Денсаулық сақтау министрлігінің кезекті баспасөз маслихатында Жұқпалы ауруларды зерттеу жөніндегі ұлттық орталығының директоры Д.Нямхүү мәлімет берді.
Оның айтуынша: «Өткен тәулікте Моңғолия бойынша барлығы 517 адамнан сынама алынған. Оның 504 адамынан коронавирус жағдайы анықталған жоқ. Ал, 26, 27 мамырда Ресейден келген 13 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
26 күні Мәскеуден Улаанбаатарға ұшақпен келген 170 адамнан екінші реткі тестілеуден кейін бір студенттен коронавирус табылған.
Кеше Алтанбулаг бекетімен келген 340 адамның 12-сі коронавирус жұқтырған. Олардың көбі 17-20 жас аралығындағы бірінші курс студенттері.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 161 ге жетіп, ауруынан айыққандар саны 43 болды.