НЬЮ-ЙОРК. KAZNEWS – АҚШ-та құрылған «Біріккен Алаш» қоры дүние жүзіндегі шығармашыл қазақ жасөспірімдерін анықтап, оларды жігерлендіру мақсатында І халықаралық байқауын жариялайды. Бұл туралы АҚШ-тағы тұңғыш қазақ басылымы Kazunite.com хабарлады.
Байқауға Қазастандағы және дүние жүзіндегі қазақ диаспораларындағы 10 және 18 жас аралығындағы өрендер қатыса алады.
Тұңғыш рет өтетін байқаудың тақырыбы – “Менің тұлғам”.
Байқау шарттары:
⁃ Байқауға қатысушының жасы 10-18 аралығында болуы тиіс;
⁃ Байқауға қатысушы өзі құрмет тұтатын тарихтағы немесе бүгінгі заманғы тұлғалардың бірі жайлы эссе жазуы тиіс. Эсседе: «сіздің үлгі тұтатын тұлғаңыз кім, ол тұлға несімен ерекше, тұлғаның нақты қандай қасиеті, мінезі немесе еңбегі үлгі боларлық, тұлғаның ерекше қасиеті, мінезі немесе болмысы ХХІ ғасырдағы қазақ жастарына үлгі болуға жарай ма, қазақ жастарының дамуына, жақсы өмір сүруіне көмектесе ала ма, сіз ол тұлғаны өз замандастарыңыз арасында қалай насихаттап, қалай дәріптер едіңіз?» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Яғни “Менің тұлғам” атты шығармада шығармашыл жас үлгі тұтатын тұлғасы жайлы жалпылама мақтамай, нақты детальдармен, белгілі бір қырын аша отырып жазуы тиіс. Жазу формасы, стилі еркін, шығармашыл жастың ой еркіндігі мен шығармашылық қабілетін айшықтайтындай болуы құпталады.
Байқау ережесі:
⁃ Шығарма Times New Roman 14-пен 2 – 2.5 беттен аспауы тиіс. Шығарманың (вордтағы) ең соңына қатысушының толық аты-жөні, мемлекет, қала (аудан, ауыл) атауы, байланыс нөмірі міндетті түрде жазылуы керек.
⁃ Жазылған шығарма қатысушының суреті мен бірге info@kazunite.com электронды поштасына жолдануы қажет.
⁃ Материалдар 30 қараша күні Нью-Йорк уақытымен сағат 23.00-ге дейін қабылданады. Бұл уақыттан кеш жіберілген шығармалар байқауға қатыстырылмайды.
Қосымша ақпарат:
⁃ Іріктеуден өткен шығармалар АҚШ-тағы тұңғыш қазақ басылымы kazunite.com халықаралық порталында жарияланады.
Байқау жеңімпаздарын Қазақстан, АҚШ, Еуропа елдері мен Түркиядағы белгілі тұлғалардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.
Жүлде қоры:
⁃ I орын – 200 мың теңге (бір);
⁃ ІІ орын – 100 мың теңге (екі);
⁃ ІІІ орын 50 мың теңге (үш);
⁃ Ынталандыру сыйлығы 20 мың теңге (бес).
Қосымша АҚШ-тағы «Біріккен Алаш» қорының Халықаралық байқауының жүлдесін растайтын мақтау қағазы мен шағын сый-қоржын тапсырылады.
Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Д.Баярхүү 2024 жылы 15 қарашада Түркістан қаласында өткен Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына байланысты шараға қатысып, сөз сөйледі.
Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрар Рысқұлов (1894-1938) Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері 1924-1925 жылдары Моңғолиядағы Коминтерннің өкілетті өкілі қызметін атқара жүріп, Моңғолияның бірінші Конституциясының бекітілуіне және Республиканың жариялануына маңызды үлес қосты.
Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру және дамытуға бағытталған тарихи инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба Моңғолия үшін спутник құруды көздейді, ол жалпы қазақстандық-моңғолдық спутниктік топтаманың құрамына кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әр тараптың спутниктерді дербес басқаруы Қазақстан мен Моңғолияға табиғи ресурстарды мониторингілеу және ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Айрықша атап өтетін жайт — бұл Қазақстан тарихындағы қазақстандық инженерлер толық әзірлеген алғашқы экспорттық спутник болмақ. Спутник Моңғолияның қажеттіліктеріне бейімделіп, өңірлік спутниктік инфрақұрылымды нығайтады және Қазақстанның ғарыш технологиялары саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді, — деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Қашықтықтан зондтау технологиялары екі елге де жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Моңғолия өздерінің техникалық құзыреттерін біріктіре отырып, экономиканың өзекті мәселелерін шешуге және тұрақты дамуды қолдауға бағытталған құралдар әзірлейді.
Жоба Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығы базасында моңғол инженерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қазақстандық мамандар жоба барысында моңғол әріптестерін оқыту міндетін өз мойнына алып, қажетті білімнің берілуі мен кәсіби байланысты нығайтуға үлес қосады. Мұндай өзара әрекеттестік моңғол инженерлерінің біліктілігін арттырып, екі ел арасындағы ғылыми және техникалық ынтымақтастықты тереңдетеді.
Бұл жоба Қазақстан мен Моңғолияның озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын білдіріп, ғарыш саласы мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануда серіктестікке жаңа перспективалар ашады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында ел президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыртуымен Моңғолияға келеді.
Aist Global телеарнасының мәліметінше, екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттыруды және өзге де мәселелерді талқылайды.
Тараптар елдер арасында тікелей әуе рейсін ашу және жоғары жылдамдықты магистраль құрылысы мәселелерін талқылау үшін іскерлік кеңес құрмақ, – делінген ресми баспасөз парағында.
Сонымен қатар келіссөздер барысында Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын мұнай өнімдерінің көлемін 500 миллион долларға ұлғайту (қазір – 100 млн), «Жол картасы» және Қазақстан мен Моңғолия арасында әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері сөз болады.
Қазақстан Президенті «БРИКС плюс» саммиті аясында Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті.