Connect with us

Спорт

Серік Бердімұратұлы дзюдодан ел чемпионы атанды

Published

on

KAZNEWS – Сэлэнгэ аймағының Сүхбаатар қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдо күресінен өткен Моңғолия чемпионатының екінші күнгі жарысы аяқталды. Дүбірлі додада -100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, алтын медальмен марапатталды.
Осылайша, ол Баян-Өлгий спорт тарихында алғаш рет дзюдодан ересектер арасында Ел чемпионы атанды.
Серік Бердімұратұлы жартылай финалда 2017, 2018 жылғы ел чемпионы Г.Алтанабагана-нан басым түсіп, финалдық кездесуде қарсыласы Д.Цэрэннямды аяқтан іліп шалу əдісі бойынша вазари ұпайымен жеңді.
Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы 2014 жылы дәл осы салмақта ел біріншілігінің күміс жүлдесінe, 2017 жылы қола жүлдесіне ие болған болатын.

Спорт

Баян-Өлгий аймағының құрама командасы футболдан Моңғолия чемпионы атанды

Published

on

09 тамыз, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының құрама командасы футболдан Моңғолия чемпионы атанды.

Финалда 2:1 есебімен Төв аймағының командасынан басым түсті. Матчтың 16 және 38 минутында Баян-Өлгий аймағының спортшысы Есбол Талғатұлы қарсылас команданың қақпасына екі мәрте гол салып, басымдық танытты.

Төв аймағынан 80+5 минутта Б.Далайцэрэн гол салғанымен жеңісті жұлып ала алмады.

Чемпионаттың нәтижесінде Баян-Өлгий аймағының команда капитаны, жартылай қорғаушы Мұстафа Бақытханұлы “Үздік ойыншы”, Көпберген Мерейұлы “Үздік қақпашы” атанды. 

Баян-Өлгий аймағының әкімі Бауыржан Дәлелұлы арнайы Увс аймағына барып, финалдық кездесуді тамашалап, құрама командаға қолдау көрсетті.

Аталмыш чемпионатта ең көп гол соққан футболшы ретінде Өмнөговь аймағының споршысы Б.Сүхбаатар анықталып отыр. Ол бұл чемпионатта барлығы 12 гол салған.

Бір команда сапында ең көп гол соққан футболшылар тізімінде Баян-Өлгий көш бастап тұр. Құрама сапынан 4 ойыншы яғни Мұстафа Бақытжанұлы – 6 гол, Омар Сайлауұлы – 5 гол, Есбол Талғатұлы мен Нұршариф Дәуітұлы 4 голдан соғып ең көп гол соққан үздік 16 ойыншының қатарында тұр.

2023 жылы жоғарғы лигада өнер көрсететін болады.

Continue Reading

Спорт

Нұр-Сұлтан: Ё.Басхүү Азия чемпионы атанды

Published

on

4 тамыз, KAZNEWS. Нұр-Сұлтан қаласы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Азия чемпионаты басталғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

-66 келі салмақ дәрежесінде моңғолиялық Ёндонпэрэнлэй Басхүү Азия чемпионы атанды. Ол финалда жапониялық Танака Риоманы ұтты. Жапониялық палуан бұл жолғы құрлықтық додада күміс жүлдені қанағат тұтты.

Бұл салмақтағы қола жүлде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев, өзбекстандық Тиловов Мухриддинге бұйырды.

Ал, қыздар арасындағы жарыста -48 келі салмақта Г.Наранцэцэг, -52 келі салмақта Б.Хорлоодой қола жүлдегер атанды.

Continue Reading

Спорт

Нұр-Сұлтанда дзюдодан Азия чемпионаты басталды

Published

on

KAZNEWS. 4-7 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды.

Халықаралық Дзюдо федерациясының мәліметінше, төрт күнге жалғасатын құрлықтық додада татами шеберлері жекелей және аралас-командалық жарыс бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізіліп жатқан жарысқа Азияның 17 елінен 170-ге жуық дзюдошы өзара бақ сынауда.

