KAZNEWS – Моңғолияның Азық-түлік, ауылшаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп вице-министрі Сәуле Жәнімханқызы АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында ол АҚШ Сауда министрлігінің Сауда экономикалық саясат бөлімінің басшысы Эдвард Грессер мен және АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Алан Терлимен кездесті.
Кездесуде екі ел арасындағы сауда айналымын арттыру, жүн, түбіт және косметикалық өнімдерін сатуға қолдау көрсету, ауылшаруашылығы мен қарқынды мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөнінде мәлелер талқыланды.
АҚШ тарабы Моңғолияның 3500 түрлі тауарына сауда жеңілдіктерін қолдану, аталмыш елдің озық техник, технологияларын еңгізу, екі елдің кәсіпкерлерін өзара алмасу арқылы бизнес ортамен тәжірибе алмасуға мүмкіндік бар екенін айтты.