09:30 Аймақтық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы С.Айгүл мәлімдеме жасады.
Аймақтық ауруханаға кеше кешке дене қызуы бар адам короновирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханада оқшауланып бақылауға алынған.
Ол азамат 2020 жылы 10 қаңтар күні Қытай Халық Республикасына барып 6 ақпанда Моңғолияға қайтқан. Хобда аймағы арқылы кеше түнгі сағат 21:00 кезінде Баян-Өлгийге келген.
Денсаулық сақтау басқармасы күдікке ілінген азаматтың дене қызуы түскенін хабарлады.
08:00
Баян-Өлгий аймағында коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен дене қызуы бар адам бақылауға алынды. Бұған байланысты аймақтық Төтенше комиссия 2020 жылы 12 ақпанның түнгі сағат 03:00 –те шұғыл шақырылып төменгі шешімдерді шығарды.
Коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген адамның маңайында болған азаматтарды оқшаулап бақылауда ұстау
Тірлік, Ақдәм базарының жұмысын сараптама нәтижесі шыққанға дейін уақытша жабу
Ресторан, кофе шоп, караоке және мешіттердің қызметін 2 наурызға дейін уақытша жабу
Күдікке ілінген адамнан сынама алып, орталыққа жеткізу.
Барлық автожолға пост жұмыстатып, сырттан келетін жолаушыларға санитарлық бақылауды күшейту, Мамандық бақылау басқармасы, Төтенше жағдайлар басқармасы, Полиция басқармасы, Мал дәргери басқармасынан күш қосып жұмыстау
Қызметкерлерді медициналық жабдықпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.
Азаматтар назарына:
Сынаманы жеткізу комиссия шұғыл жолға шықты
Бұл коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деген күдік болғандықтан расталған ақпарат емес. Сондықтан сабыр сақтаударыңызды өтінеміз.
Денсаулық басқармасының ақпаратынан өзге ақпараттарға сенбеу, жалған ақпарат таратпау
Көпшілік жерге бармау
Балаларды үйде ұстау
Барлықтарыңыз маска тағып, қолдарыңыз бен орталарыңызды үнемі таза ұстауларыңыз керек.
Коронавирустан алдын алу үшін аймақ әкімі мен Төтенше комиссияның шешіміне бағыну
Мемлекеттік қызметкерлердің қойған талабын орындауларыңызды сұраймыз.
АЙМАҚТЫҚ ТӨТЕНШЕ КОМИССИЯ
Ал, аймақтық Полиция басқармасы жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Моңғолия Премьер-Министрінің өкімі бойынша Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлын тағайындады. Бұл туралы Казньюс ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңадан сайланған Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралының 28 қазан күнгі алғашқы мәжілісінде аймақтың жаңа әкіміне Заңғар Есентайұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия Премьер-Министріне ұсынған болатын.
Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін екі рет аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты әрі аймақтық Демократиялық партия басшысы болған, Самал компаниясының директоры болып жұмыс жасаған Заңғар Есентайұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды.
Моңғолияға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
✔️Үкімет үйі алдындағы Сұхбаатар алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
✔️Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
✔️Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев төмендегідей құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралының төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды.
Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партия бастығы Бегарыс Алданышұлы 1992 жылы Баян-Өлгий аймағының Толбо сұмынында дүниеге келген.
2010 жылы Өлгий қаласындағы жалпы білім беретін Бастама мектебін, 2015 жылы Ғылым, технология ұлттық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдап, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сәтбаев университетінде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Бегарыс Алданышұлы 2017-2021 жылдары «Назар Авто» компаниясының атқарушы директоры болса, 2021 жылы «Мөстийн Ундарга» компаниясының директоры қызметін жалғастыруда.
2010 жылдан Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партияның мүшесі, 2016 жылы Демократиялық партияның комитетінің мүшесі, 2016-2020 жылдары Демократиялық партия комитетінің басқарма мүшесі, 2023 жылы аймақтық Демократиялық партияның бастығы қызметін атқаруда.
Естеріңізге салсақ, Бегарыс Алданышұлы аймақтағы ең ірі «Happy Town» тұрғын кешенін тұрғызған іскер азамат.