KAZNEWS – Улаанбаатар әлемдегі ауасы ең лас 10 қаланың тізімінен шығарылды. Бұл туралы өткен сейсенбіде дүниежүзі бойынша ауаның сапалық даталарын жинайтын AirVisual халықаралық ұйымы хабарлады.
Айта кетейік, Улаанбаатар ұзақ уақыттан бері әлемнің экологиялық лас қалаларының алғашқы ондығында тұрған.
Түтін Улаанбаатар халқы үшін қыс түссе өзекті тақырыпқа айналатын.
Елдегі ең ірі өндіріс ошақтарының жартысынан көбі осында орналасқан. Оған көліктердің шамадан тыс көптігі мен тұрғындардың да санының артуы әсер ететін. Тұрғындардың 60%-ы киіз үйлерде біріккен жылусыз тұрғандықтан, оларды жылыту үшін 2 млн тонна көмір кететін.
Ал, Улаанбаатар қаласындағы 4 электр станциясы жылына 6 млн тонна көмір жағады. Осының салдарынан қаладағы экологиялық ахуал қауіпсіздік деңгейінен 17 есеге артып кеткен.
Брикет көмір – таза өмір.
Үкіметтің өкімімен өткен мамыр айынан бастап шикі көмірді астанаға еңгізуді шектеп, қыркүйек айынан бастап брикеттелген (ұнтақталған) көмір отынын пайдалануы түтіннің азаюына себеп болған.