Connect with us

Әлемде

Тәржіман жас аудармашылар клубы кімдермен кездесті?

Published

on

Қасиетті қара шаңырақ деп аталатын әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті қашықтықтан оқыту үрдісіне көшсе де, жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлі іс-шарасын тоқтата койған жоқ. Шетел филологиясы аударма ісі кафедрасы әдеби аудармашыларды дайындайтын еліміздегі кафедралардың бірі. Кафедра жанында «TARZHIMAN club» жас аудармашылар ұйымы 2018 жылдан бері танымдық іс шаралар ұйымдастырып, жас талант иелеріне бағыт бағдар берумен белсенді айналысып келе жатқан болашаққа ықпалы зор ұйымның бірі.

Ғылыми жетекшісі, ұйымдастырушы – ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдаст. профессор Мұсалы Ләйла Жұматайқызы. Ол кісінің жетекшілігінде талай-талай шығармашылық сайыстар мен кездесулер жүргізіліп, қазақ- ағылшын, орыс тілдеріндегі көркем аударма үлгілеріне байланысты ойтылған талдаудар мен талқылаулар талай жас буынның ой өрісінің өсуіне шығармашылық шабыт берген еді.
Бүгін де Тәржіман ұйымы 100 кітап жобасы аясында Д. Роулингтің Harry Potter «Хәрри Поттер» әлемдік туындысын қазақ тілінде сөйлеткен, аудармашылар мен аудармасы бойынша оқырмандар арасында Zoom- платформасында конференция ұйымдастырыпта үлгерді.


Кездесу қонақтары аудармашы Динара Мазен, Саят Медияр, белгілі редактор Назгул Қожабек, және ”Steppe & WORLD” негізін қалаушы баспагер Райса Кадер қатысуымен кездесу жоғаргы денгейде өтті. Жалпы атап өтсек бұл аударманың қазақ тілінде сөйлеуіне арқау болған, өзін қазақ болып тұғанына қуанатын қандасымыз Райса Кадердің бастамасы екенін аудармашылар мен редакторлар мақтанышпен айтуда. Кездесу барысы қазақ университетінің аударма ісі мамандығының 1-4 курс белсенді студенттері, сонымен қатар доктарант Төреханова Р. сынды болашақ маман иелерінің қатысуымен жалғасты. Туындыны аударудағы басты қиыншылықтар мен аударма ерекшелікетеріне қатысты сұхбаттар жүргізіліп қазақ, ағылшын, орыс тілдерінің бір біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктеріне біршама тоқталып, ағылшын менталитетін қазақ мәдениетіне барынша жақын етіп жеткізілген жетістіктері атап көрсетілді. Осы тұста белгілі аударматанушы Ә.Сатыбалдиевтің «Аудармашы – түсінік беруші емес. Ол автордың сөздерін өз тілінде түсінікті етіп, бірақ түпнұсқаның стилін бұзбай жеткізуге тиіс»-деген ойымен қорытындыласақ тынбай еңбектеген аудармашылар еңбегінің үлесі зор екенін көреміз. Сонымен қатар аударма да түпнұсқа денгейіне сай Steppe & WORLD баспасынан шығарылуы да қажырлы еңбектің жемісі екені айтпаса да белгілі болар. Осындай танымдық өрісі зор шығармашылық кездесулер жиі ұйымдастырып, жақсы мен жақсының басын қосып отыратын жетекшіміз Ләйла Жұматайқызына алғыс білдіре келе, әрбір шығарма иелеріне жарқын болашақ тілеумен бүгінгі сөз кезегін тәмәмдаймыз.

Автор: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетел филологиясы аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Төнкер А

Advertisement


Әлемде

Профес­сор Гүлнар Кендірбайдың ғылыми еңбегі жарыққа шықты

Published

on

20 қаңтар, KAZNEWS. Колумбия университетінің профессоры Гүлнар Кендірбайдың ғылыми кітабының халықаралық тұсаукесері өтті.

«Отандастар қоры» КеАҚ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ және Колумбия университеті Гарриман институтының (Нью-Йорк, АҚШ) қолдауымен Гүлнәр Кендірбайдың Ұлы дала тарихына арналған «Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century» («16 ғасырдан 19 ғасырға дейінгі Еуразияда үстемдік жүргізудің ресейлік тәжірибесі: шекара билігінің динамикасы») атты кітабының халықаралық тұсаукесері (оффлайн/онлайн) өтті.

Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ орталық аппаратының қеңесшісі Қарлығаш Қожамұрат қатысты.

Алқалы жиын тізгінін Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресі төрағасының орынбасары, т.ғ.д.профессор Бүркітбай Аяған ұстады. Ғалымның ғылым жолындағы әріптестері тарих ғылымдарының докторы «Отандастар қоры» КеАҚ Президентінің қеңесшісі, жобалар координаторы Қалыбек Қобландин, Түркиядағы Қазақ қауымдастығының өкілі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдуақап Қара, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Моңғолия Ғылым Академиясы Халықаралық қатынастар институтының ғылыми кеңесшісі Кұрметхан Мұхамедиұлы жеке-жеке сөз алып ғалымның еңбегіне жоғары баға берді.

