Connect with us

Спорт

Э.Цэндбаатар Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Published

on

27 мамыр, KAZNEWS. Моңғолиялық боксшы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Э.Цэндбаатар Дубайдағы Азия чемпионатының жартылай финалына өтты. 

Жарыстың екінші күні ол 60 келіге дейінгі салмақта ширек финалда өнер көрсетіп, қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді. 

Айта кетейік, Азия чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылар қола жүлдегер атанады.  

Advertisement


Спорт

Азия кубогы: Моңғолия Тәжікстан, Ауғанстан және Шығыс Тимормен бір топқа түсті

Published

on

25 мамыр, KAZNEWS. Тәжікстан астанасы Ашқабат қаласында 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2023 жылғы Азия кубогы чемпионатының іріктеу турниріне жеребе тартылды.

Нәтижесінде 17 жасқа дейінгі еліміздің жасөспірімдер құрамасы H-топқа түсіп, 20 жасқа дейінгі құрамамыз E-топта ойын көрсетеді.

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Азия кубогы чемпионатының іріктеу турнирінде Тәжікстан, Ауғанстан және Шығыс Тимор құрамаларымен кездеседі. Бұл топтың матчтары 2022 жылдың 1-9 қазан күндері Тәжікстанда ойналады. Ал финалдық кезең 2023 жылы Бахрейнде өтеді.

20 жасқа дейінгі құрамасының іріктеу турнирі 10-18 қыркүйек күндері Моңғолияда өтеді. Бұл топта Моңғолия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Шри Ланка құрамалары өнер көрсетеді. Ал финалдық кезең 2023 жылы Өзбекстанда өтеді.

 

Continue Reading

Спорт

Сайед Моллай Әзербайжан құрамасына ауысты

Published

on

5 мамыр, KAZNEWS. Дзюдошы Сайед Моллай Әзербайжан ұлттық құрамасына ауысты. 

Дзюдошы Сайед Моллай Әзербайжан дзюдо федерациясына өтініш беріп,  алдағы жарыстарда бұл елдің атынан қатысуға ниет білдірген. 

Әзербайжан дзюдо федерациясы оны еліне шақырып, Халықаралық дзюдо федерациясының ұйғарымымен өз құрамасына қабылдаған.

Сайед Моллай Бакуде Еуропа чемпионатына қатысатын құрамамен бірге жаттығу жиындарына қатысып, медициналық тексеруден өткені хабарланды.

81 келі салмақта өнер көрсететін 30 жастағы Моллай Иранда туған. Тегі әзербайжан. Ол 2019 жылдан бері Моңғолия құрамасының мүшесі атанып, 2020 жылғы Токио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған.

2019 жылы 12 желтоқсанда өткен Қытайдың Циндао қаласындағы «Мастерс жарысына» Моңғолия құрамасынан 20 спортшы сынға түскен. Олардың арасында дзюдодан әлем чемпионы Сайд Моллай бар болатын. Бірақ бұл турнирден ол жүлдесіз оралған. Ал, Будапешт қаласында 2020 жылы қазан айында өткен үлкен дулыға жарысында қола жүлде алып, Моңғолияға алғашқы жүлдесін сыйлаған.

Азаматтығын Моңғолияға ауыстырған спортшы бұрын Иран атынан күресіп 2017 жылғы әлем чемпионатынан қола медаль алса, 2018 жылы әлем чемпионы атанған.

2019 жылғы әлем чемпионатында Иран үкіметінің саяси көзқарасы салдарынан жартылай финалда ұтылғаны кейін белгілі болды. Сайд Моллай Германия азаматтығын алады деген қауесет спорт сүйер қауым арасында тараған болатын.

Бірақ ол, Моңғолияны таңдаған.

Моңғолияның сол кездегі Президенті Х.Баттулга 2019 жылы 20 қараша күні жарлық шығарып, Сайед Моллайға азаматтық берген. 

“Judo Inside” агенттігінің хабарлауынша Моңғолия дзюдодан 2004 жылдан бері олимпиада ойындарында үздіксіз жүлде алып келеді. Бұл үрдісті жалғастыру үшін ішкі бәсекелесті арттыру мақсатында Сайд Моллайді әкелді, – деп жазады.

Continue Reading

Спорт

Баян-Өлгийлік спортшы гір тасын көтеруден Азия чемпионы атанды

Published

on

29 сәуір, KAZNEWS. Сәуірдің 25-29 күндері аралығында Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласында гір тасын көтеруден Азия чемпионаты өтті.

