KAZNEWS – Бүгін Улаанбаатар қаласының мэрі С.Амарсайхан Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаевты қабылдады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елшісі Жалғас Әділбаев өзін қабылдаған астана әкіміне алғысын білдіре келе, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.
Елші «Өткен жылы Моңғолия Премьер-министрі У.Хүрэлсүхтің Қазақстан Республикасына жасаған сапарында саяси және тарихи маңызы бар көптеген құжаттарға қол қойылған. Аталмыш жұмыстарды іске асыруға дайынбыз. Улаанбаатар қаласында Нұр-Сұлтан қаласының атындағы көше салу жұмыстары жүріліп жатыр. Сонымен қатар Улаанбаатар қаласымен туризм бағыттары бойынша нақты байланыс орнатып жұмыстау ниетіміз бар» – деді.
С.Амарсайхан: Қазақстанның қала құрылымы, жасампаз жұмыстары, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету саясаты қатарды мәселелер біздің қызығушылығымызды тартып отыр.
Қала мэрі С.Амарсайхан «Екі елдің астанасы бауырластық қарым қатынас орнату туралы келісімге келуі өзара ынтымақтастық пен сауда экономикалық қарым-қатынастарды жаңа сатыға көтереді дегенге сенімім зор. Қазақстан Республикасымен 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері саясат, сауда, экономика, мәдениет, білім қатарлы көптеген салада ынтымақтастығымыз кеңейіп келеді.
Қалалардың ынтымақтастығын дамыту аясында туризм саласына да назар аударатын боламыз. Қазақстанның қала құрылымы, жасампаз жұмыстары, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету саясаты қатарды мәселелер біздің қызығушылығымызды тартып отыр. Бұл мәселелер жөнінде өзара тәжірибе алмасу ниетіміз бар» деді.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы қараша айында Улаанбаатар қаласының бас менеджері Т.Гантөмөр Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен барып Улаанбаатарда Нұр-Сұлтан қаласы атындағы көше орнату мәселесі бойынша жауапты органдармен кездесу жасап қайтқан. Алдағы көктемде Улаанбаатар қаласының «Бага тойруу» маңынан Нұр-Сұлтан қаласы атындағы көше ашылатынын айтты.
Тараптар 2020 жылы атқарылатын жобаларды атқару жөнінде пікір алмаса келе туризм бағытында екі қала байланысын жақсартатын болды.