Connect with us

Мәдениет

Құрманхан Мұқамедиұлы туралы жазылған «Жарық жұлдыз» монодрамасы театрда сахналанады

Published

on

14 қараша, KAZNEWS. Карантиндік үзілістерден кейін Баян-Өлгий аймақтық М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театры өзінің көрермендерін 65-ші реткі қысқа сезонының ашылуымен қуантпақ.

Театр сахнасында көрерменмен кездесетін күн өте жақын. 2021 жылы 19 қараша күні сағат 18.00-де Салтанатты концерті, 2021 жылы 20 қараша күні сағат 18:00-де белгілі жазушы-ақын, Моңғолияға Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сұраған Рахметұлының тарихи тұлға Құрманхан Мұқамедиұлы туралы жазылған «Жарық жұлдыз» монодрамасы сахналанады.

Мәдениет

Халық өнерпаздары байқауының жеңімпаздары 1 шілде күні анықталады

Published

on

ХАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
1.1. Ел арасында ұмытылып бара жатқан халық ән, күйлерін қайта жаңғыртып, көпшіліктің назарына ұсыну;
1.2. Ел арасындағы дарынды азаматтарды анықтап, насихаттау.

2. БАЙҚАУДЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:
2.1. Байқауға кәмелет жасына толған азаматтар қатысады.
ЕСКЕРТУ: Байқау ел арасындағы дарынды өнерпаздарды іздеу, анықтау, насихаттауға бағытталғандықтан аймақтық Музыкалық драма театры, сұмындардың Мәдениет орталықтарында жұмыстайтын кәсіби әншілер мен күйшілер қатыса алмайды.

3. БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ:
3.1. Халық және дәстүрлі ән аталымы. Бұл аталымға азаматтар Моңғолия қазақтарының халық әндері, дәстүрлі әндерін нақышына келтіріп орындайды.
3.2. Күй аталымы. Моңғолия қазақтарының күйлері мен әуендерін домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай, т.б. ұлт аспаптарының сүйемелдеуімен орындайды.
3.3. Жыршы. Моңғолия қазақтарының батырлық, тарихи, ғашықтық жырларын мақаммен орындау.
3.4. Таңдалып алынған туынды халық арасында көмескіленіп, ұмыт болып бара жатқан ән, күй, жыр болуы шарт.
3.5. Қатысушы орындаған ән, немесе күй, жырын видеоға түсіріп, фейсбук әлеуметтік желісіндегі “Моңғолия қазақтарының тілі мен мәдениетін қолдау одағы” парақшасына, немесе til.madeniet@gmail.com электронды поштасына жолдайды.
3.5. Бейнежазба сапалы, бейне және дыбыс айқын, жақыннан түсірілген болуы керек.
3.6. Ән, күйдің көлемі 6 минут, жыр 10 минуттан аспауы шарт.
3.7. Орындаушы орындайтын туындысын қысқаша таныстыру қажет.

4.ТУЫНДЫ ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ:
4.1. Қатысушылардың туындылары 2022 жылдың 25 мамырынан 2022 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады.
4.2. Қабылданған туындылар 2022 жылдың 20 маусымынан 2022 жылдың 28 маусымы аралығында фейсбук әлеуметтік желісіндегі “Моңғолия қазақтарының тілі мен мәдениетін қолдау одағы” парақшасына қойылып, көпшіліктің талқылауы мен қолдауына ұсынылады.

5.ТУЫНДЫЛАРДЫ СЫНАЛТУ
5.1. Қабылданған туындыларды ұйымдастыру комиссиясынан тағайындаған кәсіби мамандардан құралған төрешілер сыналтып, қорытындысын 2022 жылдың 1 шілдесінде жариялайды.
5.2. Туынды сыналту талаптары:
1.Орындаушының шеберлігі – 30 ұпай;
2.Таңдап алынған туындының байқау шартына сайлығы – 20 ұпай;
3.Таңдап алынған туындының мазмұны – 20 ұпай;
4 Видеоның сапасы /бейне, дауыс анықтығы/ – 20 ұпай;
5 Әлеуметтік желіге қойылған туындыны ұнатушылар /лайк/ саны – 10 ұпай.

6. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
6.1. Ән, күй аталымының жүлдегерлері /әр аталым жеке-жеке/ ақшалай сыйлық, марапат куәлігі, демеушілердің сыйлықтарымен марапатталады. Мұнда:
1-орын. 300,000 төгрөг, марапат куәлігі /1адам/;
2-орын. 200,000 төгрөг, марапат куәлігі /1 адам/;
3-орын. 100,000 төгрөг, марапат куәлігі /2 адам/;
Арнайы жүлде. Ақшалай сыйлық, марапат куәлігі /2 адам/.
6.2. Жыршы аталымына қатысушылар үшін:
1-орын. 150,000 төгрөг, марапат куәлігі /1 адам/;
2-орын. 100,000 төгрөг, марапат куәлігі /1 адам/;
3-орын. 50,000 төгрөг, марапат куәлігі /1 адам/;
6.3. Байқау жүлдегерлері арнайы дайындықтан өтіп, 2022 жылдың желтоқсан айында Моңғолия қазақтарының тілі мен мәдениетін қолдау одағының 1 жылдық есеп беру іс-шарасында өз өнерлерін көрсетіп, көпшілікке насихатталатын болады.

Анықтама телефоны: 99429596, 99429897

ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ

Continue Reading

Мәдениет

Аймөлдір Пәнейқызы “Еуразия Аруы – 2022” сайысында II орын иеленді

Published

on

12 мамыр, KAZNEWS. Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия Ұлттық университеті ұйымдастырған “Еуразия Аруы-2022” сайысына Аймөлдір Пәнейқызы қатысып, ІІ-орын иеленді.



Аймөлдір Баян-Өлгий аймағының ІІІ орта мектебін бітірген. Қазіргі таңда ЕҰУ-де “Филология: қазақ тілі” мамандығы бойынша 3-курс студенті.

Continue Reading

Мәдениет

Сәйгүлік Жәнімханқызы: Баян-Өлгий мен Баянхонгор аймағының театры тығыз ынтымақтастықта болады

Published

on

12 мамыр, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театры мен Баянхонгор аймағының Музыкалы драма театры тығыз ынтымақтастықта болады.

Баян-Өлгий аймағының М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театры мен Баянхонгор аймағының Музыкалы драма театрының бірлескен шығармашылық кеші 17 мамырда Өлгий қаласында, 19 мамырда Баянхонгор қаласында алғаш рет өтеді. Оркестерлеріміз, бишіліміз, әншілеріміз бірге өнер көрсетіп, актерлеріміз бірге монолог оқиды.

Біздің театрымыздың қазақ ұлт аспаптар оркестері моңғол шығармаларын, Баянхонгор аймағының театрының оркестері қазақ шығармаларын көрермен назарына ұсынатын болады.

Баян-Өлгий аймағының М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрының директоры Сәйгүлік Жәнімханқызының айтуынша бұл жолғы іс-шара екі аймақтың мәдени қарым-қатынасын насихаттауға, дәріптеуге үлес қосады дейді.

Continue Reading

Мәдениет

С.Нинжин айтқан “Ақтамақ”

Published

on

9 мамыр, KAZNEWS. Моңғолиялық жас әнші С.Нинжин қазақ халқының “Ақтамақ” әнін әнші Ш.Ердоспен бірге орындап, халықты тәнті етті.

Моңғолия мәдениетінің озат қызметкері С.Нинжин халық әндерін орындаумен танымал болған.

Ол бұған дейін Урианхай халқының “Хоёр нутгийн эрх” әнін, Үзэмчин халқының “Алаг хоргой дээл” қатарлы халық әндерін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген.

Continue Reading

Басты назарда