21 наурыз, KAZNEWS. Көктеммен қауышып, жаңа жылды қарсы алатын мереке – Наурыз мейрамымен барша қазақ халқын Мемлекеттің Ұлы Хурал және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын.
Ассалаумағалейкум!
Наурыз мерекесінің тарихы тереңде. Тіптен күллі адамзат сауат ашпай тұрып-ақ наурыз мейрамын ұлықтап, атап өтетін болғаны жайлы тарихи деректер кездеседі. Сондықтан 2009 жылы Наурыз мейрамы адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне тіркелсе, 2010 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеяның 64-сессиясында халықаралық мейрам ретінде жарияланды. Бұл наурыз мейрамы бүкіл адамзаттың ұлы мәдени мұрасы екенін растайды.
Әлемнің 40-тан астам елінде 400 миллионнан астам адам тойлайтын бұл мереке татулық, ынтымақ, әдет-ғұрып пен тәлім-тәрбиелік маңызы зор, ұлттық мәдениеттің маңызды рәсімі болып табылады. Зерттеушілер Моңғолия қазақтары дүние жүзі қазақтары арасында өзінің тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын тұмса, таза күйінде сақтап қалғанын бір ауыздан құптауда. Сондықтан Моңғолия Үкіметі бұл күнді қазақ халқының мұрасын сақтап, қорғау, тарату, насихаттау, қастерлеу, еңбегін бағалау және даму мақсаттарын айқындау мағынасында атап өтуде.
Біз қазақ халқының ұлттық мәдениет, тарих, салт-дәстүрін қастерлеп сақтап, өз тарихын жасап, аймақ пен жергілікті өлкеде ғана емес отанымыздың атын әлемге танытқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер мен мәдениет майталмандары, еңбек ерлері, ғалымдарын әрдайым мақтан тұтамыз.
Баршаңыздың ана тілінде білім алу, қарым-қатынас жасау, ақпарат алмасу, дінді ұстану және шеттетпеу құқықтарыңызды қамтамасыз ету, Баян-Өлгий аймағының қоғамы мен экономикасын дамыту, халықтың жақсы өмір сүруіне жағдай жасау бағыттарында құқықтық ортаны одан әрмен жетілдіріп, саяси шешімдер қабылдап, жүзеге асыру мәселесі жоғары заң шығарушы орган – Мемлекеттік Ұлы Хуралдың үнемі назарында болды және бұл дәстүрлі саясат алдағы уақытта да жалғасын табады.
Құрметті, қазақ халқы!
Парсы тілінде Наурыз «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Наурызды «Күн мейрамы» деп те атайды. Ендеше, әрбір жаңа күннің алтын шуағы жарылқап, жаңа табыс, жаңа бақыт, жаңа ырыс пен құт әкелсін. Наурыз мейрамын ақжарма ақ батамен, аспа-төк ас-тағаммен қарсы алыңыздар!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметпен,
МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛЫ ХУРАЛ ТӨРАҒАСЫ ГОМБОЖАВЫН ЗАНДАНШАТАР