KAZNEWS – 23 маусым күні Степп Аренада 2024 жылғы Париж Олимпиадасына ұпай беру мақсатында ұйымдастырылған дзюдодан “Ulaanbaatar Grand Slam 2023” халықаралық турнирі басталды.
“Ulaanbaatar Grand Slam 2023” халықаралық турниріне 44 елден, 344 спортшы 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынауда.
Моңғолия құрамасы алғашқы күнгі жарыста 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алған.
Нақтырақ айтсақ, ерлер арасында 66 келі салмақ дәрежесінде «Хилчин» спорт комитеті, Gem International және «Ulaanbaatar Management» компаниясының спортшысы Ё.Басхүү алтыннан алқа тағынды. Сондай-ақ, бұл салмақта «Алдар» спорт комитеті мен «Хангай құрылыс» спортшысы Б.Эрхэмбаяр қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарыс 25 маусымда аяқталады.