Connect with us

Моңғолияда

Зәуреш Қайсақызы: Әйелдерді көшбасшылық бағдарламаға қатысуға шақырамын

Published

on

«Өзгеріс үшінгі әйелдер», МОНФЕМНЕТ Ұлттық желісі мемлекеттік емес ұйымдарының консорциумы Оңтүстік Кореяның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (КОЙКА), БҰҰ-ның Даму бағдарламасы бірлесіп «Гендерлік теңдік пен әйелдердің шешім қабылдауға қатысуына жәрдемдесу» жобасының қолдауымен Әйелдердің көшбасшылық желісін ұйымдастыру, әр түрлі деңгейдегі сайлауға үміткер әйелдерге арналған кешенді саяси көшбасшылық бағдарламасын жүзеге асыру, әйелдердің саяси белсенділігін арттыруға бағытталған ұжымдық ықпал ету жұмысын бірлесе жүзеге асыруда.

МОНФЕМНЕТ Ұлттық желісінің Баян-Өлгий аймағындағы үйлестірушісі Зәуреш Қайсақызымен болған шағын сұхбатымызды ұсынамыз.

Ең әуелі сізге бүгінгі күннің сәлемін жолдаймын. Біздің оқырмандарға өзіңіз туралы таныстыра кетсеңіз?

Есімім Зәуреш Қайсақызы. Әйелдердің көшбасшылық бағдарламасының Баян-Өлгий аймағындағы үйлестірушісі болып қызмет атқарамын. Адам құқықтары мен әйелдердің мүддесін қорғау бағытында жұмыс жасайтын заңгер, адам құқығы жөніндегі активист.

Әйелдердің көшбасшылық желісі жөнінде айтып берсеңіз? Ерекшелегі неде?

Әйелдердің көшбасшылық желісі әр түрлі деңгейдегі сайлауға үмікер әйелдердің саяси белсенділігін арттыруға бағытталған кешенді бағдарламаларды жасап, ұжымдық ықпал ету жұмыстарын атқарады. Бұл желі «Өзгеріс үшінгі әйелдер», МОНФЕМНЕТ Ұлттық желісі мемлекеттік емес ұйымдарының консорциумы Оңтүстік Кореяның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (КОЙКА), БҰҰ-ның Даму бағдарламасы бірлесіп «Гендерлік теңдік пен әйелдердің шешім қабылдауға қатысуына жәрдемдесу» жобасының қолдауымен жүзеге асуда.

Желінің мақсаты – көшбасшы әйелдерді саясатқа тарту, шешім қабылдау деңгейіндегі қызметке үміткер ету, саяси сайлауға түсу, сол арқылы азаматтардың сенімін алып, адам құқықтары бойынша гендерлік теңдік қағидаттарына сәйкес келетін және тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдылар арқылы ынтымақтастық және ұжымдық әсер етуге көп қырлы қолдау ортасы және тірек нүктесі болады.

Желінің өткен жылдары және бүгінгі күні әйелдердің қандай қажеттіліктеріне баса назар аударып жұмыс атқарып келдіңіздер?

Өткен жылы Әйелдер көшбасшылығы желісі көшбасшы әйелдер үшін ұжымдық кеңістік құруға көбірек көңіл бөлдік. Биылғы 2022 жылдан бастап біз әйел көшбасшылардың қоғамдағы тиімділігін, жетістігін және саяси мақсаттарын жария ету, саясатқа жаңадан келгендер мен сайлаушыларды шабыттандыратын бейнелерді көрсету және қоғамда әйелдер көшбасшыларының көп санын қалыптастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз.
Жалпы, кең шеңбер құрып, біртұтас ықпал жасауға көбірек мән беріледі. Атап айтқанда, ауылдық жерлерде тұратын барлық жастағы әйелдердің өкілдігі мен қатысуын қамтамасыз ету үшін ұлттық деңгейде жұмыс істеу маңызды болмақ.

Ұлттық деңгейде жұмыстау мақсатында Баян-Өлгий аймағында да желісі құрылған деп түсініп отырмын. Бұл жөнінде айта кетсеңіз?

Әйелдер көшбасшылығы желісі Баян-Өлгий аймағына да құрылды. Ол әйелдер көшбасшылығы желісінің жергілікті жердегі өкілі болады.

Біз жергілікті әйелдерге желілік саясаттарды, стратегияларды және іс-шараларды жеткіземіз. Біздің басты мақсатымыз – ауылдық және жергілікті әйелдердің саяси көшбасшылығына қолдау көрсету және мүшелікті кеңейту болып табылады.

Саяси партиялар да әйелдердің көшбасшылығы туралы әңгімені жиі қозғайды. Әйелдер көшбасшылық желісі қандай бір партиямен байланысы бар ма?

