12 желтоқсан, KAZNEWS. Казньюс ақпараттық агенттігі Баян-Өлгий аймағы туралы 10 маңызды мәліметті ұсынады.
1. Халық саны: Баян-Өлгий аймағының халық саны 108,5 мың адам. (2019 ж. ҰСК, 1212.mn)
2. Жер көлемі: 45,8 мың шаршы км.
3.Географиялық орналасуы: РФ-ның Алтай Республикасымен (225 км), ҚХР-ның ШҰАР-мен (450 км) , Моңғолияның Ховд аймағымен (450 км) және Увс аймағымен (165 км) шекараласады. Теңіз деңгейінен 1301-4374 метрде орналасқан. Өңірдің 95,3 пайызы теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте.
4. Бәсекеге қабілеттілік индексі: Баян-Өлгий аймағы бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Моңғолияда 13-ші орында. (2019 ж. Aimagindex.mn)
5. Туризм: Пандемияға байланысты шетелге саяхатқа баратындар саны азайып, соңғы екі жылда Баян-Өлгий аймағына келетін ішкі туристер саны артқан. 2020-2021 жыл Баян-Өлгий аймағы ішкі туризм үшін оң динамикалық көрсеткішке қол жеткізді. Өткен 2020 жылы 23 мың адам, биыл 22 мың адам басқа өңірлерден Баян-Өлгий аймағының әсем жерлерін көруге және халықтың салт дәстүрін тамашалауға келіп қайтқан. Бұл алдыңғы 2019 жылдан 10 мың адаммен артық. Олар аймақ экономикасына 6-8 миллиард төгрөг еңгізген.
6. Бас қала: Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий. Халық саны 36 мың. Моңғолияның ірі қалаларының бірі.
7. Халықтың орналасу тығыздығы: Баян-Өлгий аймағында 1 шаршы км-ге 2,4 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш Моңғолияда 1 шаршы км-ге 2 адамнан, Қазақстанда 7 адамнан, Ресейде 9 адамнан, Түркияда 110 адамнан, Қытайда 153 адамнан, Сингапурде 8358 адамнан келеді.
8. Экономикалық көрсеткіштері: Баян-Өлгий аймағының ЖІӨ –і 409.838 млн төгрөг. /Бұл көрсеткіш батыс өңірде Завхан аймағы 420,558 млн, Увс аймағы 417,991 млн төгрөг. Ховд аймағы 393,802 млн./ Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 3,946 мың төгрөг. (2019 ж. ҰСК, 1212.mn)
9. Әкімшілік-аумақтық құрылымы: Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша 13 сұмын (аудан), 1 қалашықтан тұрады.
10. Ең биік мұнара: Баян-Өлгий аймағының радио станциясының антені Моңғолиядағы ең биік мұнара болып саналады. Биіктігі 350 метр.
Оқи отырыңыз:
ҰСК: Баян-Өлгий аймағының халық саны 2045 жылы 162 мыңға жетеді