KAZNEWS – 2020 жылғы Парламент сайлауын ұйымдастыру шығын мөлшері өткен сайлау шығынынан 12,6 млрд төгрөгпен өскен. Бұл туралы Ийглньюс хабарлады.
2020 жылғы Парламент және жергілікті жер сайлауын ұйымдастыруға 43 млрд төгрөг бөлінген. Оның 24,3 млрд төгрөгі алдағы Парламент сайлауын өткізуге жұмсалады.
Сайлау ұйымдастырудағы шығын мөлшерінің өсуіне бірнеше жағдайлар әсер еткен. Атап айтсақ, сайлау учаскелерінің саны қосылуына және сайлау жасындағы халық саны 112,6 мыңмен өскеніне байланысты. Сондай-ақ, төмеңгі еңбекақы 420 мың төгрөг болып өсуіне байланысты сайлау комиссияларында жұмыстайтын қызметкерлердің айлығы шығынның қосылуына себепкер болған.
ОСК-ның Заң бөлімінің басшысы Д.Бат-Эрдэнэ: «Сайлау шығынының басым бөлігі ұйымдастыру жұмысынан қатысатын 36 мың мемлекеттік қызметкерге бөлінеді. Олар 1-2 айлық уақытында жұмыстап, ақшалай еңбекақы алады. Сонымен қатар дауыс санау машинасының және бюллетеньдерді басып шығару шығындары бар. Сайлау бюллетеньдерін басып шығаруға баспаханаларға ерекше талап қойылады» -деді.