«Монографияның құндылығын арттыратын өзге факторлар да жетіп артылады. Мәслен, аталмыш туындысын жазу үшін, профессор Гүлнар Кендірбай 1033 ғылыми дерек көздерін терең зерттеп-зерделеген. Сосын, әлгі дереккөздерінің басым көпшілігі шет тілдерінде жарық көрген, сондықтан да оларға кез келген қазақ тілді тарихшының тісі бата бермейді. Бірақ ең бастысы, олардың бәрі де қазақ тарихы үшін ауадай қажет объктивті шындыққа негізделген туындылар», – дейді Филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов.
Автордың ғылыми ізденістері мәдени антропология, көшпенділік, Ислам мәселелері, Ресейдің, бұрынғы Кеңес Одағы және Орталық Азияның әлеуметтік және зияткерлік тарихын қамтиды.

Гүлнәр Кендірбай – Нью-Йорк қаласындағы (АҚШ) Колумбия университетінің Гарриман институтының профессоры. Оның ғылыми ізденістері мәдени антропология, көшпенділік, Ислам мәселелері, Ресейдің, бұрынғы Кеңес Одағының және Орталық Азияның әлеуметтік және зияткерлік тарихына байланысты. 1979 жылы Ресейдегі М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетін үздік бітірген. Оқуды тәмамдаған соң тарихшы Венгрия мен Германияда білімін одан әрі жетілдірген.

Кейін осы қос университеттің фольклор факультетінде философия докторы атағы бойынша екі диссертация қорғады: Этвеш-Лоранда (1987 ж., Будапешт, Венгрия) және Тюбинген университетінің Шығыс Еуропа институтында (2003 ж., Германия).

«Отандастар қоры» КеАҚ Баспасөз қызметі

Continue Reading

Әлемде

Түркі академиясы «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция өткізді

Published

on

Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция өткізді.

Бірқатар бауырлас түркі мемлекеттер тәуелсіздігіне 30 жыл толатын мерейлі меже аясындағы іс-шаралардың бастамасы ретінде ұйымдастырылған алқалы жиынға ТүркПА ұйымының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Түркі кеңесінің алғашқы Бас хатшысы Халил Ақынжы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжанның алғашқы Премьер-министрі Гасан Гасанов, Қырғызстанның экс-мемлекеттік хатшысы Османакун Ибраимов, Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары Өмер Коджаман, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов, Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи, Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Михай Галошфай, Өзбекстан Республикасы Сенатының депутаты Азамат Зие, Білім және ғылым министрлігі Ғылым коитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева, Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым Әділ Ахметов, Франкфурт университетінің профессоры, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің филология институтының бас ғылыми қызметкері Ирина Невская,Татарстан Республикасы А.Х.Халиков атындағы археология институтының директоры Айрат Ситдиков, еліміздегі дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, бауырлас түркі елдері Ұлттық ғылым академияларының басшылары, Қазақстан Республикасының Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия,Ресей, АҚШ, Италия, Моңғолия, Германия, тағы басқа 20-дан астаммемлекеттен танымал түркітанушы ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Онлайн-оффлайн режимде өткен басқосу барысында Түркі академиясы әзірлеген «Түркі әлемі: тарихи-мәдени Атлас» атты іргелі ғылыми еңбектің салтанатты тұсаукесер рәсімі жасалды. Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғысөзімен жарық көрген бірегей басылым әйгілі саяхатшылар мен жиһанкездер жасаған көне карталар мен байырғы бабаларымыздың мол мұрасын көрсететін маңызды мәліметтерді қамтиды.
Айта кету керек, Атлас Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының мазмұнына негізделген алты тақырыптық бөлімге жүйеленген.

Конференцияны Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жүргізіп отырды. Жиынның тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып өткізіліп отырғанын атап өткен ұйым басшысыҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы «Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ» деген ұстанымын Түркі академиясы әзірлеп шығарған 200-ден астам тарихи картаны қамтитын «Түркі әлемі» атласы ғылыми тұрғыда айқындай түсетінін атап өтті.

Түркі әлемінің алғашқы тарихи-мәдени атласын таныстыру рәсімнен кейін сөз алған ТүркПА ұйымының бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов оқырманға жол тартқан бірегей басылымды жоғары бағалап, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың бағдарламалық мақаласындағы орамды ойлардың тарихы ортақбауырлас елдердің баршасы үшін маңызды екенін айтты.

Бұдан кейін сөз алған Түркі кеңесінің алғашқы бас хатшысы Халил Ақынжы тарихи шекаралар туралы мәселенің тарихтың еншісінде қалуы керек екенін атап өтті.

Өз кезегінде Әзербайжанның алғашқы Премьер-министрі Гасан Гасанов сақ-скиф дәуірінен бастау алатын қазақ тарихының тамыры тереңде екеніне тоқталды.

