5 шілде, KAZNEWS. “Отандастар қорының” “Ұлы Дала” жобасы аясында жарық көрген алғашқы кітабының тұсаукесері өтті.
5 шілдеде Моңғол Ұлттық университетінде Моңғолияның халық жазушысы, тарихшы, драматург, қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейдің “Отандастар қоры” ұйымдастыруымен, Қазақстан Жазушылар одағы және Sun компаниясының қолдауымен “Ұлы Дала” айдарымен шыққан “Сеңгір таулар” атты романының тұсаукесері өтті.
Сөз алған Қор басшысы А.Сапарбекұлы “Ұлы Дала” айдары жобасы туралы кеңінен айтып берді. Оның айтуынша, бұл жоба шетелдегі қандастардың шығармашылығын Қазақстан оқырмандарына таныстыруды көздейді.
Кітап авторы Сұлтан Таукейдің айтуынша, қазақтардың Моңғолиядағы тұрмыс-тіршілігі мен тарихын моңғол оқырмандары түсіну үшін кітапты моңғол тілінде жазғанын айтты.
Сөз соңында автор Отандастар қорына өз алғысын білдіріп, Қор жұмысына сәттілік тіледі.
Тұсаукесер барысында Абзал Сапарбекұлы Сұлтан Тәукейге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі куәлігін тапсырды.