Connect with us

Моңғолияда

Асқар Мамин Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхке АХҚО мүмкіндіктерін таныстырды

Published

on

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин елімізге жұмыс сапарымен келген Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхпен бірге «Астана» халықаралық орталығы жұмысымен (АХҚО) танысты. 

Кездесу барысында Моңғолия премьеріне өңірлік қаржылық хабта бүгінге дейін атқарылған жұмыстар мен оған тіркелу артықшылықтары баяндалды.

Жиында алғашқылардың бірі болып сөз алған АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов өңірлік қаржылық хабта бүгінге дейін қанша компанияның тіркелгенін мәлім етті.

«АХҚО – Орталық Азия, Кавказ елдері, Еуропа мен Моңғолия өңіріндегі қаржылық хаб. Қазіргі таңда АХҚО-да барлық қажетті инфрақұрылым бар. Сондай-ақ, онда Тәуелсіз сот, Халықаралық арбитраж орталығы, Биржа, Әкімшілік, Қаржылық технлогиялар хабы, Жасыл технологиялар орталығы, Үздіксіз кәсіби даму бюросы және Экспат орталығы бар экожүйе құрылған. Қазіргі таңда АХҚО-да әлемнің 27 елінен 260 компания тіркелді», – деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Ресми кездесуден кейін қос тарап АХҚО бойынша экскурсияға аттанды. Олар өңірлік қаржылық хабтағы Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би атындағы үш залды аралап, әр залға не себепті қазақтың үш даңқты билерінің аты берілгендігімен танысты.

Белгілі болғандай моңғол елінің премьері Ухнаагийн Хүрэлсүх қазақ-моңғол форумы жұмысына да қатысқан. Қазақстан премьер-министрі сайтындағы мәліметке сәйкес, Асқар Мамин екі ел арасындағы ынтымақтастық одан ары дами түсетініне сенім білдірді.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан-Моңғол қатынастарының ілгерілемелі дамуының негізі қаланды. Президент Қ. Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Моңғолиямен ынтымақтастықты тиімді дамытуға баса мән береді», — деді А. Мамин.

Моңғол премьері Ухнаагийн Хүрэлсүх болса, өз кезегінде, екі ер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға барлық мүмкіндіктер бар екендігін атап өткен.

«Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін елеулі мүмкіндіктер бар. Осы бизнес форум екі ел арасындағы іскерлік қатынастар мен экономикалардың дамуына серпін беретініне сенімдімін», — деді Моңғолияның Премьер-Министрі.

Фото: primeminister.kz

Моңғолияда

Моңғолия мен Словения арасындағы сауда айналымы 21 млн.долларды құрап отыр

Published

on

25 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх Словения Республикасының Президенті Борут Пахормен кездесті.

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу барысында Словения Республикасының Президенті Борут Пахормен кездесті.

Моңғолия Президенті кездесу барысында Моңғолия мен Словения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында кездесіп отырғанына қуанышты екенін жеткізді.

Тараптар арасындағы дәстүрлі және достық қарым-қатынастарды тереңдетуге, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты белсенді түрде ілгерілетуге ниетті екенін айтты.

Тараптар экономика, білім, ғылым, туризм, орман шаруашылығы салаларындағы қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты кеңейтуге және дамытуға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Естеріңізге салсақ, Моңғолия мен Словения арасындағы сауда айналымы 21 млн.долларды құрап отыр.

 

Continue Reading

Моңғолияда

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысады

Published

on

20 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды President.mn.

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының Жалпы дебатына қатысып сөз сөйлейді.

Сонымен қатар Ухнаагийн Хүрэлсүх БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гутеррешпен және бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 

Continue Reading

Моңғолияда

“Жас талап 4” жинағы жарық көрді

Published

on

19 қыркүйек, KAZNEWS. Улаанбаатардағы жиырмаға жуық жас қаламгерлердің өлеңдері енген “Жас талап 4” кітабының ашылу салтанаты болып өтті.

Бұл бастама “Алаш Моңғолия” мемлекеттік емес ұйымының ұйымдастырумен осыдан 4 жылдан бері үрдіске айналған 4-ші жыр жинақ оқырман қауымға ұсынылып отыр.

Кезекті жыр жинаққа ақын, жазушы, аудармашы Байыт Қабанұлы сарапшылық етсе, жас қаламгерлер Үміт Адайқызы мен Сүйеніш Талғатбекұлы баспаға дайындаған.

Салтанатты рәсімге Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау вице министрі Зульфикар Сарқытұлы, Моңғол елінің мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, ақын, халық жазушысы, доктор, профессор Сұлтан Тәукейұлы, ақын, жазушы, аудармашы Байыт Қабанұлы, ММУ-нің француз тілі мұғалімі, доктор Алтынгүл Болатқызы, “Арулар” одағының төрайымы, “Ару жұлдыздар” журналының редакторы Айнагүл Сарайқызы, аудармашы, тіл маманы Самат Насырұлы, Қазақстан республикасынан кәсіпкер Сырымбек Тауұлы мен ақын Дәурен Бақытқажы қатарлы азаматтар, өнер сүйер студент жастар қатысты.

Авторлары кітапқа алғы сөз арнап, ақыл кеңес берген ақын Байыт Қабанұлына, қаражылай демеушілік жасаған Зульфикар Сарқытұлына арнайы алғыс білдіреді.

Естеріңізге салсақ, “Жас талап-5” жинағы баспаға әзірленуде, алдағы уақытта оқырман қауымға жол тартатын болады.

Continue Reading

Моңғолияда

Ухнаагийн Хүрэлсүх ШЫҰ саммитіне қатысады

Published

on

13 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы 14-18 қыркүйек аралығында Самарқанд қаласында өтеді. 

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының лидерлері 2019 жылдан бері алғаш рет бірге жиналады, бұл саммитте Өзбекстанның ұйымға төрағалығы аяқталады.

Мәліметке қарағанда, саммитке Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, Ресей президенті Владимир Путин, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Иран президенті Ибрагим Раиси, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан президенті Ильхом Әлиев, Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов және Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысады.

Саммитте Моңғолия, Ресей, ҚХР-ның үш жақты кездесуі өтеді деп күтілуде.

Естеріңізге салсақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі 2021 жылдың 16-18 қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде өтіп, 2021 жылы Моңғолия ШЫҰ -ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысына бақылаушы ретінде қатысуда, ал президент У.Хүрэлсүх отырыста онлайн форматта сөз сөйлеген болатын. 

Continue Reading

Басты назарда