Continue Reading

Әлемде

Үш партия Мәжілісте қанша мандат алды

Published

on

12 қаңтар, ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарып, ол бойынша үш саяси партияның ие болған депутаттық мандат санын жариялады.

Айта кетейік, сайлау қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы және Қазақстан Халық партиясына заңда көрсетілген жеті пайыздық межені еңсерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша Мәжілістегі депутаттық манданттар былай бөлінді: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына – 10 мандат. Еске салайық, сайлауда Қазақстан Халық партиясы 9,10 пайыз, «Nur Otan» партиясы – 71,09 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинаған еді. Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария еткен болатын. Сонымен қатар, саяси партияларға сайлаушылар тарапынан қанша дауыс берілгені анықталды.

Continue Reading

Әлемде

Қазақстанда Парламент, Қырғызстанда Президент сайлауы өтіп жатыр

Published

on

10 қаңтар, KAZNEWS. Қазақстанның 9 облысы мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарына дауыс беру басталды, бұл туралы Қазақпарат ХАА хабарлады.

Конституциялық мерзімге сай өтіп жатқан Мәжіліс сайлауына тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» депутаттық мандаттан үмітті. Бұл партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға да өз кандидаттарын ұсынған. Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 19; «Nur Otan» партиясынан 126; «ADAL» саяси партиясынан 16; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан 38 және «Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар.

Ал жергілікті мәслихаттарға 832, оның ішінде «Ауыл» ХДПП-нан – 158, «Nur Otan» партиясынан – 216, «ADAL» СП-нан – 215, «Ақ жол» ҚДП-нан – 174, «Қазақстан Халық партиясынан» 69 партиялық тізім тіркелді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.

Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр.

Мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу қажеттігі елдің бұрынғы басшысы Сооронбай Жээнбеков 16 қазанда митингілер аясында отставкаға кеткеннен кейін пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еске салайық, 2020 жылдың 4 қазанында Қырғызстанда парламент сайлауы өткен болатын. Онда билеуші партия жеңіске жетті, бірақ оппозиция бұған келіспеді. Елде жаппай наразылықтар басталды. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі орналасқан парламент ғимаратын басып алды. Осылайша қырғызстандық ОСК сайлау қорытындысының күшін жойды.

Бішкектегі тәртіпсіздіктер президент Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда өз еркімен отставкаға кеткеннен кейін тоқтады. Мемлекет басшысының міндетін атқарушы және премьері Садыр Жапаров болды. Ол бұған дейін 2012 жылы билікті күшпен басып алуға тырысқаны үшін сотталған және колонияда болған. Алайда наразылық білдірушілер оны босатып алды, ал Жоғарғы сот оқиғадан кейін оны ақтады.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

10 дерек2 days ago

Улаанбаатардағы қазақ, түрік ас үйінің тағамдарын жеп көруге болатын жерлер

22 қаңтар, KAZNEWS.Орда, Бесбармақ, Мармара және Султана: қазақ, түрік ас үйінің тағамдарын жеп көруге болатын жерлерді таныстырамыз. Орда халал рестораны...

Әлемде4 days ago

Профес­сор Гүлнар Кендірбайдың ғылыми еңбегі жарыққа шықты

20 қаңтар, KAZNEWS. Колумбия университетінің профессоры Гүлнар Кендірбайдың ғылыми кітабының халықаралық тұсаукесері өтті. «Отандастар қоры» КеАҚ, Ақпарат және қоғамдық даму...

10 дерек5 days ago

Сіз қандай кітап оқисыз? #2

19 қаңтар, KAZNEWS. Казньюс ақпараттық агенттігі “Сіз қандай кітап оқисыз?” жобасының екінші санын ұсынады. Бұр ретте танымал журналист, менеджер, табысты...

10 дерек7 days ago

Mongolian Interactive Travel, Транспорт даму банкі және Б Софт компаниялардағы жалақысы жоғары бос жұмыс орындар

Туризм саласының ақпараттық технология инженері Компания: Mongolian Interactive Travel Мекен жайы: Улаанбаатар, Чингэлтэй районы, Хүрээ хотхон 23-29, javka23@gmail.com Міндеттері: Жаңа...

Әлемде2 weeks ago

Түркі академиясы «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция өткізді

Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция өткізді. Бірқатар бауырлас...

Әлемде2 weeks ago

Үш партия Мәжілісте қанша мандат алды

12 қаңтар, ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарып, ол...

10 дерек2 weeks ago

Сіз қандай кітап оқисыз? #1

11 қаңтар, KAZNEWS. Казньюс ақпараттық агенттігі оқырмандар арасынан төменгі сұрақтар бойынша апта сайын жауап алып отыратын болады. Сіз қандай кітап...

Әлемде2 weeks ago

Қазақстанда Парламент, Қырғызстанда Президент сайлауы өтіп жатыр

10 қаңтар, KAZNEWS. Қазақстанның 9 облысы мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар...

Басты назарда