14 салмақ дәрежесі бойынша өтетін бәсекеге Моңғолия құрамасынан 17 спортшы күш сынасады.

Continue Reading

Спорт

Баян-Өлгий аймағының футбол командасы финалға жолдама алды

Published

on

4 тамыз, KAZNEWS. Футболдан Моңғолия Президенті бастамасымен өтіп жатқан 21 аймақ арасындағы ел чемпионатының 1-лига ойындарының жартылай финалында Баян-Өлгий аймағының командасы Сэлэнгэ аймағының командасын 4:1 есебімен ұтып, алғаш рет финалға жолдама алды. 

Матчтың 28 минутында Д.Нуршәрифтің пеналтиден соққан добы қарсылас команданың қақпасына тоғытылды. Сондай-ақ, команда капитаны Б.Мустафа 54 және 72 минутта, Д.Нуршәриф 69 минутта гол соқты.

Сэлэнгэ аймағының спортшысы Э.Дашдаваа қарымта шабуылда 64 минутта 1 гол соғып үлгерді.

6 тамыз күні 1-лига ойындарының финалдық кездесуі өтеді. Финалда аяқдопшыларымыз Төв аймағының командасымен сайысқа түсетіні белгілі болды. 

Баян-Өлгий мен Төв аймағының құрама командасы 2023 жылы 21 аймақ арасындағы ел чемпионатында 1-лигасынан өрлеп, жоғарғы лига ойындарында өнер көрсететін болады.

Photo: MFF, Uvschuud

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Кітаптан үзінді...12 hours ago

Түркияда “Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi” атты кітап жарық көрді

09 тамыз, KAZNEWS. Түркиядa “GÜNÜMÜZ MOĞOLİSTAN KAZAK ÖYKÜSÜ” (Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi) деген кiтaп жaрық көрдi. Әйгiлi HECE (XЕЖЕ) бaспaсынaн...

Дерек6 days ago

Ахмет Байтұрсынұлы туралы 20 дерек

Ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өмірінің ең өзекті кезеңдерінен 20 дерек ұсынамыз. 1. Ахмет Байтұрсынұлының нақты туған...

Дерек2 weeks ago

Твиттердегі белсенді президент кім?

25 шілде, KAZNEWS. Әлемдік көшбасшылардың 85 пайызы твиттер желісін қолданады. Ең көп оқырмандары бар президент ол – Нарендра Моди. Үндістан...

Дерек2 months ago

Ел көлемінде инфляция деңгейі 15,1%, Баян-Өлгийде 13,8% -ден асты

21 маусым, KAZNEWS. 2022 жылғы мамыр 2021 жылғы мамырға салыстырғанда жылдық инфляция 15,1 пайызды құрады. Азықтүлік өнімдері мен бензин бағасы...

Дерек2 months ago

Ғарышкер В.А.Жанибеков “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атанды

17 маусым, KAZNEWS. Бүгін Кеңес одағының және Моңғол Халық Республикасының батыры, ғарышкер В.А.Жанибековке “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атағы берілді, деп...

Дерек2 months ago

Моңғолияға келген туристер арасында саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр

15 маусым, KAZNEWS. Моңғолияға келген туристер саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр. 2021 жылдың қаңтар-мамыр айында Моңғолияға 8,554 турист келген...

Дерек2 months ago

Баян-Өлгий һәм Ховд: Қай аймақтың инвестициялық әлеуеті жоғары?

13 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий мен Ховд аймағы да Моңғолияның батыс өлкесінде орналасқан. Халық саны 2021 жылғы көрсеткіш бойынша Баян-Өлгийде 112,836...

Дерек2 months ago

Паспорт мұқабасының түсі нені білдіреді?

Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет. Әуежайлардағы...

Басты назарда