KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл ньюс хабарлайды.
31 елге: Ирак, Ливия, Әзербайжан, Грузия, Турікменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Грекия, Украйн, Ресей, Жибути, Алжир, Косово, Македония, Албания, Босни Герцеговин, Румыния, Сербия, Болгария, Молдавия, Сомали, Кувейт, Катар, Бахрейн, Оман, Германия, Ұлы Британия, Нидерланд, Пакистан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының азаматтары бар.
Ұшақ тек Ыстамбул мен Анкара әуежайына қонады. Сырқатпен екі адам еріп баруға болады. Жолаушылар коронавирус індетін жұқтырмағаны жөнінде анықтамасымен келу немесе Түркияға барып ақылы зерттеу бере алады.
Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 152 мыңға жеткен. 113 мың адам ауруынан айыққан.