20 наурыз, KAZNEWS. Әр үміткер партияның жеңісі үшін өздерінің бағдарламаларын ұсынып жатқан бұл сәтте Моңғолия Парламентінің депутаты Одонгийн Цогтгэрэл ұсынған “Бірге жаңартайық” бағдарламасы Демократия партиясының мүшелері арасында үлкен қолдауға ие болды.
1970-1980 жылғы туғандар жаңа әрі жігерлі жастар партия төрағалығына үміткер болып, ынтымақтастықпен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
О.Цогтгэрэл ұсынған “Бірге жаңартайық” бағдарламасы барлық партия мүшелерінің күш-жігерін олардың бағдарламасының басты қағидасына айналғанына ризашылық білдіруде. Бірлікті ту етіп, партияны түбегейлі жаңартуға үміт артып ғаламтор арқылы ұсыныс тілектерін жеткізіп, табыс тілеп отыр.
Олай болса О.Цогтгэрэл мырза туралы және бағларламасы туралы таныстыруды жөн көрдік.
Одонгийн Цогтгэрэл 1975 жылы Увс аймағының Тэс сұмынында С.Одонның отбасында дүниеге келген.
Еңбек жолы:
• 1998-2020 жылдары ТЭСО корпорациясының директоры қызметін атқарған.
• 2008 жылы Демократиялық партия мүшелігіне қабылданған.
• 2015 жылдан бері Демократиялық партияның Саяси кеңес, Ұлттық конференция және Ұлттық кеңес мүшесі.
• 2012-2015 жылдары Үкімет басшысы Н.Алтанхуягтың кеңесшісі қызметін атқарып тұрған.
• 2015-2017 жылдары Увс аймақтық Демократиялық партия бастығы болған.
• 2020 жылы МҰХ (Парламент)-ның депутатына сайланған
Білімі:
• 1994 жылы Увс аймағы Тэс сұмыны орта мектебін бітірген.
• 1998 жылы Ғылым және технология университетінің Компьютерлік техника және менеджмент факультетін инженер-экономист мамандығымен тәмамдаған.
• 2011 жылы Басқару академиясынан басқару ғылымы магистрі, докторант дәрежелерінде білім алып, АҚШ-тың Гарвард Университеті мен Австралияның Сидней қаласында білімін жетілдірген.
Партия төрағалығына үміткер Моңғолия Ұлы Хуралының депутаты Одонгийн Цогтгэрэлдің “Бірге жаңартайық” ұстанымы аясында 4 Х/Ж сайлауалды бағдарламасын сіздерге ұсынамыз.
БІЗДІҢ ПАРТИЯ ЖЕҢІЛ /ХӨНГӨН / ПАРТИЯ БОЛАДЫ: Партияға ілесу, ақпарат алмасу үдерісін электрондық жүйеге көшіріп, қағасбастылықты жойып, демократиялық көзқарас пен құндылықтарды жаңартып, білікті көшбасшылар командасын жасақтап, оңтайлы жұмыс жүргіземін.
БІЗДІҢ ПАРТИЯ ЖЫЛДАМ /ХУРДТАЙ/ ПАРТИЯ БОЛАДЫ: Партия мүшелігін жүйелі етіп, партия мүшелеріне ақпаратты жедел жеткізіп, биліктегі партияның жұмысы мен әрекетіне жедел қорытынды жасай алатын партияға айналдырамын.
БІЗДІҢ ПАРТИЯ ҚОЛЖЕТІМДІ /ХҮРТЭЭМЖТЭЙ/ ПАРТИЯ БОЛАДЫ: Барлық әлеуметтік топтар, жекеменшік пен бизнеске қолжетімді партия етемін.
БІЗДІҢ ПАРТИЯ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ /ХОЛБОГЧ/ ПАРТИЯ БОЛАДЫ: Азаматтардың көзқарасын билікке жалғастыратын, мекемелердің барлық сатылы басшыларына жеткізіп, ортақ мүддеге сай шешім қабылдататын тараптарды байланыстырушы міндетін атқарады.
2024 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Нямдоржийн Анхбаярмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың 2024 жылғы күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, олар ағымдағы жылы жоспарланған маңызды екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады, екі елдің ынтымақтастығының шарт-құқықтық базасын одан әрі жетілдіру сұрақтарын қарастырды, сыртқысаяси ведомстволардың түрлі бағыттардағы өзара ықпалдастығын, оның ішінде консулдық саладағы өзара тиімді әрекеттестікті одан әрі нығайтуға келісті.
