14 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгийде әуесқой шахматшылар арасында аймақтық чемпионат өтті. Бәсекеге аймақ орталығынан және сұмындардан шахматшылар қатысты. Бұл туралы аймақтық Азаматтар Өкілдері Хуралының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтық чемпионатта ерлер арасындағы бәскеде Серікмұрат Еркеқұлан 5,5 ұпаймен бірінші орын атанды. Екінші орын Қадылбекұлы Ерболатқа, үшінші орын Рүстемұлы Берікболға бұйырды. 4 және 5 -ші орынды А.Есболмен Ж.Айболат иеленді.
Ал, қыздар арасындағы бәсекеде Ногооннуур сұмындық Дөрбетханқызы Күмісжан бірінші орын, Толбо сұмындық Болатбекқызы Шолпан екінші орын, Цэнгэл сұмындық Бақытқызы Сұңқар үшінші орыннан көрінді. Өлгий қалалық Ө.Еңлік пен Сәттігүл 4 және 5 -ші орынды өзара бөлісті.
Естеріңізге салсақ, Бұл чемпионатта жеңімпаз болған шахматшылар Моңғол Елінің Негізгі заңы бекітілгеніне 30 жыл толуына орай Моңғолия Парламентінің спикері Г.Занданшатардың қолдауымен ұйымдастырылатын ел біріншілігіне қатысатын болады.