Біздің желі ешбір партияға немесе коалицияға жатпайды. Ұлттық деңгейде жұмыс жасап белсенді әйелдер көшбасшылық желісін құрып жатқандықтан қанлай бір партияға қарасты болу біз үшін үшін мағынасыз мәселе. Оның орнына біз партияға қарамастан көшбасшы әйелдерді қолдайтын ортақ алаңбыз. Біз саясатқа араласқысы келетін және шешім қабылдау деңгейінде жұмыс істеуге мүдделі әйелдерді желіге тартуды, оларға қолдау көрсетуді және бағыт беруді мақсат етеміз. Бір сөзбен айтқанда, біздің үйірме саяси көшбасшылыққа қызығатын әйелдерді партиялық немесе партиялық емес мүшелікке қарамастан, шешім қабылдау деңгейінде өз дауыстарын жеткізу, тартуға ұмтылады.

Баян-Өлгий аймағындағы әйелдер жетекшілік желісі үйірмесі нақты қандай жұмыстар атқарды?

Ең алдымен жергілікті әйелдер өзара тәжірибе алмасып, бір-бірінен үйренетін жанды, еркін және ұжымдық кеңістікті қалайды. Бір жақтан оқытудан гөрі, әйелдер тәжірибе алмасу арқылы пікірталас құрып, мәселені шешудің жолын тапқаны дұрыс. Әйелдердің бір-бірін қолдауы, жалпы гендерлік мәселелерді талқылауы және бөлісуі үшін жанды, позитивті және еркін кеңістік маңызды.

Үйірме бұл жерде жергілікті әйелдер көшбасшыларына сенімділікті арттыруға, қолдау желілерін құруға, өз шеңберлерін кеңейтуге, бір-бірінен үйренуге, тәжірибе алмасуға, әр түрлі ресурстар мен біліммен бөлісуге мүмкіндік беретін сенім кеңістігін құру құптарлық жағдай.

Әйелдердің көшбасшылық желісіне мүшелік мақсаты ортақ барлық әйелдер үшін ашық. Үйірме сонымен қатар әйелдердің саяси қатысуын және көшбасшылығын бағалайды және шешім қабылдау деңгейінде өз дауыстарын жеткізуге және үлес қосуға ниеті бар әйелдерді тартуға тырысады.

Атап айтқанда, қазіргі таңда жергілікті деңгейде сайланбалы қызметтерді атқарып жүрген, саяси қызмет атқаруы мүмкін немесе келешекте парламенттік және жергілікті сайлауларға қатысуы мүмкін көшбасшы әйелдерді үйірме жұмыстарына қатысуға, қолдау көрсетуге шақырғым келеді.

Өткен айда біздің үйірме Баян-Өлгий аймағындағы әйелдердің қазіргі жағдайын бағалау үшін талқылау ұйымдастырдық. Талқылауға аймақ орталығынан, ауылдық жерлерден 40 ға жуық әйелдер қатысты.

Талқылау 2 бөлімнен жүрілді. Біріншісі менің жоғарыда айтқанымдай қазіргі жағдайды бағалау болса екіншісі “Гайхмаа гайхахаа больсон нь” тақырыбында яғни саясатқа аяқ басатын әйелдерге арналған пікірталас болды.
Талқылау нәтижесінде алдағы уақытта атқаратын іс-шараларымызды белгілей алдық.

Біздің аймақтағы әйелдердің басты мәселесі неде деп ойлайсыз?

Пікірталастағы нақты көріністі айтайын. Баян-Өлгий әйелдерінің көш басшылық қабілетіне келесі жағдайлар кері әсерін тигізеді деп көрдік.

1. Партиядан орын табу
2. Отбасы мен жақындарынан қолдау табу
3. Қаржылық қиындықтар
4. Әйелдер арасындағы бәсеке
5. Бір ру арасындағы бәсекелестік
6. Партия ішіндегі танымалдылық
7. Партиядағы ішкі демократия
8. Әйелдердің бірін-бірі қабылдамауы
9. Әлеуметтік стереотиптер
10. Саяси партиялар туралы заңдағы квотаның жеткіліксіздігі
11. Әйелдердің өзін-өзі мойындамауы және батылдық танытпауы.

Әйелдер көшбасшылығы неден басталады деп ойлайсыз?

Әйел ең алдымен көшбасшы болатынына сенімді болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, өзіне деген сенімділік – жалғыз тірек. Әйелдердің көпшілігі мен істей алмаймын, бұл меннен алыс деп, өзін қоршауға бейім.

Бұл көзқарастан арыла алсаңыз, көшбасшы болудың алғашқы қадамын жасай аласыз. Саяси басшылықтан ары қарай қарамаңыз. Отбасыңыздан бастаңыз, үй жұмысын бөлуден бастаңыз, үйдегі көптеген жұмыстарды бөлісіңіз, сонда сіз өзіңізге уақыт табасыз. Ұлылықтың бәрі қарапайымнан басталады дейді.

– Рахмет сізге.

Баян-Өлгий аймағының әйелдерінің өкілі ретінде көшбасшылық бағдарламаға қатысып, әйелдерді оптимистік және жарқын болашаққа жігерлендіретін жұмысыңызға сәттілік тілеймін.

