Connect with us

Published

on

Қазақстандық «Әке» атты фильмі моңғолияның 25-ші каналында көрсетілді. Бұл фильмнің моңғол тілінде көрсетілуіне байланысты Бақат Сайынмұратұлы орындаған саундтрек видеосы желіде талқыланып жатыр. “Әке арманы” әнін моңғол тіліне ақын жазушы Сұлтан Тәукейұлы аударған.
Туындының қоюшы режиссері Асқар Ұзабаев. Басты рөлдерде белгілі актерлер Азат Сейтіметов, Жұлдыз Әнуарова, Әлихан Байсұлтан ойнаған.
Жарынан айырылған жалғыз басты әке қызы мен ұлын ертіп, ауылдан Алматыға көшіп келеді.
Балаларының болашағына алаңдаған ол қалада жақсы жұмысқа орналасып, үлкен мүмкіндіктер мен бақытты өмірге қол жеткізуге болады деп сенеді.
Қатарынан кем қылмай оқытып, олардың үлкен өмірге дұрыс қадам басуына көмектескісі келеді. Бірақ, балалары қала өміріне бейімделе қоймайды. Әкелері өзіне оңтайлы жұмыс іздеп, көп қиналады.
Өмірдің қадам басқан сайын алдыңнан шыға келетін сан түрлі қиындықтарына шыдас беруге әкенің күші жете ме?
Балаларының өзіне деген кіршіксіз махаббаты мен сенімін кері қайтару жолында қандай тәуекелдерге барады? Телехикая осы оқиғалар төңірегінде өрбиді.
Туынды 12 бөлімнен тұрады.

Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Мәдениет

Жаңа бейнебаян: Boerte band – ALTAI

Published

on

ALTAI – бұл Бөрте тобының /Boerte band/ бір жылғы еңбегінің жемісі.

Аталмыш туынды моңғолияның ең биік шыңы орналасқан Баян-Өлгий аймағының Алтай Бес-богда тауы, көрікті мекен Сырғалы өлкесінде жасалған.

Бейнебаянда әсем табиғаттың көріністері мен Моңғолияны мекен еткен көшпенділер туралы, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жайлы баяндалады.

Бөрте тобы бейнебаянға арнайы Eagle Huntress фильмі арқылы әлемге танымал болған Айшолпан мен әкесі Нұрғайыпты шақырған.

Моңғол-Алтай тау жоталары – Тектоникалық аңғарлармен бөлінген параллель жоталардан тұрады. Жота шыңдары тегістелген, жұмырланған. Жазда ерімейтін қар мен мұздың ауданның көлемі 810 км2 (кей деректерде 300 км2-дей). Қарлар мен аспалы мұздықтар (ең ірісі – Потанин мұзды өзені) көп кездеседі.

Оңтүстік-батыс беткейі ылғалды, орманды-шалғынды келеді. Етегі дала, ал жоғарғы бөлігін альпілік шалғын алып жатыр.

Ең биік шыңы – Бес-богда тауының Хүйтэн шыңы теңіз деңгейінен 4374 метр биіктікте орналасқан.

Continue Reading

Мәдениет

Бай-Өлке менің мекенім

Published

on

Баян-Өлгий – Моңғолияның 21 аймағының ең батыстағы ең биік таулы аймағы.

Continue Reading

Мәдениет

Термеші Ақтанберді Азатұлының ән кеші өтеді

Published

on

Бүгін яғни 13 сәуірде Улаанбаатар қаласы 13-микро район, Баясах Трейд ғимаратында орналасқан Блүфин Стэйкхаус ресторанында термеші Ақтанберді Азатұлының ән кеші өтеді.

Такс бағасы 56,000 төгрөг. Байланыс телефоны 99106990.

Спонсор Туран Ворлд компаниясы.

Continue Reading

Өзекті