06 сәуір, KAZNEWS. Парламент сайлауы туралы заңға қосымша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын Парламент спикеріне ұсынды. Бұл туралы заң жобасын әзірлеген жұмыс тобының басшысы Н.Энхболд, жұмыс тобының мүшесі Парламенттегі МХП фракция басшысы Д.Тогтохсүрэн, Т.Доржханд қатарлы депутаттар арнайы брифингде мәлімдеді.
Жұмыс тобының басшысы, Парламент депутаты Н.Энхболд: Парламент сайлауы туралы заңға қосымша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын даярлап ұсындық. Парламент спикерінің қаулысымен жұмыс тобы құрылған болатын.
Заң жобасында сайлауды аралас сайлау жүйесі яғни партиялық тізімдер бойынша 50%, мажоритарлық жүйе бойынша 50% қағидаты бойынша енгізілген.
Әйелдердің квотасы 30-дан төмен емес болады. Сайлаушылар тізімнен партияға емес, адамға дауыс беретін болады. Көп адамның есімі жазылатындықтан дауыс беру парақшасы көп беттен құралуы мүмкін.
Сайлау туралы заң жобасы алдын-ала талқыланып, кезекті сайлаудан бұрын сайлау туралы заңға өзгертулер еңгізілуі керек. Яғни 2023 жылдың 30 маусымнан бұрын деген сөз.