KAZNEWS – Моңғолия Президенті Х.Баттулга осы аптада халықты Шаған мерекесін тойламауға шақырып, коронавирустен төңіп тұрған қатерден алдын ала сақтану шараларын жасау үшін Үкіметке нұсқау беріп жарлық шығарды.
Жарлығында Шаған мерекесіне арналған жәрмеңкелер мен ақпараттық құралдар арқылы жүрілетін жарнамаларды тоқтату, ақпараттық құралдар арқылы короновирустен сақтану тәсілдері мен азаматтардың міндеттерін және төніп тұрған қауіптің зардабын түсіндіруді тапсырды.
Үкімет те Елбасының жарлығы бойынша отырыс жариялап, жарлықты іске асыру жұмыстарын бастап кетті. Сондықтан азаматтарды шаған мерекесі кезінде ауыл үйлерге қыдырмауға, көпшілік жерлерге жиналмауға, мерекені жанияұлық деңгейде атап өтуге шақырды.