16 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының Улаанбаатар қаласындағы Жерлестер алқасының төрағасы Тілеухан Нәжкейұлы Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев мырзаны Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойымен құттықтады.
«Құрметті Елші Жалғас Әділбаев мырза!
Сізді және барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойымен құттықтаймын!
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарып жатқан әр қадамдарыңыз жемісті болуына тілектестік білдіреміз.
Бүгінге дейін Моңғолиядағы қазақ диаспорасының салт дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын сақтау, дәріптеу ісіне қосқан үлестеріңізге зор алғыс білдіре келе, алдағы уақытта осы бағытта тың жобаларды бірлесе атқаратынымызға үмітпен қараймыз.
Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспін!», -делінген құттықтау хатта.