Орта Азия және әлемде
Жетістіктер көрінісі – кафедраның 35 жылдық мерейтойына орай «Ашық есік күні»
Published
4 years agoon
Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғыртуда және білімділікке ұмтылдырудашетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік жастарға ғылым, білім беру және тәрбиелеудегі орны ерекше. Бұл кафедра әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде шетелдік жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихында 1985 жылдан бастап бүгінге дейін 35 жыл бойы кафедра ұстаздары Әлемнің Германия, Испания, Италия, АҚШ, Швейцария, Дания, Франция, Жапония, Қытай, Корея, Ауғанстан, Вьетнам және басқа да елдерінен жер жүзінің әр түкпірінен жүздері, тілдері басқа болғанымен білім мен өнерге құштар, тілектері бір шетелдік түлектер легін білікті де, білімді етіп дайындап, қолынан түлетіп ұшырып келеді. Осыдан 35 жыл бұрын бой көтеріп, білім әлемінде желкен керіп келе жатқан біздің кафедрамыз бүгінгі күні университеттегі бірден бір шетелдік жастардың басын қосатын, халықтың рухани жан дүниесін байытуға өз үлесін тигізетін, білім алғысы келетін әрбір шетелдік азаматқа өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып, бағыт-бағдар беруші руханият мекені әрі университетіміздегі тамыры бекіген ең беделді кафедраның бірі.
Шетелдік студенттерді қазақ және орыс тілдерін меңгеруге ынталандырып, тілді биік дәрежеде үйретіп, әр жастың жүрек қалауын терең зерделеп, оқуға деген қызығушылық танытқан шетелдік азаматтардың таным көкжиектерін кеңейту бағытында үлес қосып келе жатқан кафедраның педагогикалық қабілеттіліктері жоғары және ұстаздық өрелері биік ұстаздар еңбегін елге таныту мақсатында кафедраның 35 жылдық мерейтойына орай тілдер және мәдениет фестивалі аясында «Ашық есік күні» онлайн түрінде халықаралық деңгейде өтті.
Іс-шараға Қазақстанда тіл үйреніп, білім алғысы келетін шетелдік азаматтар және әр елдің консулдығы мен білім-мәдени орталықтар, шетелдік компаниялар өкілдері, шетелдегі жоғары оқу орындарынан қонақтар қатысты.
Осы уақытқа дейін кафедраның ғылыми базасы дамып, көптеген шетелдік азаматтардың білімін көтеріп, қияға самғатты. Бұл ашық есік күні кафедра жұмысының нәтижесін көпшілікке кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді.
Бұл іс-шараны университетіміздің Бірінші проректоры Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы салтанатты түрде ашып, қонақтарға және шетелдік талапкерлерге университетіміздің тарихы,осында білім алу келешегі туралы және факультет, кафедра тарихынан сөз қозғай отырып, күні бүгінге дейінгі жетістіктерін айтып, кафедраныңқазіргі таңдағы орны мен маңыздылығына тоқталып өтті. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі А.Е. Саденова ашық есік күніне арналған кіріспе сөз сөйлеп, кафедра туралы, оқу үдерісін, студенттік өмірді ұйымдастыру жайында сөзге тиек етті.
Ашық есік күнінің өтуіне орай кафедраның 35 жылдық мерейтойымен Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының ғылым және техника жөніндегі консулы Ми Гуйсюн, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тәрбие жұмысы департамент директоры Есимова Жұлдыз Дәпенқызы, Алматыдағы Түркмен орталығының директоры Аннакулиева Гүлнар Атайқызы құттықтау сөз сөйледі.
Шара барысында өткен жылдарда факультетте оқып кеткен түлектерімізИндиялық Дивакар Сингх Гурджар, Италиялық Куаглия Дарио және Қытай Халық Республикасынан Алмас Надия тарапынан шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары атына жылы лебіздер мен алғыстар айтылды.Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінен және Ресей консулдығынан А. Решетникова мен Е. Осипова өз құттықтауларын жеткізді.
