Connect with us

Моңғолияда

Моңғолия қазақтарының IV кіші құрылтайы өтті

Published

on

7 шілде, KAZNEWS. Моңғолияның Баян-Өлгий қаласында Моңғолия қазақтарының IV кіші құрылтайының бөлігі өтті.

Құрылтайға Баян-Өлгий аймағы әкімі Камелият Ахмедияұлы, аймақтық Азаматтық Өкілдері Хуралының төрағасы Қабыл Шәрівұлы, аймақ әкімінің орынбасары Арман Қуанғанұлы және ақын жазушы, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Арнайы қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Қазақстан Респуликасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ғабит Қойшыбаев, Қазақстан Республикасының Сенат депутаты Ғадиасқар Сарыбаев, Мәжіліс депутаты Болат Керімбек, Үнзила Шапақ, Нұргүл Тау, Жарқынбек Амантай, ЕҰУ профессоры, дипломат Сайлау Батырша, Түркияның Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдуақап Қара, Қазақстан Респуликасының Моңғолияда елшілік қызмет атқарған Қалыбек Қобландин қатарлы азаматтар қатысты.

Мақсаты – шеттегі қандастардың түйткілді мәселесін анықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болып табылады.

Моңғолия қазақтарының IV кіші құрылтайын ашып Баян-Өлгий аймағының әкімі Камелият Ахмедияұлы ашып сөз сөйлеп, аймақтық Азаматтар Өкілдері Хуралының төрағасы баяндама қойды.

Құрылтайда сөз алған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласын жеткізіп, “Құттықтау хат”-ын Отандастар қорының президенті Абзал Сапарбекұлына табыс етті.

Отандастар қоры президенті Абзал Сапарбекұлының Моңғолия қазақтарының IV кіші құрылтайында сөйлеген сөзінен үзінді ұсынамыз.

Алтын бесік – Алтайдың арғы жағы мен бергі жағындағы ағайынның басын қосып отырған алқалы жиын – кіші Құрылтайдың ашылуы құтты болсын!

Бауырлас Моңғол елін ен жайлап жатқан Өздеріңізбен кездесіп отырғаныма айрықша қуаныштымын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Моңғолия Республикасының Президенті Ухнагийн Хүрэлсүхтың Құрылтайға арнайы құттықтауларын жолдап отыруы да кездесуіміздің мәртебесін арттыра түсуде. Бұл үшін екі елдің Мемлекет басшыларына ерекше құрметіміз мен алғысымызды білдіреміз.
Бүгінгі басқосуымызда да келелі кеңес болып, бағалы бастамалар мен ұтымды ұсыныстар, тың идеялар мен озық ойлар ортаға салынатынына сенімдімін.

Жиын Қазақстан-Моңғолия дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына орай өткізіліп жатыр.

Бүгін екі ел арасындағы достық, дипломатиялық, парламентаралық, мәдени және этносаралық байланыстармен қатар, Моңғолиядағы қазақ мәдени ұйым басшылары мен зиялы қауым өкілдерінің, қоғам белсенділері мен қайраткер қандастарымыздың ұсыныс-пікірлері мен өзекті ойлары талқыланатын болады.

Елге келіп орныққан қандастарымыздың арасында әйгілі ақындар, әншілер, жазушылар, айтыскерлер, ғалымдар бар. Кәсібін дөңгелентіп, ел экономикасына үлесін қосып жүрген іскер азаматтар да мол. Ел басқару ісіне араласып, Парламент депутаты ретінде елдік істерге ұйытқы болып жүрген қайраткерлер де баршылық. Олардың бірқатары осы делегация құрамында сапарлап келіп отыр. Екі елдің арасында алтын көпір болып, қайраткерлік танытып жүрген осынау тұлғалардың атын атап шығудың өзі біраз уақытты алады. Олардың есімі мен ісіне Өздеріңіз жақсы қанықсыздар.

Қазіргі таңда қандастармен байланысты жүйелі жолға түсіру, қолдау жүйесін енгізу мақсатында мемлекеттік деңгейде маңызды құжаттар дайындалып жатыр. Мемлекет тарапынан қандастарымыздың елге келіп кедергісіз кәсіп істеуіне жол ашатын «Ата жолы» картасы қолданысқа енгізілгенінен хабардарсыздар.

Әлемнің қай түкпірінде болсын қазақты қазақ етіп тұрған – ана тілі, ата дәстүрі және кең пейілі мен бауырмалдығы. Біз осы қасиетімізден айнымауымыз керек. «Бар қазақ – бір қазақ» болып тұтасып, бірлікте болсақ, шығар биігіміз көп болады.

«Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деген ұлы Абай өсиеті әрдайым әрқайсымыздың қаперімізде болуға тиіс. Біздің бастамаларымыз бен жобаларымыздың барлығы да осыған бағытталған.

Ендеше, бүгінгі алқалы жиынымыз – Құрылтай жұмысына сәттілік тілеймін.

Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды

Published

on

Моңғолия Премьер-Министрінің өкімі бойынша Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлын тағайындады. Бұл туралы Казньюс ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңадан сайланған Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралының 28 қазан күнгі алғашқы мәжілісінде аймақтың жаңа әкіміне Заңғар Есентайұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия Премьер-Министріне ұсынған болатын.

Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін екі рет аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты әрі аймақтық Демократиялық партия басшысы болған, Самал компаниясының директоры болып жұмыс жасаған Заңғар Есентайұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды.

Continue Reading

Моңғолияда

Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Published

on

Моңғолияға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
✔️Үкімет үйі алдындағы Сұхбаатар алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
✔️Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
✔️Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды

Published

on

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев төмендегідей құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Continue Reading

Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды

Published

on

Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралының төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды.

Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партия бастығы Бегарыс Алданышұлы 1992 жылы Баян-Өлгий аймағының Толбо сұмынында дүниеге келген.
2010 жылы Өлгий қаласындағы жалпы білім беретін Бастама мектебін, 2015 жылы Ғылым, технология ұлттық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдап, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сәтбаев университетінде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Бегарыс Алданышұлы 2017-2021 жылдары «Назар Авто» компаниясының атқарушы директоры болса, 2021 жылы «Мөстийн Ундарга» компаниясының директоры қызметін жалғастыруда.
2010 жылдан Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партияның мүшесі, 2016 жылы Демократиялық партияның комитетінің мүшесі, 2016-2020 жылдары Демократиялық партия комитетінің басқарма мүшесі, 2023 жылы аймақтық Демократиялық партияның бастығы қызметін атқаруда.
Естеріңізге салсақ, Бегарыс Алданышұлы аймақтағы ең ірі «Happy Town» тұрғын кешенін тұрғызған іскер азамат.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда

Exit mobile version