Бүгін /12.03.2022/ Моңғолия-Кувейт қоршаған ортаны қорғау орталығы мемлекеттік хазынадағы кәсіпорынға қарасты аумақта «Бүркітшілер фестивалі-2022» өтуде. Іс-шараға Баян-Өлгий аймағынан 10 бүркітші, Төв аймағынан 1 бүркітші қатысуда.
Фестивалдің ашылу рәсіміне Моңғолияның Парламент депутаты, Баян-Өлгий аймағының Жерлестер кеңесінің төрағасы Әубәкір Тілеуханұлы, Табиғат, қоршаған орта және туризм министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Е.Баттулга, Парламент депутаты Г.Амартүвшин, Х.Ганхуяг, Ц.Анандбазар, Энергетиканы реттеу комитетінің төрағасы Тілейхан Әлмәлікұлы қатарлы лауазым өкілдері қатысты.
Германия, Түркия, Кувейт, Франция, Ресей, Польша, Корея Республикасы, АҚШ, Жапония, Қазақстан және Үндістанның Моңғолиядағы елшілері мен делегациялары Бүркітшілер мерекесін арнайы тамашалауда.
“Бүркітшілер фестивалі” Баян-Өлгий аймағында 1999 жылдан, Улаанбаатар қаласында 2010 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.
Баян-Өлгий аймағынан Ш.Жекен (Ногооннуур), Өркен, Б.Кенжебек (Толбо), Б.Далайхан (Алтай), С.Башахан, Ы.Бағлан (Улаанхус), Р.Нургайв (Алтанцөгц), С.Тілеуберді (Дэлүүн), Ж.Хайрым (Өлгий), Р.Жеңісбек (Сагсай), Төв аймағынан Э.Батбилэг қатарлы бүркітшілер қатысып жатыр.