Кафедраның 35 жылдық мерейтойына арналып,тілдер және мәдениет фестиваліне орай «Ашық есік күні» концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарламаға Қытай, Корея, Ауғанстан, Түркия, Италия, Испания, Швейцария, Жапония және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін онлайн оқып жатқан шетелдік студенттер қатысып,ән орындап, өз тілдерінде атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді.Шетелдік студенттер мен оқытушылар дайындаған концерттік нөмірлер жиналған жұртшылық көңілінен шықты.
Бұл шетелдік студенттердің рухани-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, әрі шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы әрі маңызды іс-шара болды.
А.Е. Саденова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі
БӨЛІСУ:
Казньюс агенттігі
Орта Азия және әлемде
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Published
4 weeks agoon
November 19, 2024Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Д.Баярхүү 2024 жылы 15 қарашада Түркістан қаласында өткен Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына байланысты шараға қатысып, сөз сөйледі.
Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрар Рысқұлов (1894-1938) Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері 1924-1925 жылдары Моңғолиядағы Коминтерннің өкілетті өкілі қызметін атқара жүріп, Моңғолияның бірінші Конституциясының бекітілуіне және Республиканың жариялануына маңызды үлес қосты.
БӨЛІСУ:
Орта Азия және әлемде
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Published
1 month agoon
November 15, 2024Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру және дамытуға бағытталған тарихи инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба Моңғолия үшін спутник құруды көздейді, ол жалпы қазақстандық-моңғолдық спутниктік топтаманың құрамына кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әр тараптың спутниктерді дербес басқаруы Қазақстан мен Моңғолияға табиғи ресурстарды мониторингілеу және ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Айрықша атап өтетін жайт — бұл Қазақстан тарихындағы қазақстандық инженерлер толық әзірлеген алғашқы экспорттық спутник болмақ. Спутник Моңғолияның қажеттіліктеріне бейімделіп, өңірлік спутниктік инфрақұрылымды нығайтады және Қазақстанның ғарыш технологиялары саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді, — деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Қашықтықтан зондтау технологиялары екі елге де жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Моңғолия өздерінің техникалық құзыреттерін біріктіре отырып, экономиканың өзекті мәселелерін шешуге және тұрақты дамуды қолдауға бағытталған құралдар әзірлейді.
Жоба Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығы базасында моңғол инженерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қазақстандық мамандар жоба барысында моңғол әріптестерін оқыту міндетін өз мойнына алып, қажетті білімнің берілуі мен кәсіби байланысты нығайтуға үлес қосады. Мұндай өзара әрекеттестік моңғол инженерлерінің біліктілігін арттырып, екі ел арасындағы ғылыми және техникалық ынтымақтастықты тереңдетеді.
Бұл жоба Қазақстан мен Моңғолияның озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын білдіріп, ғарыш саласы мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануда серіктестікке жаңа перспективалар ашады.
БӨЛІСУ:
Орта Азия және әлемде
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Published
2 months agoon
October 25, 2024Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында ел президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыртуымен Моңғолияға келеді.
Aist Global телеарнасының мәліметінше, екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттыруды және өзге де мәселелерді талқылайды.
Тараптар елдер арасында тікелей әуе рейсін ашу және жоғары жылдамдықты магистраль құрылысы мәселелерін талқылау үшін іскерлік кеңес құрмақ, – делінген ресми баспасөз парағында.
Сонымен қатар келіссөздер барысында Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын мұнай өнімдерінің көлемін 500 миллион долларға ұлғайту (қазір – 100 млн), «Жол картасы» және Қазақстан мен Моңғолия арасында әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері сөз болады.
БӨЛІСУ:
Орта Азия және әлемде
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
Published
2 months agoon
October 24, 2024Қазақстан Президенті «БРИКС плюс» саммиті аясында Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті.
БӨЛІСУ:
Бізге жазылыңыз
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...