18 ақпан, KAZNEWS. Казньюс ақпарат агенттігі моңғолияда балаға қойылған тарихи тұлғалардың есіміне қысқаша зерттеу жасап көрді.
Балаларға тарихи тұлғалардың есімдерін беру бұрыннан бар ма?
Халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, ел бастаған билердің атын қоюға тырысып келген. Халықтың ардақтысы болған адамдардың атын қою – сол адамдардың есімін ұмыттырмау, ұрпақтың есіне салу сияқты маңызға ие. Тарихи тұлғалардың есімдерін беру бұрыннан жалғасып келген.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Моңғол халқы Темүүжин есімін 7852 балаға, Сүхбаатар есімін 4272, Мандухай есімін 1072 балаға, Бөрте есімін 714 балаға, Шыңғыс есімін 648 балаға берген.
Ал, елдің батыс өлкесін мекен еткен қазақ халқы Жәнібек есімін 419 балаға, Бауыржан есімін 368 балаға, Нұрсұлтан есімін 316 балаға, Мұстафа есімін 307 балаға, Рамазан есімін 224 балаға, Абай есімін 83 балаға, Әлихан есімін 76 балаға, Мұхамед есімін 66 балаға, Шыңғыс есімін 38 балаға берген екен.
Қазіргі таңдағы ең танымал есімдер
Елімізде соңғы жылдары ең көп қойылған ұл баланың есімдері Ерасыл 419, Нұрәли 414, Әли 335 болса, қыздардың арасында Әмина 2280 (моңғол, қазақ), Аружан 497, Жанерке 496, Айзере 402, Айару 394, Мәдина 390, Кәусар 344 көп кездеседі.