Сонымен бірге, дипломаттар Қазақстан мен Моңғолияның көпжақты алаңдардағы, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде және басқа да халықаралық құрылымдар аясында өзара қолдау көрсетудің көп жылдан бері қалыптасқан оң тәжірибесін жалғастыру қажеттігіне ортақ мүдделілік танытты.
2024 жылғы 28 маусымда Моңғолияда парламент сайлауы өтеді.
Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы кезекті пленарлық отырыста келесі парламент сайлауын 2024 жылы өткізу туралы қаулы жобасын қарастырды.
Демократиялық партия фракциясының жобаны талқылау үшін парламенттен алған үзіліс мерзімі өтіп кеткеніне байланысты, дауыс беру өткізіліп, қаулы жобасы мақұлданды.
Қаулыға сәйкес, кезекті парламент сайлауы 2024 жылғы 28 маусымда өтеді.
Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетті. Ұлттық статистика комитеті бұған дейін 22 қарашаға қарай Моңғолия халқының жалпы саны 3,5 миллион адамға жететінін хабарлаған.
«Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетеді деген болжам соңғы үш жылдағы туу, өлім және халықтың табиғи қозғалысына негізделген», – деді Моңғолия ұлттық статистика комитетінің халық санағы және тұрғын үй қоры бөлімінің статисті Б.Энхжаргал.
Соңғы үш жылда орта есеппен әр жеті минут 16 секунд сайын бір бала дүниеге келіп, 27 минут 46 секунд сайын бір адам қайтыс болады, ал Моңғолия халқының саны әр тоғыз минут 55 секунд сайын бір адамға артып келеді екен.
— Бұл үрдіс 2023 жылы да жалғасты деп есептесек, 22 қарашаға дейін Моңғолия халқының саны 3,5 миллион адамға жетуі керек еді. Бүгінде халық саны 3,5 миллионнан асты, – деді Энхжаргал.
1962 жылы Моңғолия халқының саны 1 миллион болса, 1988 жылы ел екі миллион, 2015 жылы үш миллионға жетті. 2033 жылы 4 миллионға, 2048 жылы 5 миллионға жетеді деген болжам бар.
Халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі орган Моңғолияда пайда болды.
Парсы шығанағы елдерінің аккредиттеу орталығының Gulf Accreditation Center (GAC) бағалау тобы халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі Халал Сертф Аженси (Halal Certf Agency) компаниясында 2023 жылдың 25, 26, 27 қазанында жұмыстап, GSO 2055- 2:2021 “Сәйкестікті бағалау – 2 бөлім: Халал сертификаттау органдарына қойылатын талаптар” стандарты бойынша бастапқы аккредиттеу жұмысын жасады.
Халал – тұтас бір индустрия.
Бүгінде әлемдегі 148 елде халал бағыты жақсы дамыған. Халал брендін кім көрінген пайдаланып, көпшіліктің түсінбестігін тудырмау үшін халал өндірісі бақылауға алынған. Осы орайда ет экспортына қызығушылық танытып отырған Моңғолияда халал индустриясын зерттеп, халал өнімдерін қалыптастыру енді жолға қойылып келеді.
Бұл жүйе UNIDO Моңғолия – Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы жүзеге асыратын Сәйкестікті бағалау органдарының әлеуетін арттыру жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Халал бойынша аккредиттеу – Моңғолиядағы сапаны бағалау жүйесіндегі жаңа бағыттарының бірі.
Аккредиттелген Халал сертификатының оң әсері соңғы тұтынушыға таралады, ол Халал сертификатының артында сәйкестікті растаудың бүкіл жүйесі бар екеніне сенімді болады: аккредиттеу сертификаттау органдарына деген сенімді арттырады.
Өз кезегінде, сертификаттау органдары өздері ұстанатын стандарттардың жоғары талаптарын Халал өнімдерін өндірушілерге тапсырады. Өндірушілер сертификаттау арқылы тұтынушыларға халал стандарттарға сәйкес өндірілген өнімдерді немесе қызметтерді ұсынады.
Халал Сертф Аженси – Моңғолияның Халал индустрия саласының дамуына үлес қоспақ.