен бұл фестивальге шеттегі қандастарымыз да қатысады.

Қоғамның 28 сәуір – 28 мамыр аралығында өткізген іріктеу нәтижесінде Қытай, Украина, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия мемлекеттерінен қатысқан таланттардың ішінен оза шапқан 3 өнерпаз “Азия Дауысы” фестиваліне қатысуға ЖОЛДАМА жеңіп алды.

Муса Молдабай – Өзбекстан;
“Күлтегін” этно – фольклорлық ансамблі – Моңғолия;
Гаухартас Космоновқызы – Моңғолия;

Фестиваль 28 шілде, Алматының биік таулы “Медеу” мұз айдынында сағат 18:00де өтеді.

Отандастарымызға қолдау көрсетейік!
#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar #азиядауысы2023

Continue Reading

Мәдениет

Тәттімбет оркестрі Хобда мен Өлгий қаласында

Published

on

KAZNEWS. “Тәттімбет оркестрінің концерті Моңғолияның Хобда аймағында 6 шілде күні сағат 15.00 де, 7 шілде күні сағат 19.00 да Баян Өлгей аймағының Құрманхан атындағы Музыкалы Драма театрында, Ресей Федерациясының Қосағаш, Барнауыл аймақтарына гастрольдік сапары 3-11 шілде аралығында жалғасады. Бұл туралы ҚР-ның Мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызы хабарлады.

Келіңіздер, көріңіздер!  Тамаша ән күйден рухани қуат алыңыздар.

Концерт ҚР еңбек сіңірген қайраткері дирижер Әбуғалисын Шоканбаев және ҚР 100 жаңа есімнің жеңімпазы, Халықаралық конкурстың лауреаты, оркестрдің бас дирижері Ерлан Бақтыгерейдің дирижерлығымен өтеді.

Аталмыш концертте халықаралық және Республикалық конкурстың лауреаттары Рысты Рахымжан, Данияр Түсіпжанов және ҚР мәдениет қайраткері Меруеш Башай өнер көрсетеді.

Алыстағы бауырларға Атажұрттың көңілі ән күймен төгілер “Ұлы Дала сазы” концертінде аман есен жолыққанша.

Көріскенше күн жақсы болсын.

Continue Reading

Басты назарда