Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне 2019-2020 оқу жылында 213 шетелден келген тыңдаушылар білім алуда. 133 тыңдаушы мемлекеттік грантпен, қалған тыңдаушылар ақылы топтарда оқиды. Факультетіміз 1985 жылы шетелдік азаматтарды жоғары оқу орнына дайындайтын болып құрылып, 2001 жылдан бастап ұлты қазақ шетел азаматтарын қабылдай бастады. 35 жылдық тарихы бар факультет шетел азаматтарына тек білім беріп ғана қоймай, оларды жаңа ортаға, Қазақстанға бейімдей отырып тәрбиелейді.
Тәрбие жұмысы факультетте алдыңғы қатарға қойылған. Осындай тәрбие жұмыстарының бірі тыңдаушыларымызды спортқа шұғылдануға үйрету болып табылады. Спорттық әртүрлі іс – шаралар жыл сайын өткізіліп тұрады. Биылда сол дәстүрден айнымай футбол, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, стол тенисінен жарыс өткізілді. Футболдан тыңдаушылар арасынан 6 команда құралып, ұзаққа созылған тартысты жарыстан 3 команда жеңіске жетіп, жүлделі орындар мен сыйлықтарға ие болды. Стол тенисінен, шахмат, шашки, тоғызқұмалақтан жарысқа қатысушылар көп болып, жарыс ұзаққа созылды. Бір қуантатын жағдай балалардың арасынан осы сайыстардың бәрінен хабары бар балалардың көп болуы. Факультетімізде спорт бағытындағы “Старт” клубы жыл бойы әр түрлі жарыстар өткізіп, Медеуге, Шымбұлаққа, қаланың сыртына сырғанаққа, роликке алып барып өзінің жұмысын жақсы атқарады. Тыңдаушылар шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, дартс ойындарын бір-біріне үйретіп жарысқа қатысушылардың саны жыл соңыында екі есе көбейе түседі. Футбол, Волейбол, Баскетбол ойындары балалардың денсаулығына пайдалы болса, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ сияқты ойындар тез ойланып, шешім қабылдауға үйретеді. Бұл тыңдаушыларға тест тапсырғанда өз көмегін береді.
Біздің мақсатымыз балалардың жаңа ортаға тез бейімдеп, жақсы білім беріп, жоғары оқу орнына грантқа түсуіне көмектесу. Тоғыз ай көлемінде жан-жақты жұмыс істегеннің арқасында Қазақстан бойынша тыңдаушылардың жоғары оқу орнына түсу бойынша, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ т.б. ұлттық университеттерге түсу жағынан бірінші орында келеміз. Бұл білімді тәрбиемен ұштастыра берудің қорытындсы деп есептейміз.
Жоғары оқу орнына дейінгі білм беру
факультетінің аға оқытушы Нусупбаева С.А.,
оқытушылары Аширбекова Қ.С. , Жұмәділ Г.
14 маусым, KAZNEWS. 2030 жылға қарай смартфондардың дәуірі аяқталады деп күтілуде. Дәл пейджер сияқты. Телефондар есту аппараттары, көзілдірік және т.б. түрінде пайда болады.
Сондай-ақ денеге чип ретінде орнатылады мыс…
Номер деген жоғалады. Сөзді тану – жасанды интеллекті қарапайым қолданысқа енеді. Бұл көрініп тұрған тренд деуге болады.
Әрине, 2030 жылға қарай мұндай телефонды барлық адам бірден қолдана бермейді. Бірақ алғашқы адамдар пайдалана бастайды.
Бұл смартфондардың қазіргі формасын ұстанатын барлық бағдарламалар мен бизнестердің болашағы жоқ дегенді білдіреді. Смартфон заманы бітті… #KazNews Via ЭНХБАТ
Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет.
Әуежайлардағы ұзын-сонар кезек сізді жалықтырса, бұл мәліметті есте сақтайсыз деп үміттенеміз.
Қызыл паспорт
Қызыл мұқабасы бар ең көп таралған түсті КСРО-мен байланысы бар немесе қазіргі социалистік мемлекеттер таңдайды. Моңғолия, Словения, Қытай, Сербия, Ресей, Латвия, Румыния, Польша, Грузия азаматтарының қызыл төлқұжаты бар.
Хорватиядан басқа ЕО мүшелері де қою қызыл және қызыл төлқұжаттарды пайдаланады. Түркия, Македония және Албания сияқты Еуро Одаққа кіруге мүдделі елдер де бірнеше жыл бұрын төлқұжаттарын қызылға ауыстырған. Анд таулары елдері – Боливия, Колумбия, Эквадор және Перуда да қызыл төлқұжат бар.
Көк паспорт
Көк мұқаба “жаңа әлемді” білдіреді. Кариб теңізінің он бес елінде осы түсті паспорт бар. Оңтүстік Америка елдері – Бразилия, Аргентина және Парагвай паспорттарының көк түсі осы елдер арасында экономикалық және саяси келісімі бар Mercosur жалпы кәсіподақ ұйымымен байланысын білдіреді. Венесуэла да осы одаққа мүше, бірақ оның азаматтарының төлқұжаттары қызыл түсте. АҚШ төлқұжаты тек 1976 жылы қою көк түске ауысты. Орталық Азияда Қазақстан, Қырғыс Республикасы қатарлы елдердің төлқұжаттары көк түсте.
Жасыл паспорт
Өзбекстан, Түркіменстан, Марокко, Сауд Арабиясы және Пәкістан сияқты көптеген мұсылман елдерінің төлқұжаттары жасыл түсті. Бұл түс Мұхаммед пайғамбардың сүйікті түсі болып саналады, ол табиғат пен өмірдің символы. Бірақ, кейбір ислам дінін ұстанбайтын мемлекеттер де жасыл түсті паспорт қолданады. Мысалы, Оңтүстік Корея паспортының түсі – жасыл. Буркина-Фасо, Нигерия, Кот-д’Ивуар және Сенегал сияқты Батыс Африка азаматтарының да жасыл түстің әртүрлі реңктері бар құжаты бар, бұл олардың ECOWAS (Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы) мүшелері екенін білдіреді.
Қара паспорт
Ең аз таралған төлқұжаттар – қара түсті паспорттар. Бұл құжатты Ботсвана, Замбия, Бурунди, Габон, Ангола, Чад, Конго, Малави сияқты кейбір Африка елдерінің азаматтары пайдаланады. Бұл түс Жаңа Зеландияның ұлттық түсі болғандықтан, олардың да паспортының түсі қара.
13 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында жастары карантин кезінде жаңаша жұмысқа кірісті. Төтенше жағдайға байланысты үйде отырған азаматтарға қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп береді.
Нұрбек Тұрсынханұлы (Nurbyek Tursynkhan) іске қосқан «Нұр» жеткізіп беру сервисіне байланыс жасау үшін 95949600 телефонына хабарласуыңызға болады.
Сонымен қатар, Өлгий қаласы орталығында азық түлік, тағам, карго, гүл және сыйлық және косметикалық бұйымдар қатарлы барлық тапсырыстарды үйіңізге жеткізіп береді.
Өлгий қаласынан ауыл, аудан, қалаларға жүк салдыру үшін де «Нұр» жеткізіп беру сервисіне пайдалануға болады.
Yokohama және Triangle шиналарының дистрибьюторы Daco motors KZ компаниясының, SamgaPress баспасының иесі Сырымбек Тауұлы Talim TV -ге бай болудың құпиясы айтып берді.