Connect with us

Published

on

Қазақтың саятшылық өнерін әлемге танытуға өз үлесін қосқан Моңғолиядағы қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызының қатысуымен түсірілген «Көшпенділер» деректі фильмінің «Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» сериясы YouTube желісіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» фильмі Youtube видеохостингіне жарияланды. Басты рөлде атақты бүркітші, моңғолиялық қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызы. Фильмде тек Айшолпан туралы ғана емес, одан бөлек моңғолиялық қазақтар және олардың тұрмысы мен бүркітшілік кәсібі туралы баяндалады. Бүркітші Айшолпан америкалық режиссер Отто Белланың – «Eagle Huntress» фильміне түсірілуінің арқасында АҚШ және Еуропаға танымал болды» , – деп жазды «Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» фильмінің қоюшы режиссері Қанат Бейсекеев Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетсек, 2016 жылы Айшолпан туралы «Бүркітші қыз» (Eagle Huntress) деректі фильмі жарыққа шыққаннан соң, жас бүркітші жайлы әлемнің BBC, New York Times және CNN секілді маңдайалды БАҚ бірінен соң бірі жарыса жазған болатын.

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында моңғолиялық қандасымыз Қазақстанға арнайы келген еді. Онда ол еліміздің атынан жарыстарға қатысуға дайын екенін мәлім етті.

Мәдениет

🇲🇳🇰🇷«Корей толқыны» Моңғолияға ағылуда

Published

on

24 шілде, KAZNEWS. Корей поп-музыкасы, телесериалдары мен фильмдері бейнеленген «корей толқыны» мәдениеті соңғы 20 жылда Моңғолияда құйын тудырып, сансыз жас жанкүйерлердің адал қолдауына ие болды.

Моңғол телеарналарында өздері шығаратын бағдарламалар аз, ал қалған уақыттың басым бөлігінде корей телехикаялары мен фильмдерін сатып алып моңғол тілінде көрсетуі кореялық жұлдыздардың Моңғолиядағы танымалдылығын арттырған.

Бүгінгі таңда жанкүйерлердің адал қолдауына ие болған кореялық жұлдыздар Моңғолияға жиі саяхаттап келуде.

Бұл Моңғолия үшін тегін жарнама болмақ.

Өйткені кореялық жұлдыздардың әлеуметтік желіде миллиондаған жазылушылары бар.

Continue Reading

Мәдениет

Гаухартас Космоновқызы мен “Күлтегін” этно-ансамблі Азия дауысына қатысады

Published

on

21 шілде, KAZNEWS. Аты аңызға айналған “Азия Дауысы” халықаралық фестивалі 18 жылдан кейін қайта оралмақ. Бұл туралы Отандастар қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Отандастар қорының қолдауымен бұл фестивальге шеттегі қандастарымыз да қатысады.

Қоғамның 28 сәуір – 28 мамыр аралығында өткізген іріктеу нәтижесінде Қытай, Украина, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия мемлекеттерінен қатысқан таланттардың ішінен оза шапқан 3 өнерпаз “Азия Дауысы” фестиваліне қатысуға ЖОЛДАМА жеңіп алды.

Муса Молдабай – Өзбекстан;
“Күлтегін” этно – фольклорлық ансамблі – Моңғолия;
Гаухартас Космоновқызы – Моңғолия;

Фестиваль 28 шілде, Алматының биік таулы “Медеу” мұз айдынында сағат 18:00де өтеді.

Отандастарымызға қолдау көрсетейік!
#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar #азиядауысы2023

Continue Reading

Мәдениет

Тәттімбет оркестрі Хобда мен Өлгий қаласында

Published

on

KAZNEWS. “Тәттімбет оркестрінің концерті Моңғолияның Хобда аймағында 6 шілде күні сағат 15.00 де, 7 шілде күні сағат 19.00 да Баян Өлгей аймағының Құрманхан атындағы Музыкалы Драма театрында, Ресей Федерациясының Қосағаш, Барнауыл аймақтарына гастрольдік сапары 3-11 шілде аралығында жалғасады. Бұл туралы ҚР-ның Мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызы хабарлады.

