KAZNEWS – Доңыз – жыл қайырудың соңғы жылы. Кейбір түркі елдері мұны «Қара киік жылы» деп те атайды. Бұл жылды халық пəле-жала көп болады деп жақсы атамаса да, көбіне ол тарихта өте жайлы, тыныш жыл болған.
Сонымен, доңыз жылы аймағымыз үшін қандай жыл? Тарихи шегініс жасап, осы жылдардағы оқиғаларға қысқаша шолу жасап көрелік.
1911 жылы
1911 жылы 200 жыл бойы Манжурия билігінде болып келген Моңғол жері дербес Боғда (Моңғол) хандығын құрады. Басқа аймақтар секілді Цинь үкіметінің құрамында болып келген Қобда өлкесі Моңғол мемлекетінің құрамына енді.
1923 жылы
1923 жылы Шеруші және Шыбарайғыр хошуундары орнаған. Ақбалшықта (қаз. Улаанхус сумыны) жүн мойкасы ашылып 300 ге жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген.
1935 жылы
Налайх Улаанбаатар арасындағы темір жол желісі салынған.
Ресей мен Моңғолия арасындағы Қызылүй кеден бекетінде 10 бөлмелі ағаш үй салынып, қызыл жосамен бояған. Халық осы кезден бастап «Улаанбайшинт» яғни «Қызыл үй» деп атап кеткен.
1947 жылы
Моңғолия Ұлттық Университетіне қазақ жастары ілесе бастаған. Бұл жылы аймағымызда Қол өнершілер одағы құрылған.
1959 жылы
1959 жылы 1 маусымда аймақтық студент-жастарының алғашқы фестивалі ұйымдастырылған.
Ел бойынша мәдени ағартушылық басталды.
Алтай сұмыны орнады.
Желтоқсанда, Дэлүүн сұмынының «Октябрь-39» бірлестігінің қойшысы Нуға Темірханұлы Моңғол Халық Республикасының «Еңбек батыры» атағын алған. Нуға Темірханұлы Баян-Өлгий аймағының алғашқы, Моңғолияның оныншы «Еңбек батыры» деп тарих парағына жазылды.
Аймақтық Музыкалы драма театрында домбыра оркестрі орнап алғашқы концертін жасаған. Домбыра оркестрінің ұстазы ретінде Қазақстаннан Қабидолда Тастанов арнайы шақырумен келіп жұмыстаған.
1959 жылы Саяси кеңестің 334-ші қаулысы бойынша 1960 жылы Баян-Өлгий аймағы орнауының 20 жылдық мерей тойын атап өтуге рұқсат берілген.
1971 жылы
Бұлғын сұмындық «Салтанат» бірлестігімен Өлгий қалалық жалпы білім беретін 1-ші мектебі «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталды.
1983 жылы
Қарашаның 5 күні АН-2 ұшағымен Алтай, Дэлүүн, Цэнгэл, Толбо, Ногооннуур, Алтанцөгц, Баяннуур, Улаанхус, Ақсу арасанына жолаушы тасымалдай бастаған. Ұшқыштары Цогтсайхан, З.Болат, Қ.Жәнібек қатарлы азаматтар болған.
1995 жылы
Моңғолияға қазақ көшін бастаған билердің бірі Жылқышы Ақтайұлының 170 жылдығын атап өткен.
Баян-Өлгий аймағының халқының саны 78189 болған.
2007 жылы
Баян-Өлгий аймағының халқының саны 2004 жылы 99 мың 111 ге жеткен. Ал, 2005-2007 жылдары аралығында 99,1 мың адамнан 92,0 мың болып кеміген. Бұл сан тіптен, 2010 жылы 88727 болған.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметтеріне сүйене отырып зерттеп көрсек, соңғы 15 жылда Баян-Өлгий аймағының халық саны 4294 адамға ғана өзгереді. Ал, бұл жылдарда 20 мыңға жуық адам өзге өлкелерге қоныс аударған.
Халық санының бұлай кемуіне алыс, жақын жерлерге қоныс аудару процессінің артуы әсер еткені көрініп тұр.
Ал, 2018 жылғы соңғы мәлімет бойынша 103,4 мыңға жеткен.
2019 жылы
Бұл жыл елімізге өз жақсылығын ала келсін деген тілектеміз. Доңыз жылы құтты, берекелі болсын!