Advertisement

Моңғолияда

Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның СҚ министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесті

Published

on

2024 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Нямдоржийн Анхбаярмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың 2024 жылғы күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, олар ағымдағы жылы жоспарланған маңызды екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады, екі елдің ынтымақтастығының шарт-құқықтық базасын одан әрі жетілдіру сұрақтарын қарастырды, сыртқысаяси ведомстволардың түрлі бағыттардағы өзара ықпалдастығын, оның ішінде консулдық саладағы өзара тиімді әрекеттестікті одан әрі нығайтуға келісті.
Сонымен бірге, дипломаттар Қазақстан мен Моңғолияның көпжақты алаңдардағы, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде және басқа да халықаралық құрылымдар аясында өзара қолдау көрсетудің көп жылдан бері қалыптасқан оң тәжірибесін жалғастыру қажеттігіне ортақ мүдделілік танытты.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияда 28 маусымда парламент сайлауы өтеді

Published

on

2024 жылғы 28 маусымда Моңғолияда парламент сайлауы өтеді.

Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы кезекті пленарлық отырыста келесі парламент сайлауын 2024 жылы өткізу туралы қаулы жобасын қарастырды.

Демократиялық партия фракциясының жобаны талқылау үшін парламенттен алған үзіліс мерзімі өтіп кеткеніне байланысты, дауыс беру өткізіліп, қаулы жобасы мақұлданды.

Қаулыға сәйкес, кезекті парламент сайлауы 2024 жылғы 28 маусымда өтеді.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетті

Published

on

Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетті. Ұлттық статистика комитеті бұған дейін 22 қарашаға қарай Моңғолия халқының жалпы саны 3,5 миллион адамға жететінін хабарлаған.

«Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетеді деген болжам соңғы үш жылдағы туу, өлім және халықтың табиғи қозғалысына негізделген», – деді Моңғолия ұлттық статистика комитетінің халық санағы және тұрғын үй қоры бөлімінің статисті Б.Энхжаргал.

Соңғы үш жылда орта есеппен әр жеті минут 16 секунд сайын бір бала дүниеге келіп, 27 минут 46 секунд сайын бір адам қайтыс болады, ал Моңғолия халқының саны әр тоғыз минут 55 секунд сайын бір адамға артып келеді екен.

— Бұл үрдіс 2023 жылы да жалғасты деп есептесек, 22 қарашаға дейін Моңғолия халқының саны 3,5 миллион адамға жетуі керек еді. Бүгінде халық саны 3,5 миллионнан асты, – деді Энхжаргал.

1962 жылы Моңғолия халқының саны 1 миллион болса, 1988 жылы ел екі миллион, 2015 жылы үш миллионға жетті. 2033 жылы 4 миллионға, 2048 жылы 5 миллионға жетеді деген болжам бар.

Continue Reading

Моңғолияда

Халал Сертф Аженси – Моңғолияның Халал индустрия саласының дамуына үлес қоспақ

Published

on

Халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі орган Моңғолияда пайда болды.

Парсы шығанағы елдерінің аккредиттеу орталығының Gulf Accreditation Center (GAC) бағалау тобы халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі Халал Сертф Аженси (Halal Certf Agency) компаниясында 2023 жылдың 25, 26, 27 қазанында жұмыстап, GSO 2055- 2:2021 “Сәйкестікті бағалау – 2 бөлім: Халал сертификаттау органдарына қойылатын талаптар” стандарты бойынша бастапқы аккредиттеу жұмысын жасады.

Халал – тұтас бір индус­трия.

Бүгінде әлемдегі 148 елде халал бағы­ты жақсы дамыған. Халал брендін кім көрін­ген пайдаланып, көпшіліктің түсінбестігін ту­дыр­мау үшін халал өндірісі бақылауға алынған. Осы орайда ет экспортына қызығушылық танытып отырған Моңғолияда халал индустриясын зерттеп, халал өнімдерін қалыптастыру енді жолға қойылып келеді.

Бұл жүйе UNIDO Моңғолия – Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы жүзеге асыратын Сәйкестікті бағалау органдарының әлеуетін арттыру жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Халал бойынша аккредиттеу – Моңғолиядағы сапаны бағалау жүйесіндегі жаңа бағыттарының бірі.

Аккредиттелген Халал сертификатының оң әсері соңғы тұтынушыға таралады, ол Халал сертификатының артында сәйкестікті растаудың бүкіл жүйесі бар екеніне сенімді болады: аккредиттеу сертификаттау органдарына деген сенімді арттырады. 

Өз кезегінде, сертификаттау органдары өздері ұстанатын стандарттардың жоғары талаптарын Халал өнімдерін өндірушілерге тапсырады. Өндірушілер сертификаттау арқылы тұтынушыларға халал стандарттарға сәйкес өндірілген өнімдерді немесе қызметтерді ұсынады. 

Халал Сертф Аженси – Моңғолияның Халал индустрия саласының дамуына үлес қоспақ.

www.halalcertf.com

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда

Exit mobile version