Келіңіздер, көріңіздер!  Тамаша ән күйден рухани қуат алыңыздар.

Концерт ҚР еңбек сіңірген қайраткері дирижер Әбуғалисын Шоканбаев және ҚР 100 жаңа есімнің жеңімпазы, Халықаралық конкурстың лауреаты, оркестрдің бас дирижері Ерлан Бақтыгерейдің дирижерлығымен өтеді.

Аталмыш концертте халықаралық және Республикалық конкурстың лауреаттары Рысты Рахымжан, Данияр Түсіпжанов және ҚР мәдениет қайраткері Меруеш Башай өнер көрсетеді.

Алыстағы бауырларға Атажұрттың көңілі ән күймен төгілер “Ұлы Дала сазы” концертінде аман есен жолыққанша.

Көріскенше күн жақсы болсын.

Continue Reading

Мәдениет

Дара Дастан

Published

on

Мамыр айының басында Қазақ елінен көпшілікке белгілі Орда тобының әншісі, актёр, әйгілі “Қазақстан дауысы” шоуының тәлімгері Дастан Оразбеков жеке шығармашылық концертін өткізбекші.

Көптен күткен кеш Өлгий қаласында мамыр айының 3, 4-күндері Құрманхан атындағы музыкалық драма театрында екі рет, ал мамыр айының 6-күні астанамыз Улаанбаатар қаласында Зайсан Хилл сарайында бір-ақ рет өтетінін жариялады.

Дастан Оразбеков гастрөлдік сапарында өзінің тыңдармандарын әнімен баурап қана қоймай ерекше сый дайындап жатқанын жеткізді. Атап айтсақ; Баян-Өлгий Аймағында өтетін концертінде жанкүйерлерімен кездесу ұйымдастырмақ. Өзінің шынайы фанаттарының лебізін тыңдау, сырласу әрі бірге өлең орындау әрбір өнер иесінің қалауы емес пе?

Ал Улаанбаатар қаласында өтетін концерттен кейін “Қазақ Жастар Кештігі” өтетінін ұйымдастыру алқасы мәлімдеді. Бұрын соңды болмаған концерт көп ұзай өз аймағымызда, өз астанамызда өтпек.

Дастан Оразбековтың концерттік жұмысы аясында қоғамдық жұмыстар жасалынады. Қазірдің өзінде ұйымдастыру алқасы белсене дайындықтың үстінде екенін хабарлады. Баян-Өлгий аймақтық бірқатар ұйымдармен бірлесіп зерттеу жасап көмек қолы ауадай қажет отбасыға қаржылай көмек беріледі. Статистикаға сүйене отыра Өлгий қаласында отбасын асырап ана орнына ана, әке орнына әке болып жүрген жалғызбасты ӘКЕ-лерге мән беретін уақыт келді. Жалпы мемлекеттік статистика бойынша ер адамдардың ортақ жасы 55-60 жас аралығы. Бұл дегенің болашаққа төніп тұрған қауіп. Әзірден өскелең ұрпақ бұған назар аудару керек. Ендеше біз осы концертпен халыққа үндеу жариялаймыз. Әрбір өткен билеттің 10 пайызы қоғамдағы жалғызбасты әкелердің отбасына жұмсалады.

Көпшілікті тек концерт көру үшін емес қоғамдық жұмысқа белсенді болуға шақырамыз!

Бас демеуші:

Technozone

Демеуші:

Премиум проект ХХК /Premium project/ Барилгын зураг төсөл

Princess Aesthetic surgery clinic

Hunnu Air

Рысжан ХХК

UKI LLC

“NDP” construction

Continue Reading

Басты назарда