04 маусым, KAZNEWS. Жаһанда коронавирус ауруы азайып, жағдай тұрақтала бастаған соң көршілес елдердің шекарасы ашылып, барыс-келіс жандана бастаған еді.
Бірақ Моңғолия қазақтары үшін шекара жартылай ғана ашылып тұр.
Мысалы Моңғолия азаматтары құрлықтық шекара (жермен) арқылы Қазақстанға асуын асып алса да кері қайта алмайды.
Тек ұшақпен ғана үйлеріне қайтады. Бұл сонда ақылға қонымсыз қандай шешім!
Келген жерімен неге кері өткізбейді? Екі-үш жылдай ата-анасымен, аға-бауыр, ағайын-туысымен кездесе алмай отырған азаматтарды осылай жіпсіз байлап отыр.
Жақсы, үлкендер жағы бір амалын тауып ұшаққа отырар. Бұл әсіресе осы Қазақстанда оқып жүрген студенттерге үлкен соққы болып отыр.
Міне, оқу жылы аяқталып, жазғы демалыс басталды. Енді олар елде қалған ата-анасына жету үшін алдымен Алматыға барады. Одан ұшаққа отырып, Моңғолияның арғы шетіндегі Улаанбаатарға түседі. Одан кейін автобусқа отырып, елдің батысындағы Баян-Өлгий мен Ховд қаласына келеді. Бұл да бір-екі тәуліктік жол.
Айдың күннің аманында тірідей сандалту деген осы ма, осы. Ал таксимен тура шыққан жолаушылар бір тәулікте ғана жетеді. Білетіндердің айтуынша мәселе Қазақстан тарапында емес, Ресей мен Моңғолия арасындағы шикі келісімшарттың кесірі деп жатыр. Анығын жауапты тұлғалар айта жатар.
Сондықтан, осындағы ата-анасын, ағайын-туысын сағынған барша студенттердің атынан екі елдің азаматтарына да шекарадан кедергісіз асуға мүмкіндік беруді сұраймыз.
Бөлісіп, барынша таратыңыздар. Мүдделі адамдардың құлағына жетер!
Т.Сақаба (ФБ)