Бұл чемпионатта 85 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Баян-Өлгий аймағының спортшысы Мәдіғайым Нұхұлы бірінші орынға ие болып, Азия чемпионы атанды.

Моңғолиядан 4 спортшы қатысып, ерлер арасындағы сайыста 85 келіде Н.Мәдіғайым мен 78 келіде Г.Цолмонхүү алтын медаль, 68 келіде Э.Буджав қос күміс жүлдеге ие болды. Ал, қыздар арасындағы сайыста 57 келіде бақ сынаған Г.Туяацэцэг алтын медаль иеленді. 

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Солтүстік Корея және Моңғолия спортшылары қатысты.

Естеріңізге салсақ, Мәдіғайым Нұхұлы гір спортынан Әлем кубогынан 2 қола медаль, 2015, 2016 жылғы әлем чемпионатында 7-орын, 2017 жылы самбо күресінен ел чемпионатының және қазақ күресінен азия чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.

Continue Reading

Спорт

Мадина Бақбергенова ұтымды әдіс жасап белдесу соңында жеңімпаз атанды

Published

on

KAZNEWS, 22 сәуір. Қазақстандық балуан Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатында көрермендерді таңқалдырды. Бұл туралы Моңғолияның ірі ақпарат агенттігі MNB.mn хабарлайды.

68 келіде белдескен Мадина Бақбергенова финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионы қырғызстандық Мейірім Жұманазарованы жеңді.

Финалда Мадина 2:1 есебімен жеңіліп тұрып, белдесу соңына қарай ұтымды әдіс жасап, есепті алға жылжытты. Нәтижесінде, белдесу соңында 3:2 есебімен жеңімпаз атанды.

Қазақ қызы 2013 жылы Улаанбаатарда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын, келесі жылы 59 келіде қола, 2019 жылы 23 жасқа дейінгілер арасында 59 келіде күміс жүлдегер атанды.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек4 days ago

Кітап мерекесі, ертегілер әлеміне саяхат, сөздік кітап

22 мамыр, KAZNEWS. Моңғолия Парламентінің спикері Г.Занданшатардың бастамасымен 20 мамыр күні Өлгий қаласы “Ікей батыр” атындағы орталық алаңда көктемгі “Ұлттық...

Дерек2 weeks ago

29 жастағы Айсулуу Тыныбекова туралы 29 дерек

9 мамыр, KAZNEWS. Қырғыз елінің мақтанышы, еркін күрестен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Айсулуу Тыныбекова 29 жасқа...

Дерек2 weeks ago

Моңғолия азаматтары 60 елге визасыз бара алады

KAZNEWS – 2021 жылдың 1 қазанынан бастап қарапайым паспорты бар Моңғолия азаматы 25 шет мемлекетке 14-90 күнге визасыз баруға құқылы....

Дерек3 weeks ago

Оңтүстік Корея Моңғолиялық туристер үшін 30 күн визасыз режимге көшті

Оңтүстік Корея үкіметі маусымның 1 күнінен бастап Моңғолия, Вьетнам, Филиппин, Индонезия қатарлы елдің 5 және одан жоғары құраммен келетін туристер...

Дерек4 weeks ago

Илон Маск Twıtter-ге қазақ тілін енгізе ма?

26 сәуір, KAZNEWS. Илон Маск Twıtter-ді сатып алған соң оған бірқатар өзгеріс енгізетінін айтты. Бұл туралы KazUnite.com хабарлады. Әзірге 23...

Дерек4 weeks ago

Ә.Базар мен Т.Аягүл моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді

27 сәуір, KAZNEWS. Базар Әшімұлы мен Аягүль Тілейханқызы моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді. Бұл туралы KazNews АА Forbes...

Дерек2 months ago

Еліміздегі 400 ге жуық бүркітшінің 80 пайызы 30-70 жас аралығындағы ерлер

14 наурыз, KAZNEWS. Еліміздегі 400 ге жуық бүркітшінің 80 пайызы 30-70 жас аралығында ерлер. Бұл ақпаратты Моңғолияның Қоршаған ортаны қорғау...

Дерек3 months ago

Цэнгэл өлкесінде жұмыстайтын “ЭС ЖИ Групп” компаниясындағы бос жұмыс орындар

Цэнгэл өлкесінде жұмыстайтын “ЭС ЖИ Групп” компаниясындағы бос жұмыс орындар жарияланды. Үміткерлерді 13 наурызға дейін тізімдейді. Мекен жайы: Баян-Өлгий аймағы,...

Басты назарда